Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары



бет289/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен басымдықтары Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту. Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді: 1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы. 2. еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету. 3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау. 4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау. 5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру. 6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.

III. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі принциптері Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар үддесіне орай іске асырылуы қажет: - жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; - өркендеу мен жаңашылдық; - тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл; - жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту; - жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас; - жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау. Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс. Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет