Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы



Pdf көрінісі
бет62/79
Дата12.06.2023
өлшемі2 Mb.
#100716
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79
 
«SMART (ақылды мақсат)» 
 
S -нақты, M-өлшемді, A-қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - 
уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп 
жүргізілуі шарт. 
 
«SMS – хабарлама»
Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама 
жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе
аяқталған нұсқасы болуы қажет. 
«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»; 

«Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»; 


Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы 
80 

«Мен өзімді....үшін мақтар едім»; 

«Маған ерекше ұнағаны....»; 

«Сабақтан соң мен... жасағым келді»; 

«Мен... туралы армандаймын»; 

«Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»; 

«Мен... орындадым»; 

«...қызықты болды»; 

«...қиын болды»; 

«...мен түсіндім»; 

«Енді мен ...»; 

«...сезіндім»; 

«Мен үйрендім»; 

«Мені... таңқалдырды» және т.б. 
 
«Соңғы сөзді мен айтайын»
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты 
бір немесе бірнеше дәйексөз табады. 
2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын 
белгілеп қояды. 
3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. 
Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері. 
4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады. 
5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз 
көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап 
тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де 
өз түсінігін беруіне болады. 
6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған 
оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде 
пікірталас аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет