Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары


Басқару объектісі мен субъектісі



бет3/5
Дата13.04.2022
өлшемі25,6 Kb.
#30924
1   2   3   4   5
Байланысты:
басқару психологиясы

3. Басқару объектісі мен субъектісі Ұйымның мәдениеті арнайы элементтерден тұрады. Бұл элементтер субъективті (ұйым мүшелерінің іс-әрекеттері мен қарымқатынастары туралы) және объективті (ісәрекеттердің материалдық жағы) болып келеді.

Субъективті элементтерге келесілер жатады: • Ұйымдық құндылықтар (экономикалық, саяси, технологиялық, әлеуметтік т. б. ). Құндылықтар материалдық, рухани, эмоциялық тұрғыдан ұйым мүшелерін ынталандырады. • Философия: ұйымда ең маңызды болған не? Деген сұраққа жауап іздейді. Философия ұйымды дамытады, басшылық стилін анықтайды, мотивация негіздерін алға тартады, персоналдық іс-әрекеттерін реттеп ұйымның имиджін қалыптастырады. • Салт: ұйымның салтын қалыптастырады. Мысалы зейнеткерлікке шығатын адамды салтанатты шерумен шығарып салу сияқты. • Нормалар және іс-әрекеттер стилі: адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды реттейді. • Лозунг: ұйымның негізгі міндетін қысқаша түрде білдіру. • Менталитет: ұйымның өзіндік менталитетінің қалыптасуы.

Ұйымның өмірі белгілі бір заңдарға бағынады. Бұл заңдар төмендегідей: • синергия заңы; • толығу заңы; • пропорционалдылықтың сақталу заңы; • композиция заңы; • өзін-өзі сақтау заңы; • ақпараттау заңы ; • онтогенез заңы; • жан-жақты болу қажеттілігі заңы (байланыс пен элементтер).

Синергия заңы: біртұтас бірігіп жабыла жұмыс атқарғанда белгілі бір элементтердің әлеуеті көтеріледі. Өйткені ол өзара көмектесу және толығуға негізделген. Жұмыла кірісіп атқарылған істе алып күштің пайда болуын синергия заңы деп атаймыз. Толығу заңы: ұйымның ішкі үрдістері мен функцияларының қарама-қарсы бағытта болу жағдайы. мамандандыру – универсализация, дифференциялау – интеграциялауды мысалға келтіруге болады. Бұл екі бағыттың да тиімді жақтарынан пайдалануға мүмкіндік береді.

Пропорционалдылықтың сақталу заңы: ұйымда тепе-теңдіктің сақталу заңы. Жұмысшылардың көп болуы немесе жетіспеушілігі ұйымды экономикалық шығынға ұшыратады. Композиция заңы: ұйымның барлық функцияларының міндеттері мен мақсаттарының ұйымның жалпы мақсатына бағынышты болуы. Өзін-өзі сақтау заңы: ұйым өзінің біртұтастығын сақтауы.

Ақпараттау заңы: ұйымды қаншалықты ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкін еместігін алға тартатын заң. Онтогенез заңы бойынша ұйымның негізгі 3 фазасы болады, олар: жалғасымды түрде өзгеру фазасы; қалыптасу фазасы және даму фазасы. Байланыс пен элементтердің жан-жақты болу заңы: ұйымның мықтылығын және нақтылығын қамтамасыз етеді.

Ұйымдардың құрылымдық жобаларын дайындаудың негізгі элементтері Ұйымның құрылымы ұйымдардағы әр түрлі бөлімдерде атқарылатын жұмыстардың түрлері мен рөлдерін көрсететін карта болып табылады. Ұйымның құрылымын жобалаудың негізгі элементтері төмендегідей: еңбек бөлінісі және мамандану; департаментизация; ұйымда байланыс және үйлестіру; бөлімшелердің көлемдерінің анықталуы.

Еңбекті бөлу 2 бағытта жүргізіледі: көлденең және тікелей. Көлденең еңбек бөлінісі тауар/қызмет өндірісінің кезеңі бойынша бөлінуі болып табылады. Тікелей еңбек бөлінісі тауар/қызмет өндірісінің иерархиялық тұрғыдан жүзеге асуы болып табылады.

Департаментизация: ұйымдарда арнайы қызметтердің топтастырылуын департаментизация деп атайды. Орталықтандыру – шешімнің бір орталықтан қабылдануы. Децентрализациялау – шешім қабылдау жауапкершілігінің төменгі деңгейдегі басшыларға берілуі немесе бөлінуі. Коммуникация және үйлестірілуі: ұйымға қатысты ішкі және сыртқы жұмыстарға байланысты іс-әрекеттердің байланысы және олардың үйлестірілуі. Бөлімшелер: бөлімнің мақсаты мен міндетіне қарай бөлімшелердің құрылымы анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет