Бағдарламасы өнеркәсіптегі химия Х сынып оқушыларына арналғАН



бет1/5
Дата14.09.2023
өлшемі32,58 Kb.
#107135
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5

ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ХИМИЯ
Х СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН


К.Х.Мұңайтбасова
Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебі


Аннотация
Атырау қалалық С.Мұқанов атындағы №10 орта мектебінің химия-биология пәндерінің мұғалімі К.Х.Мұңайтбасованың химиядан «Өнеркәсіптегі химия» тақырыбындағы қолданбалы курс бағдарламасының мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химиялық өнеркәсіптің ғылыми принциптері мен Қазақстанның химия өнеркәсібі, қалдықсыз технологияны ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау жөнінде терең білім, білік және біліктілікті дамыту. Оқушыларға химия өнеркәсібі мен өндіріс салаларында химия мамандықтары бойынша мәліметтер беру.
Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – еліміздің аймақтық ерекшелігін, білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу.Бұл ағымды іске асыру саралап оқыту арқылы жүзеге асатыны мәлім. Саралап оқыту формаларының бірі сыртқы саралау. Бұл саралау селективті және элективті жүйелер болып екіге бөлінеді. Элективті жүйені пәндер бойынша қолданбалы курстарды өткізу арқылы жүзеге асыратынымыз белгілі. Осыған орай жоғарыда аталған курс енгізіліп отыр.
Мектепте жоғары сыныпта оқушының қай бағдарлы сыныпты таңдайтыны жеке тұлғаның қызығушылығына, болашақта таңдайтын жоғары оқу орнының бағытына, рухани ерекшелігіне, отбасы және өзін қоршаған ортасына байланысты. Аталған курс бағдарламаларға қойылатын талаптар мен критериийлер бойынша құрастырылды. Атап айтсақ, ғылымилық, практикалық бағыттылық, жүйелілік, уақыт қорына лайықтылық т.б. принциптерге сай жасалды. Қолданбалы курсты өткізу барысында мектеп оқушыларына өнеркәсіптегі химияның орнын көрсету және жаратылыстану ғылымдарының ішінде химия төрден орын алатынын дәлелдеу.
Бұл курс 34 сағатқа негізделген. 10 сынып, аптасына 1 сағат.
Қолданбалы курс алты тараудан тұрады:
І.Химия өнеркәсібіне кіріспе,химия мамандықтары, Қазақстан химиясына зор үлестерін қосқан ғалымдар.
ІІ- химиялық кинетика және оның өндірістегі ролі.
ІІІ- Өндірістегі қауіпсіздік техникасы ережелері
ІV- Химия өндірістері мен өнеркәсібі
V- Химиялық өнімдер. VІ- Қоршаған ортаны қорғау.
Бағдарламада курсты оқытуды ұйымдастырудың формалары мен оқушылардың білімдерін тексеру мен рейтингілік, кестелік т.б. бағалау тәсілдері мен әдістері атап көрсетілді. Оқытудың күтілетін нәтижелері, яғни оқушылардың білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар анықталып жазылды. Қолданбалы курсты өткізу үшін мұғалімге және оқушыларға арналған әдебиеттер тізімі, соның ішінде бүгінгі күн талабына сай тақырыптық интернеттен іздеу – web сайттар нақты көрсетілген.
Бұл курстың бағдарламасын мектептерде жаратылылыстану – математикалық бағыты бойынша 10 сыныптарда негізге ала отырып пән мұғалімдері қолдануларына болады деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет