Жылу алмасу – жақсы қызған денелерден нашар қызған денелергежылуды апарудың қайтымсыз процесі.
Жылу (жылу саны) – жылу алмасу процесінде денеге берілетін немесе денеден алынатын энергия санымен анықталатын жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы.
Жылу мөлшері - жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады. Q әрпімен белгіленеді. Жылу мөлшері ішкі энергия өзгерісінің өлшемі бола тұрып, дененің температурасына байланысты. Қыздыру барысында судың температурасын t 1-ден t 2-ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса, онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет. Жылу мөлшері - физикалық шама және ол температураның t 1-ден t 2-ге дейінгі өзгерісіне пропорционал, яғни Q~(t2-t1). Егер дененің температурасы жоғарыласа, онда ол дененің қандай да бір жылу мөлшерін алғанын, егер төмендесе, онда жылу шығарғанын көрсетеді.
Жылу тасығыш – жылуды апару үшін қолданылатын қозғалатын орта (газ, бу, сұйық).
Жылуды беру – екі жылутасығыш арасындағы жылуалмасу.
Жылуалмасу процестеріне жылуды алып келу немесе алып кету жылдамдығымен анықталатын технологиялық процесер жатады. Оларға: қыздыру, буландыру, суыту және конденсация. Аталған процестер жүретін аппаратар жылу алмасу аппараттары деп аталады.
Қыздыру - материалдарға жылуды алып келу жолымен олардың температурасын көтеру процесі. Тамақ технологиясында ыстық сумен немесе сулы бумен, оттық газбен және электр тогымен қаныққан басқа да сұйық тасушылармен қыздыру әдістері кеңінен тараған. Бұл мақсаттар үшін әртүрлі құрылымды жылуалмасу аппараттарын қолданады.
Буландыру – сұйыққа жылуды алып келу жолымен оны буға айналдыру процесі. Сұйық қайнау кезінде тиімді буланады. Тамақ технологиясында суды тұщыту, ерітінділерді концентрациялау және т.б. қолданады. Буландыру буландырғыштарда жүреді. Суды тұщыту үшін қолданылатын аппаратарды тұщытқыш, ал ерітінділердің концентрациясын көтеру үшін қолданылатын аппарататрды бушықтыру аппараттары деп атайды. Суыту – материалдан жылуды алып кету жолымен оның температурасын төмендету процесі. Тамақ технологиясында 15-200С дейін газдарды, булрды және сұйықтарды суыту үшін су мен ауаны қолданады. Ал өнімдерді төмен температураға дейін суыту үшін төмен температуралы хладагенттерді қолданады.