Жылы Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (туғанына 1150 жыл) еңбектерінің Тәуелсіз Қазақстанда бағалануы


«Алаш» және «Үш жүз» (1917 ж.) партияларының мақсаттары



бет87/354
Дата09.05.2022
өлшемі1,03 Mb.
#33698
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   354
«Алаш» және «Үш жүз» (1917 ж.) партияларының мақсаттары

уш жуздин мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды. Үш жүз партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, ал орталық комитет құрамына Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.

Үш жүздің бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса Үш жүз заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. Үш жүз 1917 жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Тоғысов басқарды. К. Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Партия Кеңес өкіметіне сенім білдірді.

Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды. Алаш партиясының сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Үш жүз партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады. Әлеуметтік құрамы: Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жәмшіктерді, бақташыларды біріктірді.

Алаш партиясының мақсаты – тәуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру. Үш жүз партиясының мақсаты – түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын, Түркістан Федерациясын құру.

«Үш жүз» партиясы — Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында дүниеге келген ұлттық-саяси ұйым. «Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады. Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. 1917 ж. қараша-желтоқсаны күрт тербеліс, шатасқан және қарама-қайшы шешімдер қабылдау кезеңі болды. Оның қызметі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, Қазанның азаттық идеяларының ықпалы арқылы ұсақ-буржуазиялық революциялық-демократиялық ұйым ретінде пайда болды және қалыптасты. Осы кезеңде оның төрағасы М. Әйтпенов болды. Ол түркі-татар халықтарының мүдделерін қорғауды ұсынды. Тарих ғылымдарының докторы В. Григорьевтің мәліметінше, партия саны шамамен 1000 адам болған, оның ішінде Омбы қаласында — 450 адам, Петропавлда — 200 адам. Оның әлеуметтік құрамы: мұғалімдер, оқушылар, фельдшерлер, мекеме қызметкерлері, сондай-ақ ұсақ малшылар, шаруа-егіншілер, бұталар, жұмысшылар өкілдері. Оған феодалдық-бай шыңының кейбір өкілдері уақытша мүше болды.Екінші — ұзақ кезең-қаңтар айынан 1918 жылдың ортасына дейін, бұл кезеңде партия Қ. Төгісовтың басшылығымен кеңес өкіметіне жақындады. "Үш жүз" қазақ социалистік партиясының бағдарламалық тезистері 1917 жылы 24 желтоқсанда "үш жүз"газетінде жарияланды. Жалпы олар шашыраңқы болды, оларда большевиктер партиясының бағдарламасымен сәйкестік аз болды. Бірақ олар еңбекшілердің талаптарын бейнелейтін бірқатар демократиялық тармақтардан тұрды:

• Империалистік соғысты дереу тоқтату.

• Соғысушы елдер арасындағы аннексия мен контрибуциясыз бейбіт келісңм .

• "Алаш-Орда" партиясының контрреволюциялық қызметін соттау.

• Ресей құрамында Қазақстан-Орта Азия автономиясын құру.

• Ресейде түркі-татар автономиясын құру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   354




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет