«Ғажайып сандар» (бейнетаспадан сұрақтар, дүниетанудан)
10
|
10
|
10
|
20
|
20
|
20
|
30
|
30
|
30
|
10- Көкжиек сызығы дегеніміз не? (Кеңістіктің аспанмен астасқан жері)
10- Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал. (құбылнама)
10- Ауаның қасиеті туралы айт. (біз оны көрмейміз, мөлдір, түссіз. Ауаның пішіні жоқ.ауа сығылады және серпімді)
20- судың қасиеттерін атаңдар. (судың нақты пішіні болмайды. Түсі болмайды. Су түссіз. Су мөлдір. Судың дәмі болмайды. Су иіссіз. Су ағады.)
20- Топырақ дегеніміз не? (жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты)
20- Өсімдік дегеніміз не? (тірі организм. Ол өседі, гүл жарады, жеміс береді, қурайды)
30- Ғарыш дегеніміз не? (шексіз кеңістік)
30- Ғарышқа лағш рет ұшқан әйел ғарышкер (Валентина Терешкова)
30- Әлемнің жеті кереметін атаңдар (фаростық мұнара шам, Галикарнас кесенесі, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Аспалы бақ, Мысыр пирамидалары және сфинкс, Эфестегі Артемида ғибадатханасы)
«Қыс қызығы» суретшілер сайысы. Балалар қазірп сендерге 5 минут уақыт беріледі, сендер осы 5 минутта қыс қызығы атты тақырыпқа сурет салып, әділ-қазыларға апарып көрсетесіңдер.
«Сиқырлы сандықша» (Жұмбақ шешу)
Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады көп (аяз)
Мүлгіп тұрған бақ тыныш,
Ораныпты ақ күміс. (қырау)
Суда қалқиды,
Жылыда балқиды. (мұз)
Туған жердің белбеуі,
Шұбатылып қалыпты.
Керемет-ау кернеуі,
Тасты тесіп, жарыпты. (өзен)
Бұйра тұлымы,
Желмен ойнайды.
Қызыл мұрыны,
Жерге бойлайды. (сәбіз)
Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша)
Басына өскен тарбиып,
Жапырақсыз бұтағы.
Алады одан қан құйып,
Емге шипа бұл дағы. (бұғы)
Ұшымен қазық,
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып (дәптер)
Қабы – сояу,
Діні – бояу.(қарындаш)
Өзім сөзден тұрамын,
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
Сағат сайын қағылады,
Тек мектептен табылады (қоңырау)
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш)
Оқу-білім аспабы,
Қоймасының бас қабы.
Бөлмесі де бірнешеу,
Тиегі бар ашпалы (сөмке)
Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда,
Беттерінен мәлім (күнделік)
15. Ашылып, жабылады,
Әр үйден табылады.(есік, құлып)
16. Ағайынды төрт батыр,
Көтергені бір шатыр. (үстел)
17. Тақия толған сөк,
Ерте тұрсам жоқ. (жұлдыз)
18. Мен жүгірсем, ол да жүгіреді,
Мен мүдірсем, ол да мүдіреді. (көлеңке)
Достарыңызбен бөлісу: |