Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата12.06.2023
өлшемі2 Mb.
#100716
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
Әдістер ҚОЙМАСЫ

 
«Сөз ойыны» 
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру. 
Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару. 
Балаға да, 
Ағаға да – 
Пайдасы мол аңдағанға. 
Қызықты бұл ойын түрі, 
Қызықтайық біз де мұны. 
Бұрын ойнап көріп пе едің? 
Жеке бір сөз әріптерін 
Алды – артына таратамыз, 
Жаңа сөзге жаратамыз: 
“Балмұздақтан” пәлен сөзді, 
“Тоқылдақтан” түген сөзді, 
“Оспақшылдан” он бес сөзді, 
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді, 


Жинақтаған Сатаев Медет Аманжолұлы 
82 
Құрастырып, тіл ұштаймыз, 
Сөз ойынын қызықтаймыз. 
«Сөйлеу арқылы ойлану» 
Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі. 
Төмендегідей 
жаттығулардың 
көмегімен 
сөйлеу 
арқылы 
ойлануды 
ынталандырыңыз: 
- талқылауға арналған жаттығу; 
- құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс; 
- мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл 
сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын 
арттырады). 
«Стикер» 
Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, 
жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:
• Мен нені үйрендім?
• Маған не қиын болып көрінді?
• Не күрделі болды?
• Мен енді нені үйренгім келеді?
 
«Стикерлермен диалог» 
 
Түрлі әдістері көп –қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе 
мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 
3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе
түсіндіріп,кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; «Қабырғадағы
роль» қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын
стикерлерде білдіреалады. 
«Стоп кадр» 
Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын 
жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-
кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол
фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, 
суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет