ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР
Жұмыстық дене (газдың) күйінің кез-келген өзгерісі негізгі параметрлердің () өзгерісімен сипатталады. Қоршаған ортамен өзара әсерлесу нәтижесінде жұмыстық дененің күйінің үздіксіз өзгерісін термодинамикалық процесс деп атайды. Тәжірибелік маңызы бар термодинамикалық процесс болып негізгі параметрлерінің біреуі тұрақты болып қалатын немесе сыртқы ортамен жылу алмасусыз (=0) орындалатын процесстер есептеледі. Мұндай процесстер төртеу: изохоралық, изобаралық, изотермиялық және адиабаттық. Бұлар политропалық процесстің дербес түрлері болып саналады.
Термодинамикалық процесстер күйінің параметрлерін өзара байланыстыратын математикалық теңдеулермен өрнектеледі. Сондықтан да оларды зерттеу кезінде идеал газдардың күйінің теңдеуі мен термодинамика бірінші заңының математикалық өрнегі пайдаланылады.
Термодинамикалық процесстерді зерттеу барысында төмендегілер анықталады:
процесстің теңдеуі, оның диаграммасындағы сызба бейнесі;
негізгі күйі параметрлерінің арасындағы байланысы;
жұмыстық дененің (газдың) ішкі энергиясының өзгеруі () және ұлғаю жұмысы ();
жұмыстық денеге (газға) берілген немесе алынған жылу () мөлшері;
процесстің диаграммасындағы сызба бейнесі.
1. ИЗОХОРАЛЫҚ ПРОЦЕСС
Жұмыстық дененің (газдың) үлесті көлемі тұрақты болып қалатын процессті изохоралық процесс деп атайды. Оның теңдеуі . диаграммасында изохоралық процесс ординат өсіне параллель сызықпен бейнеленеді. Газ күйінің теңдеуінен:
,
яғни газдың қысымы оның абсолют температурасына тура қатынасты болады:
1-сурет Изохоралық процесстің және диаграммасында бейнеленуі.
Бұл процессте болғандықтан газ ұлғаюының жұмысы да нөлге тең (). Сондықтан, термодинамиканың бірінші заңына сәйкес жұмыстық денеге (газға) берілген жылу түгелдей оның ішкі энергиясын өзгертуге жұмсалады.
(1)
Бұл процесстегі энтропияның өзгеруі мына формуламен анықталады:
(2)
Достарыңызбен бөлісу: |