Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


Уақытша үкіметке қызмет етуге келіскен зиялылардың көзқарастары



бет86/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   354
Байланысты:
100 сұрақ

Уақытша үкіметке қызмет етуге келіскен зиялылардың көзқарастары

Уақытша үкімет қайшылықты, әлжуаз билік екендігін, ал қайсыбір қоғамдық мәселелерді шешуге келгенде патша үкіметінің тікелей мұрагері болғандығын, әсіресе жер саясаты анық көрсетіп берді. Жеңіске дейін соғысу саясатын жүргізе отырып, ол екі бірдей оттың ортасында қалды. Бір жағынан, үкімет соғыс жағдайында әскерді және ішкі сұранысты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін шаруалардың талап-тілегімен аз да болса есептесуге мәжбүр болса, екінші жағынан, ол орыс буржуазиясы мен билеуші топтарының үкіметі бола отырып, жер мәселесін демократиялық негізде біржола шешуді Құрылтай жиналысына қалдырды.

Уақытша үкіметтің жергілікті орындардағы жер саясаты қандай күйде еді? Бұл ретте ең алдымен көзге ұратын жағдай — Уақытша үкіметтің қазақ облыстарындағы жер мәселесінде ескі үкіметтің саясатын кішкене де болса өзгертуге құлықсыздық танытқандығы. Анығырақ айтқанда, ол бұл салада патшалық биліктің мұрагері еді. Мұны неден байқауға болады? 1) Уақытша үкімет революцияға дейінгі қазақ облыстарындағы жер мәселесінен жақсы хабарлар бола отырып, революциядан кейінгі уақытта өткен облыстық қазақ съездерінің ішкі Ресейден орыс шаруаларының қазақ жеріне қоныс аударуына шек қою, переселен мекемелерін жою, сөйтіп, жер мәселесін белгілі бір жүйеге келтіру туралы өтініштеріне құлақ аспады.

Мұндай сипаттағы саясатты жүргізудегі мақсат патша үкіметінің Қазақстан сияқты шет аймақтардағы отарлау саясатында қол жеткен жетістіктерді біржола бекіте түсу, сол арқылы империялық үстемдіктің жаңа түрін қамтамасыз ету еді.

Сонымен, қорыта айтқанда, Уақытша үкімет және оның жергілкті мекемелері жер мәселесін Құрылтай жиналысына қалдырғанымен, шын мәнінде ашықтан-ашық отарлау саясатын ұстанды, ал Орталық Переселен басқармасы бастаған ескі патша чиновниктері бұрынғы билік тұсында істеп үлгермеген істерін Құрылтайға дейін орындап алуға тырысты. Әрине, қазақ демократиялық интеллигенциясының Уақытша үкіметтің жер саясатына көзқарасы, ақпан және қазан революциялық өзгерістері аралығында бір күйде болды десек қателікке ұрынар едік. Егер олар шілде оқиғалары дәне шілдедегі бірінші жалпықазақ съезіне дейін жер мәселесін жаңа билік шеңберінде, Құрылтай жиналысы арқылы шешуге сенімді болса, жағдай мүлдем шиеленісіп кеткен 17-жылдың екінші жартысында бұл мәселенің біржола шешілуін ұлттық мемлекеттік дербестікпен байланыстыра қарады. Ә. Бөкейханов 1917 жылғы көктемде Торғай облысында болған жер дауларына жиі араласып, қазақтарға басу айтып, тек заңдық негізде ғана әрекет жасауды қатаң түрде талап етеді Шілде айынан бастап Ә.Бөкейхановтың жер және басқа қоғамдық мәселелерге байланысты көзқарасы принціптік өзгерістерге ұшырайды. Оған себепші болған, біріншіден, Уақытша үкіметтің жалпы империя көлеміндегі саяси процестерді игеру қабілетінің күн өткен сайын төмендеуі болса, екіншіден, өз құрамына енген кадеттер партиясы мен мақсат-мүддесі айқындала түскен ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі принціптік мәселелерде өзара жітінің алшақтай түсуі еді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет