Ұйымдастырылғаніс-әрекет: «Математика негіздері», «Құрастыру». «Музыка», «Сөйлеуді дамыту» Тобы: мектепалды тобы (5 жастағы балалар) Тақырыбы: «Ғажайып сандар» Мақсаты



Дата23.06.2023
өлшемі14,94 Kb.
#103224
Байланысты:
сандар мектепалды ұіә


Ұйымдастырылғаніс-әрекет: «Математика негіздері», «Құрастыру». «Музыка», «Сөйлеуді дамыту»
Тобы: «» мектепалды тобы (5 жастағы балалар)
Тақырыбы: «Ғажайып сандар»
Мақсаты: 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Қызықты ойындар арқылы 6,7,8,9,10 сандары жайлы білімдерін жетілдіру. 10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір зат қосу арқылы теңсіздіктен теңдік немесе саны көп заттан біреуін алып тастау арқылы теңдіктен теңсіздік шығару. 8-10 бөліктерден пішіндерді жинап, құрастыру дағдысын қалыптастыру.
Ресурстар: АКТ жабдығындағы ойындар, таратпа материалдары, құрастыру материалдары
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
І-Кіріспебөлім
Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар? Көңіл-күйлеріңқалай? Өтежақсы, әрдайым осындай керемет көңіл-күйде болайық. Бүгінгі қызықты ойындарымыз не жайлы болмақшы, сендер білесіңдер ме? Ендеше мен бір қызықты ойын дайындап қойдым. Топтың ішінде бүгінгі қызықты ойындарымызға арналған суреттер жасырылған. Ойындарымызды тезірек бастау үшін, суреттерді жылдам тауып алуымыз қажет. Қанекей бастайық.
ІІ-Негізгі бөлім
(Балалар «Квест» ойыны арқылы жасырылған суреттерді тауып алады)
Тәрбиеші: Өте жақсы, қараңдаршы бұлардың барлығы ненің бейнесі? (Сандардың) Дұрыс айтасыңдар, демек біз бүгін өзімізге таныс сандар туралы қызықты ойындар ойнаймыз. Алдымен сандарды ретімен қойып, санап шығайықшы. (балалар санап шығады, алайда сандардың арасында 6,7,8,9,10 сандары жоқ болып шығады) Ой балақайлар, бұл жерден не байқап тұрсыңдар? Сандар тізбегіне қай сандар жетіспейді? Бұл сандар қайда жасырылған екен? (экранда сандар сөйлейді)
Ғажайып сәт:
Сандар: Сәлем достар! Сендер сандар арасынан бізді іздеп жүрген секілдісіңдер. Біз сендерден жасырынып қалдық. Ал бізді толық табу үшін сендерге берілген ойындарды қызыға әрі белсенді ойнауларың қажет. Ойындарға дайынсыңдар ма? Ендеше сендерге сәттілік тілейміз.
Тәрбиеші: Балалар, жасырынған қалған сандарды табу үшін ойындарымызды бастайық:
І орталық: «Теңдік және теңсіздік» қызықты таратпа ойыны
ІІ орталық: «Ойна, ойла, құрастыр!» 8-10 бөліктен тұратын құрастыру ойындары
ІІІ орталық: «Сандарды тез өрнекте» қызықты ойыны (конструктор бөлшектерінен сандарды таңбалау)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар менің ақылдыларым, сендер берілген ойындарға өте белсене қатысып, жоғары деңгейде ойнадыңдар. Олай болса қазір «Санамақ» әнімен бірге көңіл көтеріп, бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Санамақ әні» (музыка терапиясы арқылы)
Тәрбиеші: Көңіл-күйіміз көтеріліп, бір сергіп алдық, солай ма? Осы белсенділіктерің үшін, мен сендерге тағы да бір қызықты ойын дайындап қойдым. Мына үстелдің үстінде не көріп тұрсыңдар? (Сандар) Дұрыс, қазір барлығымыз ортаға дөңгеленіп тұрайық, мен әуен қосқанда үстелді айнала билейсіңдер, әуен өшкенде сендерге атаған санды қолдарыңдағы ылғалды сүрткішпен лезде тауып, өшірулерің қажет. Ойын шарты түсінікті ме? (иә) Ендеше бастайық.
Қызықты ойын: «Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.
(Балалар тәрбиешінің айтуымен әуен тоқтағанда пиленкага жазылған сандарды лезде тауып, влажная салфеткамен сүртуі қажет)

Тәрбиеші: Ойынымыз сендерге ұнады ма? Өте жақсы, сендердің де бұл ойын барысындағы қатысуларың маған да қатты ұнады. Естеріңде ме, ойындарымыздың басында біз қандай сандарды таппай қалып едік? (6,7,8,9,10) Олай болса осы ойындарымыздан соң, қазір жасырылған сандарды қайта іздеп көрейікші. Мүмкін ол сандар кітап бұрышында ма, немесе еңбек бұрышында? Іздеп көрейік. (балалар қалған сандарды тауып әкеледі)
ІІІ-Қортынды бөлім
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балақайлар! Сендер бүгінгі жасырылған сандардың барлығын тауып, ойындарға да белсене қатысып, өте жақсы деңгей көрсеттіңдер. Сендерге ұнады ма ойындарымыз? (иә) Қанекей ендеше «От шашу» әдісімен ойындарды бағалап жіберейік. (балалар шапалақтау арқылы ойындарды және өздерін бағалайды) Осымен бүгінгі қызықты ойындарымыз аяқталды. Сау болыңдар!

Күтілетін нәтиже:
10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау біледі;
Теңсіздіктен теңдік немесе теңдіктен теңсіздік шығарады;
Пазлдарды жинайды, логикалық ойын тапсырмаларды орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет