20-бап. Жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері 1. Жылу энергиясын тұтынушының:
1) жылумен жабдықтаудың сапасы, тарифтер, бағалары, ақы төлеу тәртібі, жылу энергиясын тұтыну режимдері туралы ақпарат алуға;
2) шартқа сәйкес өзінің міндеттемелерін орындау кезінде оның құқықтарын бұзу саларынан келтірілген залалдың өтелуіне;
3) нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жылу желісіне қосылуды жүзеге асыруға;
4) жылу энергиясын шарттарда және нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген көлемде және сапада алуға;
5) тұтынылған электр энергиясы үшін аванстық төлемді және коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін ескере отырып жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ауаның сыртқы нақты температурасын ескере отырып қайта есеп айырысуды алуға;
6) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілері бойынша тексеру жүргізу үшін не сотқа шарттарды жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін жүгінуге;
7) өзінің жылу тұтынуын реттеуге;
8) жылу ағынын автоматты басқару жүйесін орнатуға құқылы.
2. Жылу энергиясын тұтынушы:
1) жылумен жабдықтаушы ұйыммен жылу энергиясын жабдықтауға арналған шартты жасасуға;
2) жылумен жабдықтау шартының және нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
3) жылу тұтыну жүйелерін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге;
4) тұтынушылардың меншігіндегі энергия қондырғыларын және коммерциялық есепке алу аспаптарын тиісті техникалық жай-күйде ұстауға, жылу энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес олардың техникалық жай-күйіне қойылатын талаптарды орындауға;
5) жылумен жабдықтау шартында айқындалған жылу энергиясын тұтыну режимдерін сақтауға;
6) жасалған шарттарға сәйкес босатылған, тұтынылған жылу энергиясы үшін уақтылы ақы төлеуге;
7) өзінің жылу тұтынатын қондырғыларына, жылу желілері мен коммерциялық есепке алу аспаптарына қызметтік міндеттерін орындау кезінде тиісті куәлікті ұсынған жағдайда жылу өндіруші, жылу беруші және жылумен жабдықтаушы ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ энергия қондырғыларының техникалық жай-күйін және қауіпсіз пайдалануын тексеруді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган қызметкерлерінің қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
8) жалпы үлес меншігі құқығында оған тиесілі үйге ортақ жылу желілерін, үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары мен жабдығын тиісті техникалық жай-күйде ұстауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.