Жүктілік, босану, лактация Ұрықтану кезінен бастап жүктілік мерзімі басталады. Жүктілік – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан әйел құрсағында болашақ нәресте дамитын физиологиялық процесті атайды.
Пренатальды даму кезеңі:
Бастапқы: 1 апта – концептус дамиды.
Ұрықтық: 2 - 8 апта аралығы – эмбрион дамиды. Зиготаның бөлінуі кезінде ұрық жатыр түігінің бойымен оның қуысына жылжиды. Осында ұрықтың жатыр қабырғасына имплантациясы болады. Миграция 6-7 күнге созылады.
Нәрестелік: 9 аптадан жүктіліктің соңына дейін – нәресте дамиды.
Жүктілік қалыпты жағдайда 270-280 күнге созылады (9 ай) және бала туумен аяқталады. Аяғы ауыр әйелде бүкіл эндокринді жүйесі өзгерістерге ұшырайды.
Ұрық жолдасы (плацента) ұрықты ана ағзасымен байланыстырады және ол ұрықтық (бүрлі хорион) және аналық (децидуальды қабықтан) бөліктен тұрады. Ұрықтың қантамырларына жататын ұрық жолдасындағы хорион бүрлері бүраралық кеңістік айналымындағы жүкті әйел қанына малынып тұрады.Ұрық жолдасы қоректік заттар мен оттегіні жүкті әйелден ұрыққа тасымалдау, керексіз метаболизм өнімдерін шығару, ұрықтың тіршілігіне қажетті белоктар мен гормондардың (ХГТ- хориондық гонадотропин, прогестерон, хориондық соматомаммотропин, фибробласт дамытушы фактор, трансферрин, пролактин, релаксиндер, кортиколиберин, эстрогендер және т.б.) түзілуі, ұрықты иммундық қорғау секілді көптеген қызмет атқарады.
Босану – нәресте, қағанақ пен бала жолдасының жатырдан қынап арқылы сыртқа шығатын физиологиялық үрдіс. Босану әйел ағзасының бүкіл жүйесінің өзгерістері арқылы жүзеге асатын қызметі болып табылады.
Лактация - сүт бездерінде сүттің түзіліп және оның бөлінуі. Бұл көбеюдің соңғы фазасы. Бала туылғаннан кейін қанда эстроген мен прогестерон мөлшері күрт төмендейді. Ол өз кезегінде пролактиннің көп бөлініп, сүттің секрециясын туғызады. Босанғаннан кейін алғашқы 2-3 күн сүт безі уызды бөліп шығарады.
Әйел мен еркектің репродуктивті қызметінің жастық ерекшеліктері.
45-50 жастан кейін әйел организміндегі гормональды өзгерістері репродуктивті қызмет тоқталуына алып келеді. Көбінісе 45 жастан үлкен әйелдерде бірінші етеккір циклінің болмаунан бастап және келесі 12 ай созылатын уақыт кезеңі менопауза деп аталады.Әйелдерде 60-65 жастан кейін кезеңінде жатырдың инволюциясы болады. Соның салдарынан басқа жыныс мүшелерінің де өзгерістеріне әкеледі.
Егде жастағы ерлерде гормональды өзгерістер аталық бездің салмақтың төмендеуі, сперматогоний мөлшері мен сперматозоидтар санының азаюымен қатар жүреді. Алайда, сперматогенез қарт жасқа дейін сақталады.