Мектептің отбасымен өзара әрекеттесуі. Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысы кезінде балалардың мүддесі үшін ынтымақтастық қажет. Ата - аналарға арналған дәрістерді, ата-аналар кештерін, Ашық есік күндерін, тренингтерді онлайн және офлайн форматта өткізу, «Ата мектебі», «Әже мектебі», «Әке мектебі», «Ана мектебін», «Аға мектебі» және с.с. құру ұсынылады. Бұл мектептерді құрудың мақсаты – бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыру.
Тәрбие жұмысында орта білім беру ұйымдарында мектеп пен атааналардың өзара байланысын ұйымдастырудың жаңа форматы анықталды.
Мектеп пен ата-аналардың өзара байланысының жаңа форматын іске асыру шеңберінде ата-аналар қоғамдастығымен жұмыс бағытының мынадай деңгейлері айқындалды:
жеке (педконсилиум, әңгімелесу, консультация, бала туралы ата-аналарды толық хабардар ету);
ұжымдық (ашық есік күндері; «дөңгелек үстелдер»; тәрбие тәжірибесімен алмасу бойынша конференциялар; ата-аналар лекторийі; ата-аналар апталығы).
Отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырудағы басты міндеттердің бірі-ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі, мектеп пен сыныптың білім беру процесіне қатысу қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру.
Мектеп пен ата-аналардың өзара іс-қимыл форматын ұйымдастыру бойынша жұмыстың жаңа мазмұны мыналарды көздейді:
ата-аналарды баланы оқыту мен тәрбиелеу процесіне толық тарту;
ата-аналарды тәрбиелеу әдістерімен, балалардың физиологиялық және психологиялық даму кезеңдерімен таныстыру;
ата-аналардың балалармен бірлескен жұмысы (үйірмелер, секциялар, клубтар, тренингтер, сапарлар);
балаларды тәрбиелеу деңгейін бірлесіп бағалау; - ата-аналардың мектептегі өзін-өзі басқаруға қатысуы.
Ата-аналар үшін балаларға мамандық таңдауда дұрыс бағытты көрсету, еңбекке деген құрметке баулу өте маңызды. Мұғалімдер ата-аналармен баланың мамандық таңдау мәселесі бойынша түсіндіру және тәрбие жұмыстарын жүргізуі керек. «Баланы жұмысқа ал», «Он күн ата-ана жұмысында» («НЗМ» ААҚ тәжірибесі) сияқты жобалар білім алушылардың кәсіби бағдарлануына ықпал етеді, әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттырады.
Ата-аналардың, қоғамның, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Мектептегі бір күн» жобасын іске асыру ата-аналардың қажеттіліктерін, сұраныстарын, отбасылық ерекшеліктері мен отбасылық тәрбиесі ескеріледі, ата-аналарды мектептің, сыныптың, өз баласының істеріне жұмылдыруға, білім беру процесінің барлық қатысушыларымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдеседі