Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Тәуелсіз Қазақстан үшін халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің маңызы: Қадырғали Қасымұлы Жалайридің еңбегі



бет293/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Тәуелсіз Қазақстан үшін халықтың ауызша тарих айту дәстүрінің, шежіренің маңызы: Қадырғали Қасымұлы Жалайридің еңбегі

Сондай-ақ тарих ғылымында деректану (орысша источниковедение) сынды қосымша пәннің де бар екенін айта кету керек. Тарихнама тарихты ғылыми тұрғыда түсіндіру мен бағалауды, басым көпшілігінде, тарихты баяндау мен тарихи зерттеулердің нәтижелерін бағалауды білдірді және ол өзінің жазбаша сипатымен айқындалады. Әлемді түсінудің батыстық парадигмасында жазбаша тарихнама антикалық замандағы тарихтың атасы саналатын Геродот пен Фукидидтен бастау алады. Ал ауызша тарихи шежірелер мен аңыздар күні бүгінге дейін ғылыми тарих ретінде мойындалмай келеді. Дегенмен тарихтың тарихнамадан (жазба тарихтан) бұрын басталатыны баршамызға мәлім.

«Тарихнама ең алғашында ауызша тарихи-шежіре, аңыз түрінде басталып, жазба тарих кейін келе, жарыққа шығып, кемелденіп отырған. Жер жүзіндегі ең ежелгі марқа мәдениеті, бағзы заманнан үзілмей келе жатқан жазба та- рихы бар жұғоның (қытайдың) да шияшаң дәуірінен бұрынғы хуаңди, янди жөніндегі деректері тарихи аңызертегілерден басталады. Ежелгі Египет, Индия, Иран, Грек тарихтары да осындай»

Тарихи ертегілер, жырдастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, әпсаналар, қария сөз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Расында да дәстүрлі қазақ мәдениетінде, оның ауызекі төл әдебиетінде үлкен тарихи деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келеді. Қазақ шежірелерінің тарихи мәліметтерін сыни көзқарас тұрғысынан тексеру, нақты ғылыми тәсілдермен шындыққа сәйкес келетін ақиқатын анықтау, қажетінше ғылыми айналымға енгізу – мемлекет, ұлт және мәдениет та- рихын деректік тұрғыда зерттеуді жаңа деңгейге көтеретін келелі мәселе.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет