1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысты қазақ зиялыларының саяси көзқарастарындағы ортақтық пен өзгешеліктерді талдаңыз.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
6. Орыстандыру саясаты.
Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.
Қазақ қоғамында патшаның жарлығы мен көтеріліске көзқарас бір мәнде болған жоқ: байлардың үстем топтарының белгілі бір бөлігі, сондай-ақ «бұратаналық әкімшілік» дейтіннің шенеуніктері «реквизиция туралы» пат-ша жарлығын сөзсіз қолдады және оны басты жүзеге асырушылар болды; қазақ зиялыларының батыл өкілдері (мысалы, Тоқаш Бокин, Жаңабай Ни-язбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Әліби Жангелдин, Сейітқали Мендешев, Бәймен Алманов және басқалар) патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыкка шакырды, ал «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал-демократияшыл зиялылардың жетекшілері (А.Байтұрсынов, Ә.Бекейханов, М.Дулатов және басқалар) патша әкімшілігін адам алуға асыкпауға, қайта әуелі дайындық шараларын жүргізуге көзін жеткізуге талай рет әрекет жасады. Сонымен бірге олар қарусыз халық патша өкіметінің аяусыз жазалау шараларының кұрбанына айналады деп орынды санап, жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. «…Патшаның жарлығы – Акиқат және оған қарсы пікірлер болмауы керек, — делінген «Қазак» газетінің 1916 жылғы 6 шілдедегі бас мақаласында, — …жалтару жеңіл ойлылық болады, өйткені бұл халық үшін күйзеліс әкеледі. Қазір — соғыс уакыты, тәртіп катал; жасырынғандарды іздеуге отряд жіберіледі, ол шаруашылықтың күйзелуіне әкеп соғып, отбасына бақытсыздық әкеледі…Нақ осы газет 1916 жылғы 11 тамыздағы нөмірінде А.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың атынан алаш арасында бұйрықты ешқандай қарсылықсыз іске асыруды жақтады. Сонымен бірге олар аңғалдықпен, егер қазақтар тыл жұмыстарына қатысса, соғыста жеңгеннен кейін олар өз жағдайын жеңілдетуге және автономия алуға үміт ете алады деп санады. Осының бәрін, ал ең бастысы — қазақ халқының дәрменсіздігін, қорғансыздығын көрген біз халыққа өкімет орындарына қарсыласпауға кеңес бермекші болып ұйғардық өйткені шайқастың тең болмайтынына, қазақ даласы қанға бөгетініне, қазақ халқы орны толмас қасіретке ұшырайтынына сенген едік, кейбір жолдастар қазір ұлттық қазақ зиялылары сол кезде көтеріліске басшылық ете алмады деп жүрді, бірлесе әрекет етіп, патша өкіметінің ізіне еріп кетті және т.б. деседі. Менің ойымша, сол кездегі мән-жаймен, шын жағдаймен жақсы таныс болған адам мұны айтпас еді.
Достарыңызбен бөлісу: |