18-бап. Жылу энергиясыкөздерін, жылу желілерін жөндеуге және пайдаланудан шығару Жылу энергиясы көздерін, жылу желілерін жөндеуге және пайдаланудан шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады.
4-тарау. Жылу өндіруші, жылу берушщі, жылумен жабдықтаушы ұйымдардың және жылу энергиясын тұтынушылардың қатынастары 19-бап. Жылу өндіруші, жылу беруші және жылумен жабдықтаушы ұйымдардың құқықтары мен міндеттері 1. Жылу өндіруші, жылу беруші және жылумен жабдықтаушы ұйымдардың:
1) жылумен жабдықтау және жылу энергиясын сатып алу-сату шарттарын жасасуға;
2) жылумен жабдықтаудың технологиялық процесінде іркілістерге алып келген тұтынушының жылу тұтынатын қондырғыларының, жылу желілерінің жұмысында бұзушылықтар болған жағдайда залалды толық өтеуді талап етуге;
3) осы Заңда белгіленген жағдайлар мен мерзімде тұтынушыларды жылу энергиясымен жабдықтауды шектеуге немесе тоқтатуға;
4) тұтынушыға тиесілі жылу тұтынатын қондырғыларға, жылу желілеріне және коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге құқығы бар.
9. Жылу өндіруші, жылу беруші және жылумен жабдықтаушы ұйымдар:
1) жылу энергиясына тарифтер өзгерген кезде тұтынушыны заңнамада белгіленген тәртіппен жазбаша немесе бұқаралық ақпарат құралдарында хабардар етуге;
2) шарттың талаптарына және нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес жылу энергиясымен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етуге;
3) тұтынылған электр энергиясы үшін тұтынушылармен аванстық төлемді және коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін ескере отырып жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде, сондай-ақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ауаның сыртқы нақты температурасын ескере отырып, қайта есеп айырысуды жүзеге асыруға;
4) уәкілетті органның сұранысы бойынша осы заңда белгіленген талаптарды орындау жөніндегі есептілікті сұраныс алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кейінгі мерзімде ұсынуға;
5) тұтынушыларды заңнамада белгіленген тәртіппен жылу желілеріне қосуға техникалық шарттар беруге;
6) техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.