"Жыр-жауһармен" қанаттанған армандар



Pdf көрінісі
Дата15.03.2017
өлшемі90,96 Kb.
#9442

"Жыр-жауһармен" 

қанаттанған армандар 

Кітапхана парасаттылық пен 

білімділіктің, байлық пен білік-

тіліктің киелі ордасы. 

Кітапханадағы көпшілік жұ-

мыстардан маған ұнайтыны -

жастардың қарым-қатынасын, 

өмірге көзқарасын қалыптасты-

руға себі тиетін әдеби клубтардың 

жұмысы. Жастардың бетін кі-

тапқа бұрып, ықыласын кітапха-

наға аударатын клуб жұмыс-

тарының жастарға берері мол. 

Қарағандыдағы Н. В. Гоголь 

атындағы облыстық әмбебап 

ғылыми кітапханада, яғни өзім 

еңбек ететін ортада жастармен 

жұмыс істеу жақсы бастама алған. 

Жыр сүйер жастардың шы-

ғармашылығын шыңдап, жас 

қаламгерлердің талабын қолдау 

мақсатында құрылған "Жыр-

жауһар" поэзия клубы 2006 жыл-

дан бері жұмыс істеуде. 

Клубтың негізгі мақсаты -

кітап берілімін арттыру, қазақ 

ақын-жазушыларының шығарма-

шылығын насихаттау, қазақ поэ-

зиясына деген сүйіспеншілікті 

ояту деп айта аламыз. 

"Жыр-жауһар" поэзия клу-

бының тоғыз рет отырысы болып 

өтті. Клуб мүшелері бірнеше әдеби 

кештер дайындап өткізді. Солар-

дың қатарында: "Өлеңім көшіп 

барады болашаққа" (М.Мақатаев-

тың 75 жылдығы), "Қыран қанат-

ты ақын" (Қ.Аманжоловтың 95 

жылдығы); "Ақын жөне азамат" 

(О.Сүлейменовтің 75 жылдығы), 

"Жыр жүрегіндегі жазулар" (Төлеген 

Айбергеновтің 70 жылдығы), "Мен 

жүрекпін тірлік үшін соғатын" 

(Д.Әбілевтің 100 жылдығы) әдеби 

жиындарға халық көп жиналды 

Ал клубтың тұсаукесер рәсімі 

қазақ поэзиясының Хан Тәңірі 

атанған Мұқағали Мақатаевтың 75 

жылдық мерейтойына орай өткізіл-

ген "Өлеңім көшіп барады бола-

шаққа" атты поэзия кешімен орай-

ластырылды. 

Бұл кешке ақын, Қазақстан 

Жазушылар одағы Қарағанды 

облыстық филиалының директоры 

Серік Ақсұңқарұлы арнайы келіп, 

поэзия клубының тұсауын кесіп, 

қазақтың біртуар перзенті Мұқаға-

ли туралы, оның поэзиясы жайлы 

өз ойын бөлісті. 

Мұқағалидың ақындық ізін 

жалғастырып келе жатқан облы-

сымыздағы жас ақындар Қайрат 

Асқар, Руслан Нұрбай, Жұлдыз 

Райымбекқызы Мұқағали туралы 

кеңінен толғанып, оның өлеңдерін 

терең тебіреніспен оқыды. 

Клубымызда "Тұма жыр", "Тұ-

ма жыр 2" атты жас ақындарды қа-

былдау рәсімдері болып өтті. Бұл 

клубтың жыл сайын өткізетін дәс-

түріне айналған. Мұндай мәдени 

шара заманымыздың ақиық ақын-

дарының ізін басып келе жатқан, 

қауырсындары қатаймаған жас 

ақындардың қатарын көбейте түсті. 

Үстіміздегі жылы "Жас қалам-

гер" атты республикалық альма-

нахта дарынды жастардың тыр-

нақалды туындыларының үздік-

сіз жариялануы клуб жұмысы-

ның жемісті айғағы дей аламыз. 

Мұнда 16 клуб мүшесінің 100 

өлеңі жарық көрген. Бұл - біз 

үшін қуанарлық жайт. 

Сөз соңында айтарым, жас-

тықтың өзіне тән талғамы, тал-

дауы, толғанысы мен көзқарасы 

болады. Олар өмірден орында-

рын өздерінше іздейді. Махаббат 

пен достықтың сиқырлы сан-

дығын да бүгінгі жастар өз 

көзқарастарымен ақтарады. Оны 

осы "Жыр-жауһар" поэзия 

клубы жастарының атқарып жат-

қан ісінен байқауға болады. 

"Жыр-жауһар" поэзия клубы 

қауымдастыгы - жас ақын-

жазушыларымыздың болашақта 

жарық көрер үлкен шығарма-

ларының ақжолтайы, жолашары. 

Бұл поэзия клубы қауымдасты-

ғына енген жастардың бәрі -

әдебиеттің ертеңгі өшпес үміті. 



Нұрғамила АСАНОВА, 

Қарағанды облыстық 

әмбебап ғылыми кітапханасының 

кітапханашысы. 

Егемен Қазақстан.- 2008.- 23 мамыр.- 8 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет