Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары


Сыртқы орта туралы түсінік



бет5/5
Дата13.04.2022
өлшемі25,6 Kb.
#30924
1   2   3   4   5
Байланысты:
басқару психологиясы

5. Сыртқы орта туралы түсінік. Сыртқы ортаның маңызы және оның ұйым жұмысына әсері Джеральд Беллдің айтуы бойынша «Ұйымның сыртқы ортасы келесі элементтерді өз ішіне алады: тұтынушылар, бәсекелестер, мемлекеттік заңдылықтар, жабдықтаушылар, қаржы ұйымдары және т. б. » Ұйымға әсер ететін барлық факторларды келесі 2 топқа бөлу мүмкін: тікелей және жанама әсер ететін факторлар.

Тікелей әсер ететін орта ұйымның операцияларына тікелей, яғни бірден әсер ете алу қабілеттілігіне ие факторлар жиынтығы болып, оларға жабдықтаушылар, еңбек ресурстары, заң және мемлекеттік реттеу органдары, тұтынушылар және бәсекелестер жатады.

Жанама әсер ететін орта ұйымның операцияларына бірден әсер ете алмайды, бірақ оларға жанама әсерін тигізетін факторлар жиынтығы. Оларға халықаралық жағдайлар, экономика жағдайы, ҒТП, әлеуметтік, мәдени факторлар, саяси жағдайлар жатады. Мысалы, «Дженерал Моторс» фирмасына материалмен қамтамасыз ететін жабдықтаушылар, бағаны реттейтін және жұмысқа алу тәртібін реттейтін заңдар, тұтынушылардың қалаулары, бәсекелестердің негізгі әрекеттері.

Сыртқы орта мынадай мінездемеге ие: сыртқы орта факторларын ың өзара байланысы сыртқы ортаның күрделілігі сыртқы ортаның әрекетшілдігі сыртқы ортаның анықталмаған дығы

Күрделілік – бұл ұйымға әсер ететін факторлардың саны мен түрлілігі. Әрекетшілділігі – бұл ұйымның қоршаған ортасында болатын ортаға байланысты өзгерістердің салыстырмалы жылдамдығы. Сыртқы ортаның анықталмағандығы – бұл орта туралы ақпараттардың салыстырмалы саны. Егер ақпарат аз болса немесе оның дәл екендігіне күмән болса, орта анық болмайды. Сыртқы орта қаншалықты анық болмаса, соншалық тиімді шешім қабылдауда қиын болады.

Жүйелік жанасу көзқарасы мен алғанда, ұйым мен кірістерді шығуға айландыратын механизм. Кірістерге материалдар, ресурстар, құрал – жабдықтар, энергия, капитал және еңбек күші жатады. Бұл кірістерді қамтамасыз етуде фирма жабдықтаушыларға тәуелді болады.

Ұйымның дамуы үшін капиталда қажет. Қажетті капитал мен ұйымды қамтамасыз ететін инвесторларға банктер, акционерлер, облигацияларды сатып алушы тұлғалар жатады. Ұйымның жұмысы қаншалықты жақсы болса, соншалық оның жабдықтаушылар мен келісу мүмкіндігі жоғары болады. Ұйым өзінің мақсатына жету үшін, алдына қойған міндеттерді орындау үшін, керекті мамандықтарды мамандандырылған еңбек күшімен қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Заңдылықтардың жағдайы оның күрделілігімен ғана емес, ол оның әрекетшілдігімен, кей бір кездерде анықталмағандығымен сипатталады. Мысалы, бірнеше заңдар бар. Қауіпсіздік және жұмысшы орнында денсаулықты қорғау туралы заң, қоршаған ортаны қорғау туралы заң, тұтынушылар мүддесін қорғау туралы заң және т. б. Ұйымдар тағы да мемлекеттік реттеу органдарының талаптарын орындауы қажет. Бұл органдар өздеріне тиісті заңдарды орындауды талап етеді. Мысалы, құнды қағаздар және биржа бойынша компаниялар акционерлері қалай қаржылық және бухгалтерлік есеп жүргізуі керектігін анықтап береді. Ал еңбекті қорғау басқармасы жұмыс жағдайының нормативтерін жасайды.



Технология ұйымның ішкі факторы да бола алады. Технологиялық жаңалықтар енгізу, қандай жаңа өнім шығару және сату керек, қандай жаңа қызметтер мен өнімдерді тұтынушылар ұйымнан күтіп отыр және т. б. сондай мәселелерді шешуге көмек береді.

Саяси факторлар: 1) ең бірінші саяси факторлар бұл әкімшілік заңды органдардың және соттардың көңіл күйі. Бұл көңіл күйлер фирманың табыстарына салық салу, салық жеңілдіктерін және жеңілдетілген сауда пошлиналарын анықтау, тұтынушыларды қорғау заңдылықтары және т. б. өкімет әрекеттеріне әсерін тигізеді. 2) ерекше қызығушылар топтары мен лоббистер; 3)саяси тұрақтылық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет