7. Орталық Қазақстанда мына сирек кездесетін металдардың қайсысы кездеспейді?
а) Титан; в) Молибден; с) Ванадий; д) Вольфрам; е) Висмут.
8. Орталық Қазақстанда қала халқы қанша пайызды құрайды?
а) 56%; в) 66%; с) 76%; д) 86%; е) 96%.
9. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданы халқының орналасу тығыздығы қанша?
а) 1км
2
-ге 3 адам; в) 1км
2
-ге 4 адам; с) 1 км
2
-ге 5 адам;
д) 1км
2
-ге 6 адам; е) 1км
2
-ге 7 адам.
10. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданның жетекші саласы?
а) Қара металлургия; в) Түсті металлургия; с) Машина жасау өнеркәсібі;
д) Химия өнеркәсібі; е) Жеңіл өнеркәсіп.
11. Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы өзіне ғана тән саласы?
а) Қой мен ірі қара; в) Түйе мен темекі өсіру; с) Жылқы мен қант қызылшасы;
д) Омарта мен марал өсіру; е) Шошқа мен жаздық бидай.
12. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының өнеркәсібіндегі дамыған салалары?
а) Машина жасау мен тамақ өнеркәсіптері; в) Мұнай, газ бен химия өнеркәсіптері;
с) Таскөмір мен қара металлургия; д) Құрылыс пен агроөнеркәсіп кешені;
е) Электр энергиясы мен түсті металлургия.
13. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығының жетекші
саласы не?
а) Қылшық жүнді еділбай қойы мен қаракөл өсіру; в) Құс өсіру; с) Ет бағытындағы ірі
қара өсіру; д) Күріш егу; е) Күнбағыс егу.
14. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы Қазақстан жер көлемінің қанша пайызын
алып жатыр?
а) 12%; в) 22%; с) 32%; д) 42%; е) 52%.
15. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының қай облысында темірдің мол қоры бар?
а) Солтүстік Қазақстан обл; в) Ақмола обл; с) Қостанай обл; д) Павлодар обл;
е) Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданда темір кені жоқ.
16. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ауыл шаруашылығының жетекші
саласын көрсетіңіз?
а) Мал шаруашылығы; в) Техникалық дақылдар; с) Малазықтық дақылдар;
д) Астық шаруашылығы; е) Суармалы егіншілік.
17. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына қандай жоғары атақ
берілді?
а) "Келбетті қала"; в) "Таза қала"; с) "Бейбітшілік қаласы";
д) "Мәдениетті қала"; е) "Өнеркәсіпті қала".
18. 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік үдемелі индустриялы-иновациялық даму
бағдарламасы негізінде қанша өндіріс орны пайдалануға берілді?
а) 250 өндіріс; в) 350 өндіріс; с) 450 өндіріс; д) 550 өндіріс; е) 650 өндіріс.
19. Мына кендердің қайсысы Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданында мол кездеседі?
а) Темір мен мұнай; в) Таскөмір мен алтын; с) Қоңыр көмір мен сынап;
д) Полиметалл мен фосфорит; е) Титан мен магний.