II. Жыныстық жетілген кезең (жеткіншек). Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең (16-20 жас) ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады.
III. Жыныс әрекеттің бәсеңсуі ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді. Адамның жыныстық қызметінің біртендеп жоғалуынан болатын жасқа байланысты өзгерістер кешенді климактерий (климакс) деп аталады.
Адамның жыныстық мінез-құлқы – соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.
Еркек жыныс ағзасының функциялары Еркек жыныс ағзалары қызметіне байланысты жыныс бездеріне бөлінеді: атабез,жыныс жолдары және оның туындылары.
Аталық без қызметі:
Герминативті – жыныс жасушаларының – сперматозоидтың түзілуі. Сперматогенез (еркек жыныс жасушаларының бөлінуі мен пісіп жетілу процесі) ұмада орналасқан аталық бездің иректелген түтікшелерінде іске асады. Бұл процесс 34˚С және одан төмен жағдайда жүретін қалыпты ағым үшін маңызды. Сперматогенез кезектесіп жүретін 3 фазадан тұрады:сперматогоний пролиферациясы (митоз), сперматоциттердің пісіп - жетілуі, сперматозоидтар мен сперматидтердің түзілуі. Пісіп жетілген жыныс жасушалары ұрық шығаратын түтікте сақталады. Спермиялар ұрық шығаратын кейін ұрық шашатын жолдар арқылы без қосымшасының құйрық жағынан несеп шығару жолына өтеді.
Сперма - жыныстық қатынаста эякуляцияланатын құрамы 5% сперматозоидтан және 95% қосымша бездің секреторлы сұйықтығынан тұратын түзіліс.
Қосымша без бөлетін секреттің қызметі:
Ұрық көпіршігі- энергия сақталатын секрет - сперматозоидтердің уақытша сақталуына субстрат ретінде, сперматозоидтардың функционалды активтілігі мен тіршілігін жоғарылатады.
Қуықасты безінің секреті - ұрықтың ажырауына және несеп шығаратын жол бойымен өтуіне ықпал етеді. Сперматозоидтың фертильдігі мен қозғалғыштығын жоғарылатады.