Ұйымның ішкі ортасы



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі56,91 Kb.
#118455
түріҚұрамы
1   2   3   4
Ұйымдық мәдениет және оның элементтері
Ұйымдық мәдениет концепциясы 1980 жылы АҚШ-та стратегиялық басқару, ұйым теориясы және тұлғаның іс-әрекеттерін зерттеу нәтижесі барысында ойлап табылды. Ұйымдық мәдениет ұйымда қалыптасқан дәстүрді, құндылықтарды, символды, сенімді, ұйым мүшелерінің ресми және бейресми іс-әрекеттерін бейнелейді.
Ұйымдық мәдениет төмендегі маңызды функцияларды жүзеге асырады:
Қорған: ұйымды әр түрлі сыртқы жағымсыз жағдайлардан қорғайды;
Біріктіру: адамдарды біріктіріп, олардың ұйымның бір бөлігі екендігі сенімін ұялатып қалыптастырады;
Реттеу: ұйымда жалпы әлеуметтік-психологиялық климатты орнықтырады және сыртқы қоршаған ортаға қарсы ережелер мен нормативтерді қалыптастырады;
Коммуникация: адамдар арасындағы қарым-қатынастарды нығайтады;
Адаптация: адамдардың бір-бірлерімен бейімделуіне септігін тигізеді;
Бағыт: адамдардың іс-әрекеттеріне жалпы ұғым беріп, бағытын айқындайды;
Мотивация: ұйым мүшелерін ынталандырады;
Тәрбие: ұйым мүшелерін тәрбиеге баулиды;
Имидж: сыртқы қоршаған ортаға (тұтынушылар, клиенттер, бәсекелестер, серіктестер, қоғам) қарсы имидждін қалыптастырады. Қазіргі таңда стратегиялық тұрғыдан ұйымның мәдениеті бәсекелестік қабілетті жоғарылататын бірден-бір фактор болып табылады.
Қазіргі заманғы әлеуметтік, технологиялық, экономикалық және саяси жағдайларында ұйымдар өздерінің ішкі жағдайларына ғана назар аудармай, айналадағы болып жатқан сыртқы орта өзгерістеріне үйренісіп үлгеру үшін ұзақ уақытқа жететіндей стратегияларды дайындауы қажет. Осы ортадағы әрбір элемент оның болашақтағы көркею мен даму шарттарына, іс-әрекетінің табыстылығына әсер етеді[1]. Ішкі орта ұйымның дамып, әрі қарай өркендеуіне қажетті баға жетпес ақпарат көзі болып табылады. Тұрақты түрде ортаны зерттеу басшылыққа өзінің мықты және әлсіз жақтарын анықтауға, бәсекелестік артықшылықтарын кеңейту және нығайтуға, сондай-ақ пайда болуы ықтимал проблемаларды азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, нарық жағдайында ішкі ортанының факторларын зерттеу және пайдалану ұйымның маңызды қызметтерінің бірі болып табылады[2].
Клиникалық басқару жүйесі, егерде қоршаған ортаға қарқынды түрде сай болып келсе, ол алға дами береді, сөйтіп орта сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді.(1-ші сурет)



1-ші сурет. Клиникалық басқару жүйесіндегі қоршаған орта

Ұйымның ішкі ортасы төмендегілерден қалыптасады:



  • ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес;

  • ұйымның мүмкіндіктеріне сәйкес (қаржылық, материалдық).

Ішкі орта анықталады:

  • ұйымның құрылымы (мысалы, " жабдықтау-өндіріс-қаржы-кадрлар бөлімі-өнімді өткізу»);

  • оны басқару жүйесі;

  • өндірістік технологиялық процестермен;

  • автоматтандыру деңгейі, еңбекті бөлу, коммуникация.

Ішкі ортада туындайтын өзгерістер, негізінен, басқару шешімдерінің нәтижесі болып табылады, бірақ олардың барлығы толығымен басшылық бақыланбайды. Мысалы, құрылыстағы технологиялық маманданудың салдары (жұмыс кешенін арнайы бригадалармен және буындармен орындау) ұйымдастырушылық байламдардан болып табылады (бригаданың босатылуы ол үшін жұмыс шебін босатумен сәйкес келмейтін және керісінше). Мердігер мамандандырудан бас тарта алмайды, әйтпесе сапа мен өнімділік сәйкесінше төмендейді. Оның орнына басшылық бұл келіспеушіліктерді өтейтін шараларды қабылдайды: диспетчерлендіру, ағынды әдістер, резервтеу және т. б.
Ұйымның ішкі ауыспалыларыдегеніміз, ұйымның ішкі жағдайлық факторлары. Мекеменің өз ішінде негізгі ауыспалылар, ол оның мақсаттары, құрамдары, міндеттері, технологиялары мен адамдары. Мекемені адамдарға ұжымдық түрде болмаса, жекеше әр адам орындай алмайтындай етіп жасайтын мақсатқа жету ретінде қарауға болады. Мекеме ашық жүйе ретінде ресурстарды, энергияларды, кадрларды, санай-ақ тұтынушыларды жеткізуге тәуелді болған-дықтан, басшылар әрқашан ортаны ескеріп отырады. Ұйымның өміршеңдігі басшыға байланысты болғандықтан, менеджер ортадағы оған әсер ететін маңызды факторларды таба білуге міндетті. Ол сыртқы ортаға жауап бере алатын қолайлы әдістерді ұсына алатындай болуы керек. Бірінші мәселе болып, басшыға сыртқы ортаны анықтап алу жатады.
Ұйымның ішкі ортасы — ол өзара байланысқан ауыспалылар жиынтығы (2-ші сурет):

  1. мақсаттар;

  2. міндеттер;

  3. құрылым;

  4. технологиялар;

  5. адамдар.



2-ші сурет. Ұйымның ішкі ортасының факторлары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет