Айбөбек АйБОЛАТҚЫЗЫ
Спортқа дарынды балаларға арналған
мамандандырылған облыстық мектеп-
интернат кітапханашысы
Орал қаласы
Халқының жүрегінде жүрер мәңгі...
Абдрахманова Н.
№34 мектеп-
гимназиясы
2 “в” сынып
№2 (210) 27.01.2015 ж.
6
Өздерің жазған хаттардан
«Жыл оқушысы-2014»
Мектебімізде интеллектуалдық және рухани-танымдық жағынан өздігінен жетілуге талпынатын, көшбасшылық
қабілеті, азаматтық және жеке өмірлік ұстанымы бар, шығармашыл дарынды оқушыларды анықтау, жетілдіру
мақсатында «Жыл оқушысы-2014» байқауы оздырылды. Төрт кезеңнен тұратын байқауға қатысуға 5-9-
сыныптан тоғыз оқушы тілек білдірді.
І кезеңде оқушылар өздері таңдаған әртүрлі жанрда өздерін
көпшілікке таныстырды. ІІ кезеңде шығармашылық жобаны қорғау.
Жергілікті батыр ана, ауғандақ батыр, соғыс ардагері, өнертапқыш
ғалым, шығармашыл тұлғалар (дәрігер, мұғалім, актер, суретші т.б).
өмірін, атқарған қызметін, жетістіктерін зерделеп таныстыру. Оқушылар
бұл кезеңге жауапкершілікпен тыңғылықты дайындалғандары көрініп
тұрды. Әр оқушы жергілікті жерге танымал тұлғаларды өнеге етіп,
мақтанышпен жеткізе білді. ІІІ кезең Зияткерлік сайысы болды. Бұл
сайыста оқушылардың дұниетанымы қаншалықты жоғары екендігі
көрінді. ІV кезеңде шешендік өнер «Жеңіске-70 жыл», «ЭКСПО-2017»
тақырыптарында оқушылар өз ойларын өрбітті. Байқау қорытындысы
бойынша барлық кезеңнен мүдірмей өтіп, жеңімпаз атанған 9-сынып
оқушысы Гүлжанар. Жоламанова І орын-5-сынып оқушысы Б.Құлмақ, ІІ
орын 8-сынып оқушысы Серіжан Габдешев ІІІ орын – 7-сынып оқушысы
Айсем Құлмақ «Сұлу сөздің шебері» Н Салимов, «Эрудит»- Сұлтан
Малықов, «Интеллектуал»- Саят Малықов, «Шығармашыл тұлға»- Л.Сағидоллақызы, «Көрермендер
көзайымы»- О.Құмарова аталымдарына ие болды. Кеш жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұстаздар, ата-аналар
көңілдерінен шықты.
С.БАйНЕШЕВА
Еңбекші негізгі мектебінің психологі
Қызылжар ауылы Ақжайық ауданы
Кәсіпкер аға-
апаларға мың
алғыс
Мектебіміздегі жаңа жылға
арналып өткен мерекелік шара
бүгінде әлі де көптң көңілінде жүр.
Сәби жүректердің сол бір шаттанған
жүздерін көру үстаз бен ата-ана бақыты. Мен осы бір сәтті балғындар баслымы
арқылы боямасыз халыққа жеткізбек болдым. «Ақ көгершін» шағын орталығында
тәрбиешілер М.Жексенғалиева және М.Раглакова сайқымазақ, қасқыр мен
түлкі кейіпкерінде бүлдіршіндердің көңілінен шықса, бастауыш буында қар
ханшайымы Р.Утегенова, алдар көсе бейнесінде Р.Демесиновтер ертегілер
елінен келген кейіпкерлерді шебер сомдап шықты. Жоғары сынып ұстаздары
әртүрлі кейіпкерлердің бейнесінде мерекеге белсене ат салысты. Жасыл шырша
мерекесінде бүлдіршіндерге демеушілік көрсетіп, оқушыларға сыйлық таратқан
жандарға алғысымыз шексіз, олар жеке кәсіпкер Кайнулова Эльмира Калешевна,
Манукян Ашот Гургенович, жеке қожалық Жантуреев Лес Петрович, Бахтияров
Жаслан Хамитұлы ағаларамызға алғысымыз шексіз. Отбасыларына амандық,
жаңа қой жылы мол табыс әкелсін деп тілек білдіреміз.
А.ДЕМЕСИНОВА
«Киров мектеп-балабақша кешені»-нің ДТІЖО-ы
Бөрлі ауданы
Кыс қызығы жетерлік
Міне, көптен күткен қыс мезгілі де келіп жетті. Желтоқсан айы.
Қар жауып, балалар қар лақтырысып ойнап жүр. Ата-аналарда,
балалар да көңілді. Қыс мезгілінде көптеген мейрамдар болады,
мысалы; 1 желтоқсан Президент күні, 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні,
1-2 қаңтар Жаңа жыл. Әр тәрбие сағатында біздер осы мерекелер
туралы өз ойымызды айтамыз. Президент күні елбасына хат
жазып, тілек айттық, тәуелсіздік күні тәуелсіздік құрбандарын еске
алдық. Енді, міне жаңа жылдың қалай келіп қалғанын сезбейде
қалыппыз. Осы орайды пайдалана отырып, ата- анамды,
достарымды, сыныптарымды, ұстазым - А.Ахбалинаны жаңа
жылдарыңызбен құттықтаймын. Жарқын болашақ, еліміз тыныш
болсын демекпін!
МЕйРАМБЕК САБЫРОВ
Мұхит атындағы орта мектептнің 4 «в» сынып оқушысы.
Қаратөбе ауданы
Шанамен сырғанап,
Аққала жасаймыз
Қыс мезгілі қандай жақсы.Барлық балалар секілді мен де
Жаңа жыл мейрамын асыға күттім. Аязатаға өз өнерімді көрсетіп
сыйлықтар алдым. Мен би үйірмесіне қатынасып жүрмін. Жаңа
жылдық кеште әр ұлттың биін биледім. Қысқы демалысқа да
шықтық. Бұл демалысымды достарымен бірге көңілді өткіземін.
Мен өзімнің інім Дарханды да бірге қасыма ертіп жүремін. Шанамен
ойнаймыз, аққала жасаймыз, сырғанақ тебеміз.
ГүЛЗИНА ШАйМАРДАН
Ғ.Қараш атындағы орта мектебінің
3-сынып оқушысы
Жәнібек ауданы, Борсы ауылы
МЕРЕй СЕРіК
Тайпақ мектеп- гимназиясының
5-сынып оқушысы
Тайпақ ауылы, Ақжайық ауданы
Менің анам
Дүниеге келгенде ең бірінші көретініміз - ол ана. Анамыз бізді кішкентай
кезімізден бастап аялап бағып-қағып өсіреді. Менің анамның есімі - Ғалия. Ол
мен үшін, менің өмірімде ең жақын адам. Ол өте керемет және мейірімді жан.
Ананың ыстық алақаны мен мейірімін ешбір нәрсе айырбастай алмайды. Менің
анам мектепте ұстаз болып жұмыс істейді. Оның шәкірттері өте көп. Бәрі анамды
сыйлайды. Мен анамды өте жақсы көремін. Ол барлық адамға көмектеседі.Бізге
үнемі ақыл айтып отырады. Мен анамның айтқанын тыңдап өсемін.
ТАЛАНТ ТАБЫЛДИЕВ
Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің
3-сынып оқушысы.
Aқжайық ауданы, Тінәлі ауылы
Аяулы анам
Ана-өмірдің ең аяулы жан. Ананың жүрегі бала деп соғады. Бауыр еті
баласын еш жамандыққа қимайды. Менің анамның есімі – Гульфайруз.
Анам көркіне ақылы сай. Анам мені тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға
қақтырмай өсіріп келе жатыр. Анам мені сабақты жақсы оқып білімді адам
болуымды қалайды. Мен анамды мақтан тұтамын. Жаңа жылмен тұспа-тұс
келген туған күнімен құттықтаймын. Деніне саулық,бақыт тілеймін!
АйГЕРіМ НҰРЛАН
Мұхит атындағы орта мектептің
4 «в» сынып оқушысы, Қаратөбе ауданы
ӘЛіМЖАН АСЫЛХАНҰЛЫ
Тегісшіл орта мектебінің
даярлық тобының оқушысы
Жәнібек ауданы, Тегісшіл ауылы
Мейрамбек МҰСТАЖАНОВ, Восход орта мектебінің
3-сынып оқушысы , Теректі ауданы
Қыс
Қыс келді. Айнала мамықтай аппақ.
Мен қыс мезгілін жақсы көремін. Қыста
біздер шанамен, шаңғымен төбешіктен
сырғанаймыз, асыр салып ойнаймыз.
Ойынға қатты берілетініміз сонша үскірік
аязды да елемейміз. Балалар қыс мезгілін
осы үшін асыға күтеді. Қардан аққала
жасаймыз. Қыста ауа райы таза болады.
Үйлердің мұржаларынан түтін будақтап
жатады. Адамдар қысқы соғымдарын
сойып алады. Көршілер бірін-бірі қуырдаққа
шақырады. Менің туған күнім ақпан айында. Туған күніме анам
мерекелік дастархан жаяды. Достарымды шақырамын. Қыста біздер
Жаңа жылды қарсылаймыз. Барша адамзатқа бақыт тілеймін.
РИНАТ ҚАЛЫМГЕРЕЕВ
Восход орта мектебінің
3-сынып оқушысы, Теректі ауданы
Жаңа жыл
Біздің мектепте Жаңа жылдық
ертеңгілік
өтті.
Бастауыш
сынып
оқушылары тегістей әртүрлі ертегі
кейіпкерлерінің киімін киіп, кештің
сәнін келтірді. Ал мен жылан бейнесін
сомдадым. Жасыл шырша залдың сәнін
келтіріп тұрды. Өте әсем безендірілген.
Әр сынып түрлі қойылымдар қойды. Ұстаздарымыз да
бізден қалыспай ертегі кейіпкерлеріне еніп, тамаша
көрініс көрсетті. Ертеңгілік өте қызықты өтті. Аяз ата мен
Ақшақардан түрлі сыйлықтар, тәттілер алып мәз –мәйрам
болдық. Олар да бізге риза болып, жақсы көңіл күймен біз
сияқты көрші ауылдың балаларына аттанып кетті. Бұл Жаңа
жыл балалардың ең сүйікті асыға күтетін мейрамы. Жаңа
жыл бізге берекесін, байлығын, шаттығын әкелсін.
Аян РуХОЛЛА
Восход ЖОББМ-нің 3-сынып оқушысы
Теректі ауданы
Ұстаздарыма мың алғыс
Ұстаз деген ұлағатты-сөз. Әрбір бала үшін ең қасиетті, ең ардақты сөздің бірі. Өз
шәкіртінің жарқын болашағына жол ашып, еліне тірек болар азамат етіп тәрбиелеу,
біліммен сусындату барлық ұстаздың арманы және тілегі. Ұстаз әр баланың екінші
анасы. Ол өзінің ақылын, білімін өз шәкіртінен аямайды. Ұстаз деген ұлы ұғым, ұлы
тұлға,әрдайым әрбір адамның мәңгі есінде жүреді. Ұстаздық жол қиын жол. «Ұстаздық
еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, әрбір ұстаз баланы үйретуден, оған
тәрбие беруден шаршамайды. Бізге де білім мен тәрбие беріп жатырған ұстаздарымыз
көп. Соларға алғысым шексіз.
ДАНИЯР АЛДАБЕРГЕН
Чапаев бастауыш мектебінің, 4-сынып оқушысы Теректі ауданы
№2 (210) 27.01.2015 ж.
7
Асыл анам
Ана біздің өміріміз қалықтаған,
Ана біздің бақытымыз жарықтаған.
Анасыз бір күн өмір жоқтығын,
Біледі оны өмірдегі әр адам.
іНЖу АРЫСТАНОВА
Х.Есенжанов атындағы орта
мектептің 5 «А» сынып оқушысы
Теректі ауданы
АЯЗ АТА МЕН
АҚШАҚАР
Аяз ата келеді,
Бізге сыйлық береді.
Ақшақары қасында,
Көмектесіп жүреді.
Алихан КАРАШИН
Т.Жароков атындағы ОМ-нің
3 «ә»сынып оқушысы
Жәнібек ауданы
Қауырсын қалам
Сөзжұмбақ
Мақалды жалғастыр. .....- білім бұлағы.
1.
Не баласын жұмсағым дейді?
2.
Бие сүті.
3.
Күз айы.
4.
Үй жануары
5.
Асылан Диас
2-сынып оқушысы Зеленов ауданы
Чувашка ауылы
Елбасы – ел данасы,
ел баласы
Елбасы – ел данасы, ел баласы,
Қазақтың бас иеді кең даласы.
Өзіңді қай биікке теңесем де
Жетпейді сипаттауға сөз сарасы.
Ұқсауды армандайды тек өзіңе,
Кез-келген қарапайым ел баласы.
Сіздей боп өсу үшін ел ағасы,
Еңбек, талап, керек және ой-санасы.
Жиырма үш жыл басқардың елімізді,
Отанды, байтақ дала жерімізді,
Көркейді бұл күндері қазақ елі
Тыныштық жайлап алған төрімізді.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деп
Ойладың ел жағдайын жаңа күнгі.
Елімде береке мен бірлік мол деп
Қостыңыз ұшқыр ойлы үлесіңді.
Мақтанышпен айтамын «қазақпын» деп,
Тәуелсізбін, биікпін, азатпын деп
Нұр аға, сіз бастаған нұрлы жолдан
Көргендеймін жақысылық, ғажап күн тек!
Алишер ТОТАНОВ
Жайық негізгі мектебінің 9-сынып оқушысы
Ақжайық ауданы
Елбасына
Татулықты сақтайтын,
Тыныштықты сақтайтын,
Құрметтеймін Елбасын
Ел үмітін ақтайтын.
Қ.САМИҒОЛЛИНА
«Қауырсын қалам» үйірмесінің
мүшесі, Сатыбалды ОЖББМ-нің
оқушысы, Казталов ауданы
Жаңа жыл
Аяз ата,Ақшақарды қарсы алдық.
Жаңа жылда жаңаша біз ән салдық.
Жасыл шырша жанында
Балалардың өнеріне тамсандық.
Ж.ФАЗЫЛОВА
«Қауырсын қалам» үйірмесінің мүшесі
Сатыбалды ОЖББМ-нің оқушысы
Казталов ауданы
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік тұғырым еркіндігім
Кең жайылған жазира байтақ елім.
Жүзінен мейірі нұр құйылған
Дархан далам, дарабоз халқым менің.
Айасыл ТіЛЕС
Совхоз ОМБ-нің 2-сынып оқушысы
Тасқала ауданы
Ұстазыма
Білім – теңіз әлемі
Саяхатқа шыққанмын.
Желкенді мектеп кемені
Қорғаушы күш ұстазым.
Білімнің ашып ақ таңын
Нұрын төккен шуақты
Ұстазым менің мақтаным
Оқытқан алғаш кітапты.
Аяужан ҚуАНОВА
С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің
5-сынып оқушысы
Мәстексай ауылы, Жаңақала ауданы,
Жаңылтпаш
Тәуліктің төрттен бірі сегіз,
Малдың екіден бірі семіз.
Жылдың төрттен бірі үш ай,
Ендеше жазда малыңды жай.
Жина қысқа сары май.
Қыс айында соғым сой,
Тәтті етіне той.
Бекет АМАНДЫҚОВ
Қызылтал ЖББОМ-нің 6-сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
Жаңа-жыл!
Жаңа-жыл!
Жаңа жылмен жаңа жыр.
Қуаныш пен жақсылық,
Келсін бізге жаңа нұр.
Айяулым ҚОЛҒАНАТОВА
Бөрлі негізгі орта қазақ
мектеп жанындағы
интернат тәрбиеленушісі
Бөрлі ауданы
Өйткені олар
отбасым
Әкем менің тірегім, асқар тауым
Анам менің қамқоршым, аялаушым
Ағам менің ақылшы,үйретушім
Сіңлім менің қолғанатым, ботақаным
Жақсы көрем бәрінде
Өйткені олар отбасым.
Назымгүл ШАЛАБАй
Мұхит атындағы орта жалпы білім
беретін мектебінің
2 «б» сынып оқушысы
Қаратөбе ауданы
Қыс
Қыс келді міне, алақай,
Ойнап жүр ғой, балақай.
Ақ қала мен Аяз ата,
Мен үшін ерекше тамашай.
АРЫСТАН НҰРТіЛЕК
Х.Есенжанов атындағы орта
мектептің 1 «а» сынып оқушысы
Теректі ауданы
ШАЛҚАР
Шалқар көлім айдыным,
Мақтанышым айбыным.
Шағаласы көгінде,
Қамыс, балық көлінде.
Ел байлығы өзінсің,
Суық шипа баршаға.
Балық құмын таптырмас,
Ел іздеген адамға.
ҚуАНЫШ ҚҰРМАНҒАЗИЕВ
Х.Есенжанов атындағыорта
мектептің 4 «б» сынып оқушысы
Теректі ауданы
Ана
Ана деген әлемдегі ардақты ат,
Оны сыйлап құрметтейді адамзат.
Ана бізді өсірді ғой мәпелеп,
Бізде оған айтайықшы алғыс хат.
Ана деген асыл тас қой бағалы,
Одан басқа таба алмайсың дананы.
О, адамзат құрметтейік ананы,
Ана деген, ана деген бағалы.
НуРИЯ ТАЛАПОВА
Х.Есенжанов атындағы орта
мектептің 5 «б» сынып оқушысы
Теректі ауданы
Қыс
Қыс мезгілі жаңаша,
Қысқы ұйқыға кетеді.
Қонжық,борсық тағы да,
Қыс мезгілі тамаша.
Коньки теуіп, шаңғы ойнап
Аққала жасап, қар атып
Балалар жүр қызарып
Оларға сыйлық арқалап
Аяз ата келеді мұрны қызарып.
АЛИХАН ВАЛИХАНҰЛЫ
Мұхит атындағы орта мектептің
4 «в» сынып оқушысы
Қаратөбе ауданы
ҰСТАЗЫМ МЕРуЕРТ
АПАйҒА
Ұстаз деген ұлы тұлға ардақты.
Мінезі бар сабырлы да салмақты.
Өз шәкіртін алға тартып тұратын,
Ұстазым бар менің құрмет тұтатын.
Ол ұстазым - Меруерт апай ардақты,
Білім беріп, Әліппені ұстатқан.
Әрбір сөзі мән-мағына беретін,
Қасиетті, қадірлі де қымбатты.
Нұрлы НИГМЕТуЛЛИНА
Т.Жароков атындағы ОМ-тің
3-сынып оқушысы
Жәнібек ауданы
Табиғат
Табиғат - біздің даламыз,
Ластауда оны қаламыз.
Жаңашыры, қорғаушысы біздерміз,
Табиғат - біздің анамыз.
Бақдәулет МАҚСОТ
Тегісшіл ЖББНМ-нің 2-сынып оқушысы
Тегісшіл ауылы Жәнібек ауданы
Отанымды
сүйемін
Отанымды сүйемін,
Басымды мен иемін.
Тәуелсіздік арқасында,
Бақытты өсіп келемін.
Мария ПЕРЕПЕЛКИНА
Вальдорф бағытындағы мектеп-
гимназиясының
3 «а» сынып оқушысы
Зеленов ауданы
Қазақстан
– Отаным
Қазақстан – Отаным,
Сенде өсіп, толамын.
Тәуелсіз елде
өмір сүрген,
Мен бақытты баламын!
Милана ГАБРИЭЛЯН
Вальдорф бағытындағы мектеп-
гимназиясының
3 «а» сынып оқушысы
Зеленов ауданы
Ұстаз
Ұстазым менің ұстазым,
Ақылшым менің данамсың.
Бар байлығым бала деп,
Шуақ шашқан дарамсың.
ЖИЕНБАй БАҚТИЯР
Шалқар бастауыш мектебінің
1-сынып оқушысы
Теректі ауданы
№2 (210) 27.01.2015 ж.
8
Ізгі
Сандар сыры
Қытайлықтар санға үлкен мән береді. Олар «4»
санын ең бақытсыз сан деп біледі. Тіпті «4» саны бар
ауруханаларға аурулар жатудан бас тартқан және
ауруханаларда 4-ші қабат деген сөз жоқ, қабаттың
өзі бар, бірақ оны 3 «а» деп ауыстырған. Ал 8 санын
ерекше құрметтейді. 8 санының өзі шексіздікті білдіреді.
8 қытайша «фа» байлық дегенді білдіреді. Кейбір сандар
қытайлар үшін: 6 мен 9 бақытты сандар, әсіресе 666-ны жақсы көреді, 6 көп келсе, арман орындалады
деп біледі. 9 «цзю» ұзақ өмір сүру деген мағынада. Ал 28 тез келетін ақша, 18 байлық, 48 бизнестегі
табыс, 68 аспани сәттілік, 98 байлық пен билік, 168 асып төгілген молшылық. 1-ді бірлікте болу және
көшбасшылық, тұрақтылық деп біледі, 2 саны сәтті сан. 5 «жоқ» деп терістеуді білдіреді, бірақ оны
басқа санмен қосса, оң көзқарасты білдіреді. 0 саны қолданылмайды.
Қазақтарда «жаман сан», «қатерлі сан» деген жоқ. Қазақ халқы қай нәрсені де жақсылыққа жорыған.
Дегенмен, 7, 9 сандарына ерекше қарайды. Ислам дінінде Алла барлық әлемді 7 күнде жаратқан, 7-ші
күні Адамды жаратқан екен делінеді. Жеті қазынаға, жеті күн, жеті шелпек тағы басқа сөздер бар. Ал 9
саны дінмен байланысты айрықша саналатын болуы керек. Алланың 99 есімі бар, пайғамбар 9 өсиет
қалдырды делінеді. Міне, бұл сандар әлеміндегі қызықтардың бірі ғана.
Дана АЛПЫСБАЕВА
Қызылтал ЖББОМ-нің 6-сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
Ме
Газет ҚР Мәдениет және Ақпарат
министрлігінде тіркеліп, 26.11.2008 ж
№ 9661 – Г куәлігі берілген
Индексі: 65771
Газет айына бір рет шығады
Таралым 2 500 дана
Меншік иесі: ЖК Сүндетов Ж.К.
Бас редактор:
Сүндетов Жұмажан Қадимұлы
Ұялы тел: 8-701-687-58-86
Газет ЖШС
«
Полиграфсервис
»
баспаханасында басылады.
Орал қаласы, Л.Толстой көшесі 27/1
Тел.: 51-41-99
Редакция мекен-жайы:
Орал қаласы, пр. Евразия
89/79, Факс: 26-93-62
samal-gazets@mail.ru
8
Самал сенің газетің
Компьютер отбасы
Баяғыда компьютер деген үлкен атай болыпты. Атайдың екі
немересі бар. Үлкен немересінің есімі ноутбук, кіші немересінің аты
нетбук. Олардың вирус деген жауы бар
екен. Бір күні вирус кіші немересін яғни
нетбукты ауруға ұшыратып тастаған екен.
Оны көрген атасы полиция антивирусқа
айтып жазалап, немересін емдетті.
Сүйтіп үшеуі тату да тәтті, бақытты өмір
сүріпті.
Бибинур ДИШЕНОВА
Тегісшіл ЖББНМ-тің,
3-сынып оқушысы
Жәнібек ауданы
Бақытты өмір
Ерте, ерте,ертеде, ескі бір сарайда Леп
деген патша өмір сүріпті. Оның жалғыз Сұрау
деген қызы болыпты. Бір күні сарайға Хабарлы
ханзада шабуыл жасапты. Хабарлы патшасы
Сұрау бойжеткенді көріп, оған ғашық болыпты.
Содан бері бұл патшалықта Хабарлы ханзада,
Сұраулы сұлу, Лепті хан бақытты өмір сүреді
екен дейді.
Дильназ ЕСЕНЯЗОВА
М.Б.Ықсанов атындағы
№36 орта жалпы білім беретін
мектептің,
2 «Б» сынып оқушысы
Қалалық Мектептен
тыс жұмыс орталығының
психологы
Гүлзада
К ә р і м қ ы з ы н ы ң
ұ й ы м д а с т ы р у ы м е н
«Солнышко» атты үйірме
бүлдіршіндерінің қатысуымен балаларға арналған
шаралар болып өтті.
Бүлдіршіңдердің орталықтағы көңіл-күйлерін ойлау
қабілетін дамытуға арналған шарада балғындар сенсорлық
бөлмедегі құрал-жабдықтар, ойындар арқылы қиялдарын
дамытуға барынша ат салысып қызық ойындар арқылы
қуанышқа бөленді.
Аталмыш шара барысында бүлдіршіндердің ақыл
ойлары өрістеп, шексіздік әлеміне сапар шеккендей
болды. Олар қызғылықты ойындар ойнап әрқайысы
сұрақтарға дұрыс жауап берді. Әр ойын барысында олар
біліктіліктерін ортаға салып, танып ажырата білді. Осы
сабақтан
тәлім
беретін Гүлзада
К ә р і м қ ы з ы н ы ң
зор
еңбегінің
арқасында
өзін-
өзі танудың әрбір
сабағы қызықты әрі
тартымды өткізілді.
НҰРАйЫМ ДүйСЕШОВА
Тайпақ мектеп –
гимназиясының
5 – сынып оқушысы
Ақжайық ауданы, Тайпақ
ауылы
«Қой жылы әр күніміз
жайма шуақ нұрлы
болсын!»
АППЛИКАцИЯ «АСТАНА»
Аяулы ұстаздарым!
Мен 2-Шежін ауылының ЖББ Шежін орта мектеп-
балабақшасында 3-сыныпта оқимын. Оқу озатымын.
Біздің сыныпта 21 оқушы. Сыныпта бәріміз бір үйдің
балаларындай татумыз. Сабақтан қалмаймыз.
Мен өз ұстаздарым туралы айтқым келеді. Мені
1-сыныптан бастап сауат ашып, әліппе үйреткен сүйікті
апайым Ахметова Бибігүл Даулетқызы. Апайымызды
сынып болып қатты жақсы көреміз. Ол өте мейірімді. Бізге
берген әр сабағы өте қызықты өтеді.
Тағы бір ұстазымыз бізге орыс тілі пәнінен береді.
Есімі - Утегалиева Гүлмира Қайыржанқызы. Бізге орыс тілін алғаш осы
3-сыныптан бастап беруде. Менің ойымша қазақ тілі мен орыс тілі әріптері
өте ұқсас, ал айтылуы бойынша, санау мен оқуды үйретуде Гүлмира
Қайыржанқызы бізге әрқашанда шаршаған емес.
Мен өз ұстаздарымды мақтанышпен айта аламын. Әр сабақтан келген
сайын алған әсерлерімді әжем мен анама айтып бөлісемін. Менде өскенде
өз ұстаздарым сияқты білімді болсам деймін.
Халиссат ХАТЕП
ЖББ Шежін орта мектеп-балабақшасының 3-сынып оқушысы
Тасқала ауданы
Бүлдіршіндер әлеміне саяхат
Айнара МЕҢДіҚҰЛ
Т.Жароков атындағы
ОМ-нің
1 «ә» сынып
оқушысы
Жәнібек ауданы
Ернат ҚАЖИДЕН
Жаңақала ЖОББМ-нің
«Түзете дамыта оқыту
оқушысы»
4-сынып оқушысы
Жаңақала ауданы
Биғайша БАйМҰХАНБЕТОВА
Мектептен тыс жұмыс орталығының кітапханашысы, Орал қаласы
«АЛТЫН АДАМ»
АРуЖАН КӘКіМЖАН
«Григорьев мектеп-
балабақша кешені»
1 «А» сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
ӘДіЛЖАН ДЕМЕуОВ
«Григорьев мектеп-
балабақша кешені»
1 «А» сынып оқушысы
Бөрлі ауданы
Достарыңызбен бөлісу: |