2. КЕРІ ҚАЙТЫМДЫ КАРНО ЦИКЛІ
Бұл цикл тоңазытқыш машиналарының идеалды циклі. Кері қайтымды Карно циклінің бейнесі 4.5- суретте келтірілген.
2-сурет Кері қайтымды Карно циклының және - диаграммаларындағы бейнесі.
Цикл тура қайтымды Карно цикліне ұқсас, бірақта жұмыстық дененің күйі сағат тілі бағытына қарама-қарсы бағытта өзгереді.
Алдымен, жұмыстық дененің температурасы -ден (1-нүкте) -ге (4-нүкте) дейін төмендеп, газ 1-4 бағытымем адиабатты ұлғаяды. Келесі, изотермалық ұлғаю барысында, суытқыш көзінен температурасы тұрақты () шамасына тең жылу алады. Алдымен 3-2 бағытымен адибатада, одан соң 2-1 бағытымен изотермада сығылғаннан кейін газ өзінің алғашқы күйіне қайтып оралады. Адиабаталық сығылу процессінде жұмыстық дененің температурасы -ден (3-ші нүкте) -ге (2-ші нүкте) дейін жоғарылайды.
Изотермалық сығылу процессінде температурасы -ге тең жұмыстық денеден, сығылу жұмысына пара-пар жылу, 2-1 бағытымен алынады. Сонымен, кері қайтымды циклдің барысы нәтижесінде, жылу салқындық көзінен жылу көзіне ауданы - пара-пар сырттан жұмсалған жұмыс арқылы ауысады.
Кері қайтымды Карно циклінде тоңазытқыш коэффициенті келесі теңдеумен анықталады:
(9)
(9) теңдеуінде көрсетілгендей, тоңазытқыш коэффициенті –температурасы төмендеп, температурасы жоғарыласа, көбейеді.
3. ТЕРМОДИНАМИКАНЫҢ ЕКІНШІ ЗАҢЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Термодинамиканың бірінші заңы энергияның екі түрімен берілуі сияқты жылу пен жұмысқа баламалылы ауысуын анықтайды. Бірақта бұл заңда жылу мен жұмыстық түрлену шарттары жайлы ешнәрсе айтылмайды.
Соған қарамастан, егер механикалық жұмыс жылуға ешқандай шартсыз айналуы мүмкін болса, ал жылудың жұмысқа айналуы қыздырғыш пен суытқыш көздерінің болуы, газдың ұлғаюы сияқты арнайы шарттарды талап етеді.
Одан бөлек, тіпті Карно циклінде берілген жылудың бір бөлігі ғана () жұмысқа айналып, қалған бөлігі () суытқыш көзіне беріледі.
Аталған жағдай термодинамиканың екінші заңының маңызын өрнектейді.
Термодинамиканың екінші заңының бірнеше тұжырымдамасы бар, олар:
Жылу суық денеден қыздырылған денеге тектен-текке өзінен-өзі өтемсіз ауыспайды (Р. Клаузиус анықтамасы).
Айналмалы процессте жұмыстық денеге берілген жылу түгелдей жұмысқа айналмайды.
Жылуды жұмысқа айналдыру үшін тек қана қыздырғыштың болуы жеткіліксіз. Оған қоса төмен температуралы суытқышта болуы керек, яғни температура айырмашылығы болуы қажет.
Температурасы барлық бөліктерінде бірдеи жылу көзінен алынған жылу арқылы периодты (кезеңмен) жұмыс істейтін қондырғы жасау мүмкін емес (Томсон анықтамасы).
1 есеп. Қысымы Р=0,8 МПа, ал температурасы t=2500C 1 кг оттектің энтропиясын табыңыз (жылу сыйымдылық тұрақты).
Жауабы: S=0,0605 кДж/(кгК).
2 есеп. Қысымы Р=0,8 МПа, ал температурасы t=2500C 1 кг оттектің энтропиясын табыңыз. Жылу сыйымдылық пен температураның арасындағы тәуелділік түзу сызықты.
Жауабы: S=0,0739 кДж/(кгК).
3 есеп. Температурасы t1=1270C 1 кг оттектің көлемі 5 есе ұлғаяды (). Оттектің соңғы температурасы t2=270C. Жылу сыйымдылық тұрақты. Энтропияның өзгеруін табыңыз.
Жауабы: (S2 - S1) = 0,2324 кДж/(кгК).
№ 9 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Достарыңызбен бөлісу: |