«жылу техникасының теориялық негіздері» ПӘнінен практикалық сабақтар



бет1/21
Дата28.11.2023
өлшемі136,37 Kb.
#130593
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
№1 практикалыќ ЖЎмыс-emirsaba.org


№1 практикалыќ ЖЎмыс

«ІТ–ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІН МЕХАНИЗАЦИЯЛАУ» ФАКУЛЬТЕТІ


«ЭНЕРГИЯНЫ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ АВТОМАТИКА» КАФЕДРАСЫ


«ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН
ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
АЛМАТЫ
1 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ


ТЕРМОДИНАМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ. НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ.
Газдардың күй қалпының негізгі параметрлері болып: қысым, температура және үлесті (меншікті) көлем саналады. Газ күй қалпының параметрлері болып есептелінетін энтальпия h, энтропия s және ішкі энергия U калориялық күй қалпына жатады.
Қысым. Қысым деп жалпы дене беті ауданының өлшем бірлігіне оған перпендикуляр бағытпен әсер ететін күшке тең физикалық шаманы айтады. Газ қысымы деп, газ орналасқан ыдыстың ішкі жақтау бетіне үнемі қозғалыста болатын молекулалардың соққыларының орташа нәтижесін айтамыз. Ол мына теңдеу арқылы анықталады:
P= (1)
мұндағы -газдардың көлем бірлігіндегі молекулалардың саны;
-бір молекуланың массасы;
-молекулалардың ілгерілемелі қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы.
Халықаралық өлшемдер бірлігі бойынша қысым Паскальмен өлшенеді

Сонымен, 1 Па дегеніміз 1Н күштің 1 м2 ауданға нормаль бағытпен үлестірілуі. Қысымның бұл өлшем бірлігі шама жағынан өте аз болғандықтан, әдетте оның туынды өлшем бірліктері қолданылады


1кПа=103Па; 1МПа=106Па; 1ГПа=109Па.
Температура. Газдардың молекулалы - кинетикалық теориясына сәйкес температура, жұмыстық денедегі бөлшектердің ілгерілемелік қозғалысының кинетикалық энергиясына пропорционал:
(2)
мұндағы =1,380662·10-23 , Больцман тұрақтысы.
(2) теңдеуімен анықталған температура термодинамикалық деп аталады. Сонымен температура жылулықтың қозғалыс қарқындылығының өлшемі. Параметр ретінде дененің жылылық күй қалпын сипаттайды.
Абсолюттік температура () термодинамикалық шкала бойынша абсолюттік нөлден басталады. Өлшем бірлігі Кельвин (). Градус Цельсиямен () арақатынасы:
,
Температураны өлшеу үшін сұйықтық термометрлер, температуралық жұп (термопары), пирометрлер мен басқа да аспаптар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет