Айнұр АйТҚАЛИЕВА
Аққозы ЖОББМ-нің балабақшасының кітапханашысы
Қаратөбе ауданы
«Жас ұрпақ
болашағына бірге
үңілейік!»
Білім мен тәрбие беруге бағытталған
жұыстарда мектебіміз қазіргі таңда жаңашылдық
қадамдардан қалыс қалған емес. Тәрбиелік мәні зор
жұмыстардың бірі – ата-аналармен қарым-қатынас.
Ата-аналардың мектеппен ынтымақтастығының басты
баспалдақтарының бірі – ата-аналар жиналысы болып
табылады. Жиналысты ұйымдастыруда түсінігіміз бен
жағдайымызды өзгерте отырып, тәжірибе барысында
өзгеріс енгізу қажет деп табылып, «Жас ұрпақ
болашағына бірге үңілейік!» тақырыбымен жалпы
ата-аналарға арналған семинар ұйымдастырылды.
Ата-аналарды түстерді таңдату арқылы 5 топқа бөліп,
сағат тілімен айнала әр түрлі тақырыпта бірнеше
мәліметтер берілді. «Білім беру стандарты» (бағалау
түрлері критерийлері) тақырыбында А.Базарбаева,
Д.Есенгалиева және Г.Ахметова, Н.Сейтенова, «Ата-
аналар сіздер үшін!» психологиялық орталық бойынша
М.Тоқтасынова,
Ш.Казиева,
«Профилактикалық
шаралар» тақырыбында Г.Казиева, Г.Сағынғалиева және
Ш.Сихова С.Баянғалиева, «Ситуациялық жағдаяттарда»
Г.Нургалиева, Ш.Турдашева және П.Сабиркулова,
Р.ҚҰрмашева, М.Айдынгалиева және «Баланың бос
уақытын ұйымдастыру» бойынша А.Кенжегалиева,
П.Сагитова және А.Рахметова, А.Муратова пайдалы
әрі қызықты етіп, түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ата-аналар
көңілінен шыға білді. Өздерінің көкейкесті ойларын ортаға
еркін жеткізе отырып, тақырыпты біріге ұжыммен талқыға
салды. Семинарды ұйымдастыруға жауапты мұғалімдер
де жан-жақты шығармашылық пен жаңашылдыққа
ізгіленген тапсырмаларды қолданды. Өткізілген семинар
қорытындысы оң нәтиже беріп, қауымның ризашылығына
бөленді. Барлық ұлы жетістіктер уақытты талап етеді, -
демекші топтық үлгіде ұйымдастырылған семинар түрлері
болашақта да жалғасын тауып, тәрбие саласында ізгі
нәтижеге бағытталады деп сенеміз.
Ақгүл РАХМЕТОВА
№ 46 ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
РЕСПуБЛИКАЛЫҚ
БіЛіМ САйЫСЫНАН
ЖүЛДЕГЕР ОРАЛДЫ
Облыстық
білім
басқармасының
ұйымдастыруымен өткен облыстық «Өзін-өзі тану»
пәні бойынша оқушылар арасында олимпиада
өткізілген болатын. Сол олимпиадада Теректі
ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін
мектебінің 9 «в» сынып оқушысы Зарина Женисова
олимпиада жүлдегері атанып, республикалық
олимпиадаға жолдама алған болатын.
Жақында Алматы қаласында өткен «Бөбек»
Ұлттық ғылыми-практикалық, Білім беру және
сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты республикалық
олимпиадада Женисова Зарина ең үздік деген
шәкірттердің арасынан оза шауып, жүлделі III
орынға ие болды. Республикалық олимпиадаға
облысымыздан жеті оқушы құралған топ болып
қатысып, әр оқушы арнайы мақтау қағаздарына
ие болды. Олимпиада тест, эссе жазу секілді
кезеңдерден өтті. Әр облыстан келген барлығы 122
оқушы қатысып, оқушыларымыз жақсы нәтижесін
көрсетті. Осындай жетістікке жетуіне себепкер
болған ұстаздары, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері
Жүнүсова Гүлзада Тыныштыбайқызы мен Науашева
Майра Сембайқызына айтар алғысымыз шексіз.
Нұргүл ИХСАНОВА
Подстепный қазақ ЖОББМ-нің тәлімгері
Теректі ауданы
Мен үшін ерекше жан
Ұстаз, деген сөз мен үшін өте ерекше себебі ұстаздың алақаны жылы,
ниеті таза, жүрегі дархан. Дәл осындай мәтінде әжем жайлы айтқым келіп
отыр. Менің әжем Мусиева Күляш Хабиқызы. Әжем Абилов Қабыш есімді
атасының қолында тәрбиеленіпті. Әжесі Камила өте жақсы кісі болған.
1959 жылы әжем Орал қаласына ата анасының қолына келеді. №7
жалпы орта білім беретін мектептің 1-сыныбына барып, 1969 жылы мектепті
бітіріп, сол жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне ағылшын
тілі пәні факультетіне оқуға түседі. 1974 жылы университетті жақсы
бағамен бітірген. Долинный ауылында ұстаздық еңбек жолын бастаған ол
сол мектепте бес жыл ұстаздық еткен. Кейіннен Теректі ауданына қарасты
Придорожный ауылына жиырма жылға жуық еңбек етіп, қаламыздағы №36
орта мектепте де қызмет істейді. Зейнеткерлікке шығар алдында қалалық
білім беру бөліміне әдіскер лауазымына тағайындалады. Бұл салада да
тоғыз жылдай абыройлы еңбек етеді. Мен үшін әжем ерекше жан.
Аслан ШАЛАБАЕВ
№37 Жалпы орта білім беретін мектептің
9 «а» сынып оқушысы
№2 (210) 27.01.2015 ж.
4
Ақ т
Ая
Асы
Ел ертеңін
ойлаған Елбасы
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
(Ж. Аймауытов)
Осыдан жиырма үш жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол
жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда
Нұрсұлтан аға Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды.
Ол кісінің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті,
ерлігін танытты.Маған қазір Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген
ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.
Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға
ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ
ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек
еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Міне, сондай
қиын - қыстау замандардан өтіп, осы азаттықтың ақ таңы атқан күндерге жетіп
отырмыз. «Садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің мүддең жолында бойдағы
қуат, ойдағы нәрдің бәрін сарп етуге бейілмін» деп ел үшін, егемендік үшін тер
төккен, болашақ ұрпақ үшін бар жағдайды жасап, Тәуелсіздіктің көк туын биікке
асқақтатқан Елбасымыз - мен секілді әр баланың, еліміздің мақтанышы.
Жангерей ҒАДіЛГЕРЕй
Ғ.Абдуллин атындағы Орта мектептің
4-сынып оқушысы, Тау ауылы, Жәнібек ауданы
Сол бір Ызғарлы желтоқсанда жалынды
жастарымыздың егемендігіміз үшін егескен
күні, келер ұрпақтың болашағы үшін
жанталасқан күні! Қайрат, Ләззат, Ербол
сынды өзге де аға-әпкелерінің ерен еңбегін
ескеріп, ұмытпай, жадында мәңгі сақтау
үшін, 16 желтоқсан Тәуелсіздік
мерекесіне орай № 29 «Балауса»
мектепке
дейінгі
ұйымыныңбарлық
топтарында өскелең ұрпаққа бұл мерекенің
маңыздылығын ұғындыру мақсатында
мерекелік іс-шаралар оздырылды. «Жаса,
Қазақстан» әніне үлкен мақтанышпен,
еңселерін тік ұстап, жалаушаларын
желбірете шыққан балғын бүлдіршіндердің
жүздері қуаныштан бал-бұл жайнап,
сахнаның әрін кіргізгендей. Көк аспанда
қыран құсымыздың еркін қалықтай
ұшуына, «Тәуелсіздік» туының желбіреуіне,
«Қазақстан» деп аталатын ортақ шаңырақ
астындағы бейбіт өміріміз үшін, ерлікпен
қаза болған аға-әпкелеріне ризашылықтары
ретінде балабақша тәрбиеленушілері бар
өнерін ортаға салды. Тәуелсіздігіміздің
символына айналған «Бәйтерек» биі биші
қыздарымыздың орындауында өте сәтті
қойылды. Қазақстан Республикасының
рәміздері туралы ақпаратты қолдарына
рәміздерді сезіне, ұстап тұрып, балалар
өздері әңгімелеп берді. Ұмытылып
бара жатқан ұлттық ойындарымызды
жаңғыртып, ер балалар ат мініп, көкпар
тартысып, қыз қуу, сақина салу, «Бәйтерек»
сынды ойындарды ойнап, көңілдері бір
көтеріліп қалды. Қазақ ұлты үшін киелі
саналатын шаңырақтың әр уығын қадаған
балғындар өз еліне, өз жеріне жүрек-
жарды ақ тілектерін арнап, қазақ, орыс,
ағылшын тілдерінде патриоттық бағытта
тақпақтарын да мәнерлі жеткізді. Қазақ
болып туылғандарын мақтан тұтатын
бүлдіршіндер «Қазақстан» тақырыбында
әуелете ән де шырқады, күмбірлеген күйге
де, Қара жорға биіне де, «Мен қазақпын!»
атты заманауи биге де шеберліктерін
байқатты. Балаларының өнеріне риза
болып, «Бәрекелді!» десіп қол соққан ата-
ана да ескерусіз қалмады. Ата-аналарға
қызықты логикалық тапсырмалар беріліп,
қызықты ойындар ойналды. Кеш соңында
Қазыбек бидің батасын алған балалар «Көк
тудың желбірегені» әнін әуелете шырқап,
іс-шараны қорытындылады
Жұлдыз ЕСЕНАМАНОВА
№29 «Балауса» МдҰ ағылшын тілі
мұғалімі
Желтоқсан жаңғырығы
тәуелсіздік
1986 жылдың ызғарлы желтоқсаны қазақ халқының қасіреті
де, қасиеті де тарихына айналды. Бұл қазақ халқының бас
бірлігі, жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күні
еді.
Желтоқсан құрбандарының тағдыры қайғылы... Ол халық
тарихының қайғысы ғана емес, сабақ беретін тағылымы. Ол
бір адамның ғана тағдыры емес, біртұтас халықтың тағдыры,
беделі, ары.
Атылса да сотталмаған, күдікпен емес, келешекке
үмітпен қараған халыққа деген адалдықтың рухы биік,
адамдық үлгісін көрсеткен тұлғалар. Олар – желтоқсан
құрбандары.
Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат
Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира тағы басқалары
сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде
қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды
.
Желтоқсан
оқиғасына
қатысқан
аға
–апаларымыздың ерліктерін еске алу мақсатында
Чапаев жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
мектеп
кітапханашысы
А.Қ.Нурпиисованың
ұйымдастыруымен «Мың жаса,тәуелсіз қазақстан!»
тақырыбында сыныптан тыс шара оздырылды. Бұл шараға 6-7-сынып оқушылары қатысты. Шара
барысында Базарбаева Айтолқын Тәуелсіздік тұғырым тақырыбында баяндамасын оқып, 6-сынып
оқушылары «Желтоқсан желі» әнін шырқады. 7-сынып оқушыларының «Қасіретті Желтоқсан»
атты сахналық қойылымдары сәтті шықты. Желтоқсан – елімнің болашағы, бостандығы, егемендігі
үшін болған күрес.
Айкөркем МҰХТАРОВА
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
7-сынып оқушысы, Теректі ауданы, Долиный ауылы
Тәуелсіз ел
Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік
ұстанымдарын биікке көтеретін күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы
үшін қастерлі мереке. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы
16
желтоқсанда
қ а б ы л д а н у ы н а
б а й л а н ы с т ы
тұрақты
түрде
аталып
өтілуде.
Осыған
орай
біздің мектепке
дейінгі ұйымда да
көптеген мерекелік
і с - ш а р а л а р
ұйымдастырылды.
Атап
айтсам,
«Мақтанышым - тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында фотокөрме,
«Тәуелсіздік-елімнің еркін жолы» патриоттық әндер байқауы, «Тәуелсіздіктің
білімді ұрпақтары» атты зияткерлік сайыс, «Тәуелсіздік-қазақтың сан
ғасырлық арманы»атты мерекелік шара, «Өткен күрестер жеңісі -
Тәуелсіздік жемісі»атты отбасымен ынтымақтастықта ұйымдастырылған
спорттық сайыс. Біздің мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері де
тәуелсіздіктің қандай жолмен келгенін осы ізгі шаралардың арқасында
ұғынып, болашақта ел бірлігін сактайтын, тәуелсіздіктің қадырын жете
түсінетін тұлға болатынына сенеміз.
Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған
көк аспанымыздың астындағы баянды да бақытты ғұмырымыз ұзағынан
болғай. Жасампаз еліміздің жарқын болашағы баянды болсын!!!
М.МҰҚАНОВА
№ 38 «Жазира МдҰ әдіскері
ТҮРКІСТАН тарихымен
таныстық
Алақай...
күзгі
демалыс
жетті...
Біз
мектебіміздің
12
оқушысын
күзгі
демалысымызды Сандуғаш Садуоқасқызы
бастап киелі өлке,ер түріктің бесігі - Түркістан
қаласын саяхаттап қайттық. Жас жиһангездер
«Айтолсын» демалыс кешеніне тоқтадық.
Алғашқы күніміз алты ай бойы ерлік пен
даңқты рухтың үлгісін көрсеткен Отырар
ауданының тарихымен танысып, шежірелі
өлкеде орналасқан Арыстан баб кесенесін
және әйгілі Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың
сүйікті қызы Гауһар ана, табиғаты бай, тарихы
терең қасиетті Укаш Ата кесенелеріне бардық.
Ертесіне әйгілі, өзіміз тек тарихтан оқып танысқан, 14 ғасырда Әмір Темір салып қалдырған -
Қожа Ахмет Яссауи кесенесін араладық. Кесене бірнеше бөлмелерден тұрады екен. Соның
ең үлкен бөлмесі қасиетті Тайқазанды өз көзімен көрдік. Тарихи өлкенің бай жәдігерлері
– қыш құмыра, ескі монша, шабуылдан қорғанған тас қамалдармен таныстық. Көрме
залына және 4 қабаттан тұратын тарихи-мәдени этнографиялық орталығына саяхаттап
Қазақстанның бай тарихымен таныстық. Менің демалысым өте керемет өтті. Мен бұл
саяхатты ұмытпаймын!
Зарина ҚАЛМАХАН
Жанасыл НАСИРОВ
№ 40 орта мектептің 5 «а» сынып оқушылары
«Тәуелсіздігім – тәңірдің берген сыйы!»
№2 (210) 27.01.2015 ж.
5
М.Горький
атындағы
Орал
қалалық
кітапханасының
№
9
кітапхана
–филиалында
Қазақстан
Республикасының Халық жазушысы, ақын
Қадыр Мырза Әлидың 80 жыл толуына
орай «Қазақтың Қадыры» атты марафон
ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың
тұрақты оқырмандары және «Алёнушка»
балабақшаның балалары қатысты.
Кітапхана меңгерушісі Бисешева Г.К.
Қадыр Мырза Әлиевтың өмірбаянымен,
шығармашылығымен
оқырмандарға
таныстырды.
Қадыр Мырза Әли ең алғаш өзінің
шығармашылық жолын балаларға арнап
өлеңдер жазудан бастаған ақын. Мектеп
жасына дейінгі балалар мен бастауыш
сынып оқушыларына арналған ойлы да
ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары,
мысалдары мен санамақтары, ертегілері
мен балладалары арқылы қазақ балалар
әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты.
Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда
Батыс Қазақстан облысының Сырым
(Жымпиты) ауданында туды. 1958 жылы
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінің филология факультетін
үздік бітіргеннен кейін, аспирантурада
оқуға қалады. Алайда поэзияны пір тұтқан
жас ақын жаңа ашылған «Балдырған»
журналына қызметке орналасады. Содан
арада төрт жыл өткенде республикалық
әдеби журнал «Жұлдызға» ауысып, онда
білім меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас
редактордың орынбасары болып қызмет
атқарады. Сол уақыттан бері осынау
көрнекті журналдың тұрақты редколлегия
мүшесі. 1968-1973 жылдар аралығында
ол «Жазушы» баспасында қазақ поэзия
бөлімінің
меңгерушісі,
одан
кейін
Қазақстан Жазушылар Одағында поэзия
секциясының кеңесшісі болады.
Қадыр Мырза Әли елуден аса
прозалық,
поэзиялық
жинақтардың,
балаларға арналған топтамалар мен
әдеби-сын кітаптардың авторы. Оның
200-дей өлеңіне ән жазылып, «Күндері-
ай» деген атпен жеке жинақ болып шықты
(1984). Ол ҚР мемлекеттік Әнұранын
жазуға қатысқан авторларының бірі.
Шара барысында ақынға арналған
видеоролик, слайдтар көрсетіліп, ақынның
шығармалары,
ертегілері,
өлеңдері
оқылып, жұмбақтар жасырылды. № 20
ЖОББМ-нің 8 «А» сынып оқушысы Ақбөбек
Ғинаятова Қадыр Мырза Әлидың «Қазақ
осы» өлеңің домбырамен орындады.
С.Сейфуллин атындағы № 11 мектептің
4 «В» сынып оқушысы Айсана Маликова
«Бірінші рет балға ұстаған балаға» өленің
оқыды. Кітапханашы
А.Байжанова «Қазақтың Қадыры» атты
кітап көрмесіне шолу жасады.
Тұрақты оқырманымыз Қалмурзина
Қазира кітапхана ұжұмына өз алғысын
білдіріп,оқырмандарды кітапты қадірлеуге,
кітапты көп оқуға шақырды.
Г. БИСЕШЕВА
№9 филиал кітапханасының
меңгерушісі
Қазақтың Қадыры
Қадыр атамен
қоштасу
Қадыр ата өз еліңе қадірлісің!
Бағаңды сен кеткен соң, ұғынды шын
Ұрпағыңа ұғындырып,өлең сырын
Жұлдыз болып жарқырар сенің жырың!
Қадыр ата көңілді өлеңменен
жуындырып
Сен барасың жүректі жылытып,
кейде суындырып
Елің қалды жырыңа жаутаңдаған
артыңда
Сусап қалдық өлеңге жалындырып.
Динара ЖүСіПОВА
Чапаев жалпы орта білім
беретін мектебінің
9-сынып оқушысы
Долиный ауылы,Теректі ауданы,
Асыл сөздің алдаспаны
Қазақ жырының Қадыры
/Қадыр Мырза Әлидің туғанына 80 жыл/
№2 балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы,
қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы,
шығармашылығына арнап «Қазақ жырының Қадыры» поэзия кешін
өткіздік. Қазақстан халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің
өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеп, оқушыларды
ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлең мазмұнын терең ұғына
білуге, қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын
шығармашылығын түсінуге үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
Әр сөзі ұрпаққа өнеге қазақтың Қадыры әдебиеттегі алғашқы
қадамын балаларға арналған өлеңдерден бастаған болатын.
Кітапханашы ақын Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі
туралы оқушыларға кенінен
әңгімелеп берді. Шараға
№30,
№40
мектептің
оқушылары
қатысты.
№30 мектептің 10-сынып
оқушысы Қаман Арайлым
ақынның
өмірбаянын
толықтай
таныстырды.
Өз кезектерінде ақынның
өлеңдерін
«Көкпар»
Арматұлы
Махамбет,
«Бата»
Сайлау
Нұрмұхаммед
Тағы да
күз келді» Айна Сандватқызы, «Даналық пен балалық» Елжас
Әндіжан,
«Ауыл түні» Исатай Жомартұлы мәнерлеп оқып берді .
Шара барысында кітапханашы А.Хамитова кітап көрмесіне
библиографиялық шолу жасап, қордағы ақын кітаптарымен
таныстырды. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып халқының
сүйіспеншілігіне бөленген қайталанбас тұлға Қадыр Мырза-Әли
ағамызға арналған поэзия кеші оқушылардың бойына рухани
нәр, отаншылдыққа қуат берді. Ақын мұрасын қызыға оқитын
оқырмандар барда, әр шығармасыда сұраныста болады деген
сенімдеміз.
Айнагүл САйЛАуҚЫЗЫ
№2 балалар кітапханасының кітапханашысы
Халқының бір
перзенті –
Саттар
Ерубаев
Әдебиет әлемінде талай қыршын жас
ақын-жазушы «құйрықты жұлдыздай»
жалт етіп ағып өткені мәлім. Бірақ
солардың ішінде қысқа өмірімен
ұзақ жарығын қалдырғандар аз емес. Өз халқы алдындағы
перзенттік борышын ақтап кеткен сол асыл жандардың бірі -
Саттар Ерубаев.
Біздің мақсатымыз - Саттардың өмірін бастан-аяқ баяндау
емес, қазақ әдебиетінің оқушыларына, әсіресе жастарға,
Саттардың адамшылық тұлғасын, ақындық талантының
шеңберін дұрыс ұғындырып, ой салып, есте қалдырсақ-
міндеттің орындалғаны.
Ең алдымен Ж.Бектуров атындағы жасөспірімдер
кітапханасынына осындай С.Ерубаевтің 100 жылдығына арнап
байқау ұйымдастырғандарыңызға рахмет. Сонымен қатар
ұстазым Мырза Гулзия Досқалиқызына да алғысымды
білдіремін. Сол кісінің арқасында өзіме үлкен тәжірбие жинап,
ақыл, ойын тыңдап осы байқауда бас жүлдеге ие болдым.
Әрине, сонымен бірге біздің мол қорға бай Бұлдырты модельді
кітапханасынында маған көп көмегі тиді.
Менің дүниетанымымды, өмірге деген көзқарасымды
өзгертуге себеп болған С.Ерубаевтің «Менің құрдастарым»
романы. Осы роман арқылы жастарды патриоттық рухта
тәрбиелейтін, шығармашылық жұмыстар көбейіп, жастарды
кітап оқуға шақырамын. Алдағы уақытта тағыда осындай
байқаулар өткізіле берсін деймін. Сіздерге тағада өз алғысымды
білдіремін.
Қарлығаш ВЕБЕР
Ж.Бектуров атындағы Қарағанды обылыстық
Жасөспірімдер кітапханасының С.Ерубаевтің 100 жылдығына
арнап
ұйымдастырған «Біз құрдастармыз» шығармашылық
байқаудың бас жүлде иегері
Сырым ауданы, Бұлдырты ауылы.
Әлемді билейтін сөз, сөзді билейтін
ақын. Фариза сынды туысы бөлек тұлғалы
ақын өмірден озғанда өзімен бірге аса
қымбат қазына-өзі әлі айтып үлгермеген
асыл сөз бен теңіздей терең ойларды
ала кетті. Махамбеттей өткір, Мағжандай
сыршыл ақынның рухани қазынаға ол
салған олжа аз емес.
Қазақ поэзиясының падишасы Фариза
Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда
қазіргі Атырау облысы Новобогат ауданына
қатысты
Манаш
аулында
дүниеге
келген. 1961 жылы Гурьев мемлекеттік
педагогикалық институтын бітіргеннен
кейін әуелі мектепте мұғалім, кейін
облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің
әдеби қызметкері болып еңбек етті.
1968-1970 жылдары республикалық
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»)
газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары
бойынша меншікті тілшісі, ал 1970-1978
жылдары республикалық «Қазақстан
пионері» (қазіргі «Ұлан») журналының бас
редакторы, 1978-2000 жылдары «Пионер»
(қазіргі «Ақжелкен») журналының бас
редакторы қызметтерін атқарды. 2000-2004
жылдары Қазақстан Республикасының
Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Қазақ халқының дүлдүл ақыны, ерке
аққу қызы, Мемлекетттік сыйлықтың
лауреаты, белгілі қоғам қайраткері Фариза
Оңғарсынова 2014 жылдың қаңтар айының
23-ші жұлдызында дүниеден озды. Осы бір
жыл ішінде халқы ақынын бәр сәт естен
шығарған жоқ.
Спортқа дарынды балаларға
арналған мамандандырылған облыстық
мектеп-интернатында да спорт пен өнерді
қатар бағалайтын балғындар аз емес.
«Поэзия падишасы - Фариза» атты өткен
поэзиялық кеште ақын рухына бас иіп
өлеңдерін тебірен оқы,ан өрендер аз
болмады. Кеш барысында ақын апамыздың
көптеген өлеңдері оқылып, ақын өмірі,
шығармашылығы
туралы
бейнебаян
көрсетіліп, әндері айтылды. Мектебіміздің
8 «а»
сынып оқушысы Темірхан Каримов,
7 «а» сынып оқушылары Елжас
Самиғоллин, 7 «а» Алмас, Қуанаев 10 «а»
сынып оқушылары Нурбол Джумагулов,
Мерхан, Өтегенов, Армат Кабдолов
ақынның өлеңдерін нақышына келтіре
оқыды. Фариза апамыз дүние салған кезде
көптеген ақын-жазушыларымыз өздерінің
қайғылы көңілдерін баспасөз беттері
арқылы білдірді,сондай жоқтау жырлардан
Қарлығаш Жұбанышева мен Алихан Есқали
мәнерлеп оқыды. Кеш соңында Әбиірбек
Тінәлінің әніне жазылған, мұзбалақ ақын
Мұқағалидың «Фариза» өлеңін, Айша
Жумагалиева тебірене орындап берді
...Фариза Оңғарсынова-қазақ өлеңінің
құбылысы, түркі тілінің тәбәрігі, шығыс
шынарларының шыңы, әлем әдебиетінің
құнды қазынасы. Қазақтың өр мінезді, асқақ
рухты ақын қызы Фариза Оңғарсынованың
жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде
мәңгі сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |