Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті. Тобы: Шұғыла Өткізген уақыты



бет1/3
Дата29.03.2023
өлшемі1,65 Mb.
#77351
  1   2   3
Байланысты:
000450e0-1d0e1086


МКҚК №50 «Заңғар» бөбекжайы

Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.

Тақырыбы: «Аққала»
Шұғыла ортаңғы тобы.

Өткізген тәрбиеші: Есенова Венера



Орал – 2016 жыл.
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекеті.
Тобы: Шұғыла
Өткізген уақыты: 20.02.2016ж.
Өткізген тәрбиеші: Есенова Венера
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқуіс-әрекетінің түрі: Қоршаған орта, Жапсыру.
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы түсініктерін бекіте
отырып, ойлау және есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ақ қаланы туралы білімдерін кеңейтіп, балалардың шығаршамашылық қабілеттерін дамыту. Аққаланы құрастыруға, жапсырмалау, оны ұжыммен бірге, ұқыпты, әрі таза жұмыстануға жасауға үйрету. Үлкен-кішілі дөңгелектерден аққала бейнесін мүсіндеу, ұқыпты, үйрету.Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдер: Көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру, практикалық, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар, ғажайып сәт, ойын, сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: Аққалаа суреттері, слайд, әртүрлі материалдардан жасалған аққала. Шығармашылық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.
Билингвалдық компонент: Аққала-снеговик- snowman (сноумэн), қар-снег- snow (сноу).
Барысы: Ұйымдастыру.
«Шаттық шеңбері» Балалар, қыс мезгілінде күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға таратып, жылулық шеңберін құрып, - бір-бірімізге жылы, мақтау сөздер айтайық, әрі мына күннің бетіндегі бұлттарды алып тастап, күннің жылуын бүкіл әлемге таратайық. Балалар көңіл-күйлеріңіз қандай? Ендеше бастайық.



- Гаухар сен әдемісің.
- Рамазан Сен қамқорсың.
- Рамис жастан жасқа тола бер.
- Арай саған денсаулық тілеймін.
- Берік чемпион бол.
- Ернар сен ақылды баласын.
- Диляра ешқашан ауырма.
- Нұрай, гүлдей әдемі бол.
- Айкөркем күшті қыз болып өс.
- Саят өскенде батыр бол.

Тәрбиеші: Зерттеу жұмысы.
Балалар қыс мезгілінде қар жауады..Мына қарды қолымызға ұстап көрейікші. Қолымызға ұстасақ қар салқын, суық. Қар жылы, ыстық кезде еріп суға айналады. Кәне байқап көрейік. Қолға ұстап тұрсақ еріп кетеді. Стақандағы суға салсақ ери бастайды. Жылы жерде еріп, суға айналады.
Жұмбақ жасыру:

Жерге суын шашады, (Бұлт)

  • Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны. (Аққала)

Ұстасан қолын тоңады. (Қар)
Слайдқа назар аударайық.
Слайд, суреттер арқылы түсіндіру.
-Қыс мезгілінде ауа-райы салқын, суық болады, боран соғады. Қар жауып, жер беті айнала аппақ болып жатады. Қар лақтырып ойнап, аққала жасаймыз, шана, шаңғымен ойнаймыз. Қардың түрін анықтап қарасаң мынадай болады. Қарлар қанша қар болса да бір-біріне ұқсамайды. Қардың көлеміне, жаууына байланысты атаулары бар. Ақша қар — жаңа жауған таза қар. Ұлпа қар — түйіршіктері үлбіреген жеңіл үлпек қар. Жапалақ қар — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар. Омбы қар — ат бауырлайтын қалың қар. Күртік қар — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
Аққала – қыс мезгілі кезінде қардан жасалады. Нағыз аққала қардан жасалады. Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет