Әр топ өздерін таныстырады. Әділ-қазыларға сөз беріледі.
Өлең – сөздің патшасы.... демекші екінші кезеңде сендерге өлеңдерден үзінді оқимын. Ол кімнің өлеңі екенін айтасыңдар.
* Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды. (Ыбырай Алтынсариннің өлеңі)
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды. (Абай Құнанбайұлының өлеңі)
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем! (Өтебай Тұрманжановтың өлеңі)
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге...(Абай Құнанбаевтың өлеңі)
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.
Жер қарайды – жаз кепті.
Желкілдейді көк майса.
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан,
Әне, апамдар қой сауған. (Ілияс Жансүгіровтың өлеңі)
Әділ-қазыларға сөз беру.
Ойнайық та, ойлайық (әзіл есептер)
Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстелде неше май шам қалды? (қалды 1, жанып кетті 4)
Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? (8 баласы)
Алма ағашында 10 алма, ал емен ағашында одан 5 алма артық өсіп тұр. Барлығы неше алма өсіп тұр? (10, еменде алма өспейді