Ұйымның ішкі ортасы



бет3/4
Дата18.10.2023
өлшемі56,91 Kb.
#118455
түріҚұрамы
1   2   3   4
Ұйымның табыстылық критериі
Жетістікке жеткізетін басқару ғана тиімді болмақ. Ұйымның жетістігі белгіленген мақсатқа әкеледі. Ұйымның жетістігін анықтау бірнеше көрсеткіштерден тұрады.
1. Өміршеңдік. Өмір толқынында «батып кетпес» үшін, қатардан қалып қоймау үшін көптеген ұйымдар сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына беймделуі үшін, әлсін-әлсін өз мақсат-мүддесін өзгертіп отырады.
2. Нәтижелік және тиімділік. Өмір сүру үшін ұйым тиімді және оң нәтижелі жұмыс істеуі керек.
3. Өнімділік. Егер нәтижелілік («дұрыс заттар жасаса») еш сезілмейтін жағдай болса, онда тиімділікті әдетте санмен көрсетіп ақшалай есептеуге болады. Мекеме тиімді болған сайын, оның өнімділігі немесе салыстырмалы тиімділігі жоғары. Өнімділіктің маңызды элементі сапа болып есептелінеді.
4. Шынайы орындалу — мекеменің маңызды жетістігінің бірі. Басқарушылық шешім қаншалықты теориямен негізделседе, ол тек жақсы идея ғана болмақ. Мекені жақсы басқарудың мақсаты нақтылы жұмысты нақтылы адамдармен оң орындау. Басқарушылық шешімнің оң екендігін оның тиімді болып шығатын жұмыстардың шын мәнінде орындалуынан білеміз.
Мекемені жетістікке жететіндей ету үшін, жақсы басшы жұмыстың тиімді болуы үшін идеяны оны орындау барысын ұштастыра алады. Бірақ, осы жұмыстың экономикалық тиімді түсінігіне сай болуы үшін басшы не істеуі керек? Басқару саласындағы теоретиктер мен практиктер басқарушылық ойдың даму барысында ұйымның жетістікке жетуі үшін жол тауып қойған. Көптеген адамдардың творчестволық үлес қосуына негізделген бұл жолдардың бөрт басты қағидалары бар.
1. Қорытындылау. Жетістіктерге жетуі үшін басшы ұйымның өз ішіндегі болсын, не сыртыдағы болсын, көптеген күрделі уақиғаларды қорытындылай білуі керек,
2. Жағдайлық көзқарастың қажеттілігі. Қорытындылау қан-шама пайдалы және құқылы болғандығымен, ол дәл бола бермейді, сондықтан оны нағыз шындыққа жатқыза алмаймыз. Әр мекеме басқалардан жағдайлық мүмкіншіліктеріне қарап, өзінше өзгеше болады және де олар негізгі екі санаттан: ішкі және сыртқы ауыспалылардан тұрады. Ішкі ауыспалылар мекеменің өз сипататамалары болмақ және өзіне ұйымның мақсатын, оның ресурстарын, көлденең және тік еңбек бөлулерін, адамдарды, өндідірістік қуаттарды және т.с.с. кіреді. Бұл ауыспалыларды бақылап тұруға болады, және де басқарушылық шешімдердің нәтижесі болғандықтан, мекеме не істеуі керек екендігін анықтап алуға болады. Сыртқы ауыспалылар сыртқы дүниелердің айнасы іспетті болғандықтан, мекеменің жетістіктеріне кәдімгіде әсер етеді. Сыртқы ауыспалылар басшылардың бақылау ықпалында болмаса да, олар бүкіл ұйымның сыртқы дүние өзгерістеріне баламалы түрде қарауға ұмтылулары керек. Бұл үшін басшы сыртқы ортаның мекемеге қоршаған дүниенің барлық өзгерістерімен тереңдетіп те, қарқындатып та әсер ететіндігін жақсы білуі тиіс.
3. Қосып қараудың қажеттілігі. Көптеген жағдайлық ауыспалылар мен басқарудың міндеттері өзара тығыз байланыста болады. Айталық, басқару үдерісі арқылы басшы ішкі ауыс-палыларды, яғни ұйымның өзін өзгерте алады. Сыртқы ауыспалылар, керісінше, басқару барысында өзінің бағыт-бағдарын анықтайды. Мысалы, басшы медициналық мекеменің жоспарлау барысында тұрғындардың медициналық көмек көлеміне, олардың төлемдің мүмкіншіліктеріне, жергілікті өнеркәсіптік және іскер ортасрына, тауар әкелушілерге, жегілікті билік орындары саясатына бағдар жасай отырып және т.с.с., мекеменің мақсатын анықтай алады
4. «Дұрыс» жауап жоқ. Нақтылы басқарудың жолдары, өткен кезеңде қандай да бір жақсы болып шықпасын, келешекте тиімді болып шығатынын ешқашан біле алмайды. Оңтайлы таңдау – ол қазіргі жағдайға ең дұрыс болып келетін таңдау.
Ұйым түрлері
Ресми ұйымдар – мақсатты орындауда басқару үрдісі жүйелі үйлестіретін нақты құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар – қызмет барысындағы әлеуметтік қактынастарға ішкі себептерге байланысты ойламаған жерден құрылатын адамдар тобы.
Күрделі ұйымдар – құрылыммен мақсаттардың жан-жақты кешенді сипаты жағдайында п.б.
1-ші сипаттама - жалпы алғанда кезкелген қызмет ол нәтижеге, мақсатқа қол жүргізуде ресурстарды тиімді пайдалану б.т. Ұйымдағы ресурстар: адамдық, қаржылық, материалдық, технологиялық және ақпараттық.
2-ші сипаттама - ұйымның сыртқы ортадан тәуелділігі. Ұйымныцң қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оны қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, халықаралық, әлеуметтік және тағы сол сияқты факторларға байланысты.
3-ші сипаттама - ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі көлденең және тік еңбек бөлінісі.
Көлденең еңбек бөлінісі – басқару үрдісіндегі әртүрлі қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелуі. Яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметкерлердің орын алуы.
Тік еңбек бөлінісі – басқару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіруі қажет. Сондықтан қызметкерлердің анықталуы өкілеттіліктердің берілуі және басқару деңгейлеріне бөліну жүзінде асырылады. Ұйым ішінде басқару деңгейлері жоғары, орта және төменгі деңгей болып бөлінеді:

  • Жоғарғы буын ұйымның жалпы стратегиясын бағыт бағдарламасын уақыт пен кеңістік бойынша қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымның дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды өз құралына енгізеді;

  • Орта буын жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық ұйым басшылары;

  • Төменгі деңгей тікелей орындаушылар және де төменгші ішінара қызметкерлерді орындайтын басшы буындары.

4-ші сипаттама - басқарудың қажеттілігі нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсекелестік, мекншік формаларының саналуандығы және шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.
Басқарудың мақсаты – кәсіпорын мүліктерін тиімді пайдалана отырып алға қойылған нәтижеге қол жеткізу.Қазіргі кездегі басқаруға қойылатын талаптардың негізгі бағдарламалары және олардың даму тенденциялары:

  • Басқаруды демократияландыру қызметінің орындалу барысы мен маңызды мәселелерді шешуге әріптестерді кеңінен тарта білу және басқарушы қызметкерлерді тиімді таңдау мүмкіндігі;

  • еңбек бөлінісі негізінде басқаруды мамандандыру, сол арқылы басқару еңбегінің арнайы қызмет түріне бөліне отырып басқару персоналының жіктелінуі;

  • Басқаруды шоғырландыру – мақсатты орындауға қолданылатын басқару әдістері мен формаларын өзара сәйкестендіру, үйлестіру;

  • Басқаруды орталықтандыру – қазіргі кездегі өндірістік жүйенің күрделілігінен туындайтын өзіндік басқару мен өкілеттілік басшылықтарының бір органға жинақталуы жөніндегі тиімді аралық қарым-қатынастардың орнықтырылуы;

  • Басқару шешімдерінің көп нұсқалылығы – проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдау арқылы қосымша күттірмеген шығындарға басшылықтардың жол берілуі;

  • Басқару еңбегінің мәдениетін көтеру, яғни басқару әрекетін орындауға моралді, этикалық құқықтық нормаларды кең қолдану.

Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттілікке негізделген мақсат ерекше маңызды және мына сипаттарға ие:

  • Мақсат – нақты және өлшемді болуы тиіс, оның орындалу барысын бағалау мүмкіндігі;

  • Мақсат – б.б. мерзіммен шектелуі тиіс: ұзақ, орта, қысқа мерзім болуы;

  • Ұйым мақсатының сыртқы ортаның әсері мен ішкі мүліктерге қарай айқын және

оған қол жеткізуге болатындай етіп қабылдануы.
Басқарудың негізгі мақсаты қолда бар адамның, қаржылық материалдық ресурстарды тиімді пайдалану арқылы игіліктерге табысқа жету.
Қазіргі кезде менеджерлерге қойылатын талаптар:

  • өзіне сенімділік және өзін-өзі меңгере білу;

  • жеке басының бағалы қасиеттері мен өзін үнемі жетілдіру;

  • бастамаларды іздестіру және өнертапқыштық;

  • қызметкерлерді баулу мен байланыс орнатуға қабілеттілігі;

  • басқару әдіс-тәсілін білу, басшылық қабілеті;

  • мақсаттылықпен тұрақты жоспарлау бақылау;

  • тығырықтан шығу, тиімді шешім қабылдауға дағдылану т.б.

Сонымен менеджер – басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғары қабілетті кәсіби маман. Менеджер қызметінің жүйесі:
Менеджердің кәсіби шеберлігі

  1. тәуекелділік

  2. мақсаттылық

  3. ықпал ете білу

  4. байланыс орнатуға қабілеттілік

  5. қызметкерлерді жетілдіру біліктілігі

  6. ұйымдылық мәдениеті

  7. тәуелсіздік

  8. жан-жақты білім

  9. болашақты ойлау

  10. өзіне сенімділік

  11. өжеттілік

  12. жаңашылдық

Басқарушылар үлгісі – қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым қатынас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланысты жіктелінуі. Осындай 4 үлгі бар:

  1. Басқарушы-жетекші шешімді қабылдауға және оны жүзеге асыруда кәсіби біліктілігі, қызметкерлермен қарым-қатынас жасауы, жұмыс аймағында еркін әрекет етуі, ықыластығы мен әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.

  2. Басқарушы-әкім – ұйымның табысқа жетуіне қатаң бақылау жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатып,басшылықпен өкілеттілікті бір органға шоғырландыру.

  3. Басқарушы-жоспарлаушы нақты жағдадй зерттеп ұйымдағы ресурстармен мүлікутерді мақсатты орындауға бағыштайды. Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге,ғ осыған дейін орын алған стратегияларға және ұйым басшылығын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.

  4. Басқарушы-кәсіпкер – ұйым болашағын жаңа бағытта тәуекелге бел буа отырып, стандартсыз шешімдер арқылы белгілейді. Кәсіпкерлік басқару нақтылы мақсатты орындауға басқару саласын арттыруда бірегей іс-қимыл жасауды, қызметті ұйымдастырып ынталандыру жүйесін қолдануды, тәуекелділік әрекет пен жаңашылдық қызметті ұсынады.

Кәсіпкерлік басқару – субъектінің шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау, қаржыландыру мен басқару өнімді өткізуде олардың жиынтық бостандығы және толық құқығының болу шарты.
Ұйымның міндетті ісі (миссиясы) - басқару мақсаттарын қою.

  1. Міндетті істің мазмұны мен маңызы.

  2. Міндетті істі таңдау және мақсаттарды тұжырымдау.

  3. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың миссиялары.

  4. Мақсатқа жетудің жоспарын әзірлеу.

Ұйымның міндетті ісі немесе миссиясы ұйымның жалпы түрде, тұжырымдалған мақсаты т.б. Талаптар кезкелген ұйымның мақсаты нақты болу керек, мақсат өлшемді болу керек, мақсат қол жеткізерліктей болу керек.
Мақсат түрлері:

  • стратегиялық мақсат – ол ұзақ мерзімді және ұйымның келешектегі жағдайын анықтайтын мақсат;

  • тактикалық мақсат – стратегиялық мақсатқа қол жеткізу барысында белгіленген іс-әрекенттерді іс жүзінде асыру үшін қойылатын мақсат;

  • Ағымдағы мақсат – тактикалық шараларды іс жүзінде асыру үшін белгіленетін мақсаттар.

Мақсатқа жетудегі іс-әрекеттерді жоспарлауда келесі терминдер қолданылады:

  • Саясат

  • Стратегия

  • Процедуралар

  • Ереже

  • Бюджет

Ұйымның негізгі заңдары:

  1. Синергия заңы. Маңызы: бір бүтін ретінде ұйымның потенциалы мен мүмкіншіліктері оның бөлектенген элементтерінің потенциалы мен мүмкіндіктерінің сомасынан асып түседі;

  2. Ұйым іші үрдістерінің қосымша заңы;

  3. Кез-келген мүмкін кезігетін өзгерістерде ұйымның және оның элементтерінің арасындағы пропорцияналықтарын сақтау заңы;

  4. Композиция заңы – ұйымдастыру элементтерінің барлығының функцияландырылуы қандай бір деңгейде бір жалпы мақсатқа бағынады, ал оның әр біреуінің жеке мақсаттары оның нақты екенін көрсетеді және оған қатысты мақсатшалар болып табылады;

  5. Өзін-өзі сақтау заңы. Ол бойынша, кез-келген ұйым, оның бөлек элементтері сияқты өзін бір тұтас ретінде сақтағысы келеді, және ол үшін бірнеше шарттарды ұстану қажет. Ұйымның өзін-өзі сақтауы екі қарама-қайшы ұйымдастырушы бастамалар арқылы қамтамасыз етіледі:

  • тұрақтылықты;

  • дамуды;

  1. Ақпараттандыру заңы. Ұйымда оның қатысушыларынан артық реттік болмауы тиіс. Оның дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін заттардың нақты жағдайлары туралы ақпараты болады;

  2. Онтогенез заңы. Бұл заңға қатысты ұйымның өмірі үш негізгі фазалардан құралады:

  • пайда болуы;

  • дамуы;

  • өшуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет