№3 (211)
17 ақпан
2015 жыл
Құттықтаймыз!
«Таңғажайып сәт» балалар көзімен
Ел ер
Облыстық
балалар
техникалық
шығармашылығы орталығы Халықтар
Ассамблеясы жылына арнап «Қазақстан
халықтарының салт-дәстүрлері», «Ұлы
жеңіске 70 жыл», «Туған жер табиғаты»,
«Бақытты балалық шақ», «Ата кәсіп»
номинациялдары бойынша«Таңғажайып
сәт» атты облыстық сырттай балалар
фотосурет көрме-байқауын өткізді.
Байқауға Ақжайық, Бөкейорда, Бөрлі,
Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Қазталов,
Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі,
Шыңғырлау аудандарынан және қалалық
мектептен тыс жұмыс орталығы мен
облыстық арнайы мектептерден 8 бен
16 жас аралығындағы 104 оқушының 152
жұмыстары қатысты.
Балаларды
халықтар
достығын
сақтап, қадірлеуге тәрбиелей отырып,
фото өнері бағытындағы дарынды
балаларды анықтап, олардың үздік
шығармашылық жұмыстарын мадақтау
арқылы оларға азаматтық және
патриоттық тәрбие беру мақсатында
өткен байқаудың жүлделі орындары
төмендегідей бөлінді:
1/ «ҚазаҚстан халыҚтарының
салт-дәстүрлері» номинациясы
1 орын – Бекзат Серіков – МТЖО, -
сынып, Бөрлі ауданы
2 орын – Даурен Зинуллин – Егіндікөл
ОМ, 8-сынып, Қаратөбе ауданы
3 орын –Аяжан Хасанова – А.Оразбаева
ат.НМ, 8- сынып, Жәнібек ауданы
Ынталандыру сыйлығы - Ершат
Сағындыков – ОСҚНДБАМИ, 10-сынып
2/ «Ұлы жеңіске 70 жыл»
номинациясы
1 орын – Артем Костырев - Дарьинск ОМ,
7- сынып, Зеленов ауданы
2 орын – Наурыз Шаненов– Шиелі ОМ,
7-сынып, Шыңғырлау ауданы
3 орын – Бөкенбай Оралбаев –
Қаратөбе мектеп-гимназиясы, 8-сынып,
Ынталандыру сыйлығы - Назир Гатауллин
– А.Оразбаева ат.Н.М, 7-сынып, Жәнібек
ауданы
3/ «туған жер табиғаты»
номинациясы
1 орын – Амандық Ақылбаев – №19
ЖОББМ, 6-сынып,
2 орын – Гаухар Бауыржан – М.Әуезов
ат.ЖОББМ, 7-сынып, Ақжайық ауданы
3 орын – Нұртөре Жеңісқали -
Қалдығайты
ЖОББМ,
8-сынып,
Қаратөбе
ауданы,
Ынталандыру
сыйлығы -Ағарбай Салбек – МТЖО,
3-сынып, Жаңақала ауданы
4/ «баҚытты балалыҚ шаҚ»
номинациясы
1 орын – Андрей Никишин – МТЖО, 10-
сынып, Теректі ауданы
2 орын – Жасмина Болатова –
Б.Жаникешев ат. ЖОББМ, 6-сынып,
Бөкейорда ауданы
3 орын – Мерей Мырзахмет –
Қ.Мырзалиев ат.ОМ, 6-+сынып, Сырым
ауданы Ынталандыру сыйлығы-
Аман Марат – МТЖО, 9-сынып, Бөрлі
ауданы
5/ «ата кәсіп» номинациясы
1 орын – Көркем Қайратова – Жәңгірхан
ат. ЖОББМ, 2-сынып, Бөкейорда ауданы
2 орын – Нұрдана Рамазанова
– Шипов ЖОББМ 8-сынып,Тасқала
ауданы
3 орын – Асет Абугалиев– М.Бегалиев ат
ЖОББМ 7-сынып, Бөкейорда ауданы
Ынталандыру сыйлығы - Жансая
Сабитова - К.Мендалиев ат ОЖББ
мектебі 4-сынып, Казталов ауданы
а.сүлеЙменоВа
«Облыстық балалар техникалық
шығармашылығы орталығы» директорының
оқу-әдістемелік жөніндегі орынбасары
№3 (211) 17.02.2015 ж.
2
«Григорьев мектеп – балабақша кешені»
КММ – де кішкентай бүлдіршіндерге тәрбие
беру, дендерін шынықтыру, қызықтыру
мақсатында ата – аналардың қатысуымен
балабақша (тәрбиешілері Г.Шарибданова,
Г.Умбетова) және мектепалды даярлық
тобының
(тәрбиешісі
Г.Тастайбекова)
арасында «Толағай» отбасылық сайысы
өткізілді.
Сайыс «Таныстыру»,«Бәріміз бірге»,
«Кім жылдам?», «Ептілер», «Пингвиндер»,
«Қай отбасы мықты» кезеңдерінен құрылды.
Ата – аналармен балалар өте белсене қатысып, Хамит отбасы –І орын, Цибулько отбасы
– І орын, Үмбеталиевтар отбасы –ІІ орын, Сартаевтар отбасы –ІІІ орынға ие болды. Орын
алған отбасылар мақтау қағаздары және сыйлықтармен марапатталды.
Гүлдана шарибданоВа
«Григорьев мектеп – балабақша кешені» КММ-нің тәрбиешісі
Көкжиегін ашып көңілдің....
«Мектеп пен балабақша – балапандарға
қанат бітіретін білім мен тәрбие беретін
ордасы
Қамқөңіл жандарға
қамқормыз
Мектебімізде дарынды оқушыларға арнап мектеп жанынан
Баянсұлу Қодарованың бастамасымен «Өнер Қырандары»
атты үйірме ашылды. Арнайы президент және қатысушы мүшелерді
сайлап, дөңгелек үстел ұйымдастырып, үйірме туралы жалпы
ойымызды ортаға салдық. Алғашқы күннен-ақ қызу жұмысқа кірісіп
кеттік. Мектебіміз де «Біз-біргеміз» атты қайырымдылық акциясы
оздырылған болатын. Кешімізді беру осы акцияға сай тұспа-тұс келді.
Акция барысында әлеуметтік жағдайы төмен жандарға ақшалай көмек
көрсетіп, керемет көңілді кеш сыйладық. Арнайы жәшік дайындалып,
қол ұшын бергісі келетін жандар көмек беріп, ыстық лебіздерін айтып
бір марқайтты. Біздің негңзгң мақсатымыз қамқңіл жандарға қол ұшын
беру, бұл игі бастама жалғасын табарына сенемін.
лунара аманғалиеВа
Қоскөл ауылы,Қаратөбе ауданы
Құрметті облыстық «Самал» балалар мен жасөспірімдерге арналған газет ұжымы!
Сіздердің газеттеріңді балалар сүйіп оқиды. Балалардың жұмыстары газет бетінен
жарық көрсе, алдағы жылы
жүз пайыз жазыламыз,-
деп сенім білдіремін.
Сіздерге Подстепный
№1 мектебінің 2-сынып
оқушыларының
жазған
шығармаларын
еш
өзгеріссіз күйінде жолдап
отырмын. Оған себеп
жақында Ана тілі сабағынан
М.Төреженовтың «Өз ізі»
тақырыбында ашық сабақ
өткен еді. Соған орай
балаларға «Өмірде салар
өз ізім... » тақырыбына
шығарма жазып келу тапсырылған болатын. Балғын жүректердің қауырсын қаламдары
жарияланады деген үміттемін.
лаура жарылғасоВа
№1 Подстепный ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Бала тәрбиесіндегі
әкелер жауапкершілігі
қандай?
Жақсы әке болу- қиын, бірақ керек
және тамаша деп сипаттау керек
болатын жұмыс.
В.А.Сухомлинский
Әр шаңырақта әкенің орны ерекше.
Әке – отбасының асыраушысы, отбасы
мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің
мінез – құлқы, өзгелермен қарым –
қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз
алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап
өсетін нысанасы. Отбасының пейіл –
береке, ынтымағы үшін отағасының әділ,
ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның
тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау»,
«Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Осы сөздеріміз қазіргі таңда өз күшінде
тұр ма?
Өкінішке
орай,көптеген
социолог,
психолог, педагогтардың айтуынша жақсы
әкелер саны азайды,оны ғалымдар да
былай түсіндіреді:
-әкесіздіктің өсуі,отбасының толық
еместігінен анасының баласын жалғыз
асырауы :
-аналық қарым-қатынасқа қарағанда
әкенің
баласымен
байланысының
маңызының жойылуы немесе жоқтығы:
-әкелердің педагогикалық білімінің
жоқтығы:
-әкелердің
тәрбиелік
қызметтерді
атқаруға қызығушылығының жоқтығы:
Әкесімен баласының қарым-қатынасы
анасына қарағанда жиі болмайды,ол
әкесіне анасының құзіреттілігіндегі барлық
жағынан қорғаушы,сақтаушы, жақсы көруші
рөлін ойнамағандықтан болар.Жақсы әке
баласымен қарым-қатынаста болу үшін
үнемі уақыт табады. Жақсы әке отбасылық
дәстүрді қалыптастырып оны сақтайды
балаларына дұрыс бағыт беріп тәртіп
пен өмір сүруге қалыптасуына ықпал
жасайды. Жақсы әке баланың бойына
жігерлілікке деген қабілетті дарытады.
Қазіргі таңда тәрбиемен көбіне әйелдер
қауымы айналысқандықтан да болар,
әсіресе ер балаларымыз майдаланып,
тәрбиесінде солқылдақтық өте көп.
Қабағынан көп нәрсені аңғартатын кешегі
әке тәрбиесі қазіргі уақытта өз мағынасын
жойып отыр десек қателеспеспін, «Әке-
асқар тау» деген сөзі осы уақытта
өз мағынасын жойып бара жатыр ма
екен деп күмәнмен қарайтын болдық.
Әсіресе әке тәрбисі ер балаларымызға
ауадай қажет-ақ. Отбасындағы тәрбиенің
солқылдақтығынан кәмелетке толмаған
жасөспірімдер арасындағы балалардың
қылмысының көбеюі, өзіне өзі қол жұмсау
фактоларының етек жаюы,қыздарымыздың
ерте жүкті болып қалуы, ұрлық,қол жұмсау,
үлкенді тыңдамау т.б толып жатқан
келеңсіздіктердің әке тәрбиесінің зор
ықпалы зор болар еді. Мектептегі ата-
ана үшін қарапайым болып көрінетін
ата-аналар жиналысына да көбіне
аналарымыз келеді, ал әкелер жағы
енжарлық танытады. Тоқсанына бір
болатын мұндай шараларға да енжарлық
танытуымыз баламыздың болашағына
деген алаңымыздың жоқтығын сездірмей
ме? Жұмыспен,күйбең тірлікпен жүріп
балаларымыздың қай бағытта кетіп бара
жатқанын аңғармай қалып жатамыз.Міне
сондықтан балаларымыз өзімізді сыйласын
десек тәрбиесіне мұқият болғанымыз жөн
болар. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас,
дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін
әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың
өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып
қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс
табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше.
Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан
өте туады, бір бала бар – кері кете туады»
деген тұжырымға, баланың қандай
болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
Ендеше, ата аналар қолымыздағы
алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және
біздер олардың ең басты үлгі болар бейнесі
екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл
туар» демекші, жақсы мінездер мен асыл
қасиеттерді ардақтай білейік, атымызға
сіңіріп, бойымызға дарыта білейік.аяулы
әкелер қауымы!
рысжан шамҰратоВа
№6ЖОББМ-нің педагог-
ұйымдастырушысы
Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы
Мектеп-гимназиямызда «Қыз тәрбиесі» тақырыбында «Сымбат» қыздар клубының жиыны өтті.
Жиында қыздар Қазақ отбасындағы қыз бала қалай тәрбиеленген?,тақырыбында өзар сырлапса
отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оқушыларды адамгершілікке,
сыйластыққа, қамқор болуға, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу жайы туралы әңгіме қозғады.
Қазақ отбасының маңызды қызметтерінің бірі – отбасы тәрбиесі. Ата-ананың міндеті – жас
ұрпаққа аға ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершілік, инабаттылық, сыйлау қасиеттерін сіңіру. Әсіресе,
қазақ отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесі ерекше орын алады. Қазақ халқы қыз
баланы ардақтап ұстаған, оның көңілін қалдырмаған, оған қарсы сөйлемеген, оны мәпелеп өсірген
және сонымен қатар, қатал ұстап, оның тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Өкінішке орай,
бүгінде кейбір жанұялар қыз бала тәрбиесіне көп көңіл бөлмей бара жатқаны жасырын емес.
Отырысымызда «Сымбат» қыздар клубының жетекшісі Ж.Құбаева «Қазіргі отбасында қыз бала
тәрбиесі қандай?» атты дәріс оқып, қыздарға «Қазақ қызы қайдасың?», «Қазақ қызы қандай болу
керек?» тақырыбында бейне материалдар көрсетті. «Қызға қырық үйден тыйым» сөзінің мағынасына
кеңінен тоқталып өтті.
Осы мәселе жөнінде жиынға қатысқан басқа да ұстаздар өз ойларын ортаға салып, қыз
тәрбиесінің кей жақтарына тоқталды. ДТІЖ орынбасары, Г.Иманғалиева қыздардың киім киюі, шаш
бұрымы жөнінде, сөйлеу әдебі, қыздарды теріс діни ағымдар ықпалынан қорғау туралы айтып, бүгінгі
таңдағы өзекті мәселелерді қозғады. Тәрбие бағыттарына орай, 10 сынып жетекшісі Г.Мырзағали
- қыздардың қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауы, дөрекі күлмеу, жағымсыз қылықтардан аулақ болу,
әдепті, мәдениетті болу, үлкендерді сыйлау,оларға қарсы келгенде жол беру,сәлемдесужөнінде сөз
сөйлеп, өз ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, қыздарға « Қыз бойынан нені көргіміз келеді?», «Бүгінгі қазақ қызы қандай болу
керек?», «Қызға қандай қылық жараспайды?»,сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.Бұл шарада
оқушы қыздар адамгершілік, имандылық, қыз тәрбиесі туралы мағлұматтарға қанығып, өнегелі
әңгіме тыңдады, адамгершілік құндылықтарын байытуға мүмкіндік алды.
айымгүл меңдешеВа
Абай атындағы мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы,
Ақжайық ауданы
редакциядан: Аталмыш мектеп ұжымы қыз бала тәрбиесі жайында жақсы бір істі қолға алыпты.
Бүгінгі қыз бала ертенгі келер ұрпақтың анасы. Оларды бүгінен жаңа өмірге дайындау от анасымен
ұстаздардың парызы. Дәл осындай игі шара басқа мектептерде де қолға алынып жатса нұр үстіне
нұр болар еді.
Бөрлі ауданы
№3 (211) 17.02.2015 ж.
3
Менің атам қаһарман
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де
құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз төрт жыл бойы
күтті. От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің
есінен шығар дейсіз. 1418 күн мен түннің әрбір сағаты,
әр минуты қауіп – қатерге толы болғанын, қолына қару
алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі.
Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай
жұмылып, жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана
мүмкін болды. Ер-азаматтар майдан даласында етігімен
су кешіп, жаумен бетпе-бет соғысса, тылда қалған қарт
адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын
басып еңбек етті.
Сұм соғыс қаншама ардақты азаматтардың өмірін қыршыннан
қиды. Қаншама аталарымыз із-түссіз жоғалды. Сол азаматтардың
ішінде менің де атам болды. Бірақ, атам аман-есен елге оралды.
Менің атам – Зұлқашев Сарсен Нұрмағамбетұлы 1926 жылы 16
мамырда Орал облысы, Жымпиты ауданы, Қызыл ту колхозында
дүниеге келген. Әкесінен кішкентайынан ерте айырылып, жетімдік көріп
өседі. Атам Ұлы Отан соғысының басталуына орай оқуын жалғастыруға
мүмкіндігі болмай, жастайынан колхоз жұмысына араласты. 1944 жылы
20 қазан күні Отан қорғауға Совет Армиясына Орынбор қаласы, 364-
ші атқыштар полкіне алынады. 1945 жылдың наурыз айының аяғында
соғысқа алынып, Берлинге жақын жерде 15 күндей фашистерге қарсы
шайқасқан. Жоғары қолбасшылықтың бұйрығымен 1945 жылы сәуір
айында Литваның Вильнюс қаласына 240-шы полкке жіберіледі. Осы
жерде астыртын халық жауларымен соғысып, 1947 жылдарға дейін
әскери қызмет атқарады. 1950 жылы қараша айында елге аман –
есен оралады. Ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Ұлы
Отан соғысындағы Жеңістің 25, 30, 45 жылдығы медальдарымен
марапатталды. 1954 жылдан бастап, Қаратөбе ауданында есепші
болып, 1959 жылы Петропавл бухгалтерлік техникумын бітірді. 1966-
1968 жылдары Қызылорда қаласы, Сырдария ауданында бас есепші,
1974-1977 жылдары Жаңақала ауданының Мәстексай ауылында,
1980-1986 жылдары Айдархан совхозында есепші болып жұмыс
жасап, 1986 жылы мамыр айында зейнеткерлік демалысқа шықты.
Зейнеткерлікке шықса да өз еңбекқорлығының арқасында көкөніс
егіп, бау-бақшамен айналысты. Атам тал отырғызып, гүл еккенді жаны
сүйді.1991 жылы шаруа қожалығын құрып, бес ұлымен далаға бақша
егіп, округ тұрғындарын көкөніспен қамтамасыз еткен. Зейнеткерлерге
қайырымдылық апталығын өткізіп, оларға көкөніс үлестіріп,
жомарттығын танытып жүрген.
Атам өз еңбегінің жемісін көріп,
балаларын да еңбекке баулыған. «Әке көрген
оқ жонар, ана көрген тон пішер» дегендей,
атамның осы еңбегін ұзақ жыл балалары
жалғастырды. Атам мен әжем дүниеге 11
бала әкеліп, өсіріп тәрбиеледі. Атам 1998
жылы дүниеден озды. Әжеміз бүгін де ұлын
ұяға, қызын қияға қондырып, немере, шөбере
сүйіп, ардақты ана, сүйікті әже атанып отыр.
Атамыздың атты майдандағы ерлігі мен
қажырлы еңбектері ауылдастарына үлгі. Мен
осындай батыр атамның ұрпағы екенімді
мақтанышпен айтқым келеді.
«Жаһаншыл ұлдан Отаншыл ұл артық» -
деген Мұхтар Шахановтың сөзінің астарында
үлкен мән- мағына жатыр. Отанымен
мақтанып, тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін
бекітіп, еңсесін көтеретін еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ. Соғыс
жылдары қаһармандық пен ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен майдангер
аталарымыздың өмір жолдарын үлгі ете отырып, біз Жеңіс күнін
әрдайым қуанышпен қарсы алатын боламыз.
Мұң-қайғы шеккенінде халқым қалың,
Ерлері тартып мінген аттың жалын.
Біз үшін отқа жанын пида қылған,
Боздақтар, торқа болғай топырағың....- деген ақын жырының
жолдарымен өз шығармамды аяқтағым келеді.
асылжан сарсеноВа
Айдархан ЖОББМ-нің 8 «ә» сынып оқушысы.
Жаңажол ауылы, Жаңақала ауданы
Әжемнің әңгімелерінен
Ерлік елге мұра – ұрпаққа ұран
«Ұлы Отан - ұлылардың ерлігі»
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Балалар шығармашылығы
орталығында копшілік игі іс-шаралар қолға алынуда. Жас ұрпақтың
өз Отанын сүюге, елімізді қорғауға, ерлікке, адал, батыл болуға
тәрбиелеу және дарындылық, шығармашылық қабілеттерін дамыту
мақсатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының
бастамасымен «Алтын қалам» тақырыбында аудандық жас
ақындар байқауы оздырылды. Байқауға оқушылардың 33 жұмысы
қатыстырылды. 12-14 жас санаттары бойынша I орынды Жайық
негізгі мектебінің 7-сынып оқушысы Назерке Мағзом, II орын Кеңсуат
ОЖББМ-нің 8-сынып оқушысы Айымгүл Базарбаева, III орын
Жаңабұлақ ОЖББМ-нің 8-сынып оқушысы Қазына Файзуллина,
15-17 жас санаттары бойынша I орынды Талап ОЖББ мектеп-
балабақшасының 8- сынып оқушысы Орынбек Кеңес, II орын Жайық
негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы Әлішер Тотанов, III орын Алмалы
ОЖББМ- нің 9-сынып оқушысы Гүлсезім Зейнеш иеленді.
ж.сарсенғалиеВа
Ақжайық балалар шығармашылығы
орталығының педагог ұйымдастырушысы
1941-1945 жылғы үлы отан соғысына 61 мемлекет, әлем халқының 80 пайызы
қатысты. соғыс қимылдары 40 елдiң жерiнде жүрдi. 110 миллион адам әскерге алынды. 50-55
миллион шамасында адам қаза тапты.
Ұлы отан соғысы жылдары ксро бойынша 11600 ден астам адам ерлігі ұшін кеңес
одағының батыры атағын алса, соның 497-і қазақстандықтар, ал қазақтар 97 болды. Ұлы отан
соғысы жылдары ең алғаш кеңес одағының батыры атағын алған қазақстандық жауынгер
к. а.семеченко (1941 жылы 22 шілде) еді. Ұлы отан соғысы жылдары кеңес одағының батыры
атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар ж. елеусізов болды. бүгінгі таңда облыс
бойынша 256 Ұлы отан соғысының ардерлері бар оның 183-і бүгін қаламызда тұрады.
Тәуелсіздігіне тәу етіп өрендерім,
Көз көрді қуанышқа бөленгенін
Ата-әжесі аймалап ұл-қызының
Тыныш өмірін көріп немере-жиендерін
Елім тыныш, егеменді елім менің,
«Өзгемін»,- деп өзімше бөлінбедім
«Бауырым»,- деп бәрінде құшақ жайып,
Отанымның төрінен орын бердім
Міне,біз осындай елміз дара халық,
Жүреміз елдікті ойлап дараланып
Елі үшін қаны менен жанын берген
Аға ұрпақтың тас мүсініне бас идік
Жанарымызға моншақ тағып.
Өр рухты дархан дала ұрпақтары
Ұлы жеңіске 70 жыл ұмытпады
Ардагерін аялаған өр өрендер
Самалында өздерінше тебіреніп сыр ақтарды
Ұлы жеңіс өшпес тарих,
Ұмытылмас ешқашан
Сол жеңісті жақындатқан
Тас мүсінде жазулы тұр
Миллиондаған солдат болған сан АДАМ!
Сол жандарға басын иіп жас буын
Жазды бүгін Самалдан оқы
Өздерінше шат өмірді жырлаған.
самалдың редакторы
Менің арғы атам -
Ұлы Отан соғысының ардагері
Біздің отбасымызда, әр уақытта атам, әжем арғы атамның Ұлы Отан соғысының ардагері екенін
айтып отырады. Мен өзімнің арғы атам туралы білетінімді бөліскім келеді.
Менің арғы атам – Жақсығалиев Нұржан. Ақжайық өңірінде 1907 жылы дүниеге келген. Әке –
шешесінен жас уақытында жетім қалып, немере ағасының қолында тәрбиеленген. 1942 жылы наурыз
айында Совет – Армиясының қатарына шақырылып, Иванов облысына көшіріліп келген Ленинградтағы
Қызыл тулы әскери саяси қызметкерлерді дайындайтын Ф.Р.Энгельс атындағы училищеде алты ай оқыған. Сол жылдың
қазан айында оқу біткеннен кейін курсанттардың бірден фронттың алғы шебіне жібереді. Оның ішінде менің де атам
болған.
Солтүстік – батыс фронты, 759 атқыштар полкі, 163 атқыштар дивизиясында рота командирінің саяси басқару жөніндегі орынбасары
болып іскери қызметін атқарып жүрген атамның ротасы 1943 жылдың 17 қаңтар күні немістермен бетбе-бет келіп, темір жолдағы немістердің
бекінісін бұзып, бес блиндажын талқандап, екі танкісін істен шығарады, 28 неміс солдаттарын тұтқынға алып, бірнеше қару – жарақтарын
қолға түсіреді. Осы ұрыста жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшінатам Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен наградтаған. Араға
екі күн салып болған қанды ұрыста атам аяғынан ауыр жаралы болып, госпитальде 1943 жылдың маусым айына дейін емделіп екінші топтағы
мүгедек болып, елге келген. Арғы атам көптеген Ұлы Отан соғысының бірінші, екінші дәрежелі медальдармен, ордендермен марапатталған.
Туған жеріне оралғаннан кейін атам мен әжем жанұя құрған. Тоғыз баланың әкесі атанып, оларды бағып-қағып өсірген. Атам өз балаларын
тәрбиелеп, білім беріп, жанұясын асырап, халқына адал еңбек етіп, еліне ардақты, құрметті азаматы болған.Атам мен әжем өмірдің
қиыншылығын бірге жеңіп, балаларының қызығын көріп немере, шөбере бағып бірге қартайып, баршаға үлгі тұтатын отбасы болған. Әр
жылдың тоғызыншы мамырында менің атама мемлекет атынан мақтау қағаздары беріліп, алғыс хаттар жолданып тұрған. Жыл сайын менің
арғы атамның көкірегі медальға толып отырған. Мен арғы атамды өз көзіммен көрмесем де оның ұлы тұлға болғанына оның сансыз алғыс
хаттары мен көздің жауын алар жылтыраған медальдары дәлел. Мен үшін үлгі тұтатын көп батырлардың ең біріншісі өзімнің арғы атам. Мен
арғы атамды мақтан тұтамын.
Достарыңызбен бөлісу: |