Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері


Шешендік тану ғылымының қағидалары



бет34/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
Документ (178)

Шешендік тану ғылымының қағидалары.

Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.х.д. 594 жылы Афины басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендіктану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдыңда айтылатьш сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған.

Солон заңына ұқсас заң «Жеті жарғы» қазақ елінде де болды. "Жеті жарғының атақты жеті биімен ақылдасып отырып қабылдаған хан Тәуке еді. «Жеті жарғы» бойынша да әркім өз жоғын өзі жоқтауға, өзінің әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнерді үйренуге, сөз бостандығының жандануына жол ашты. Ежелгі шешендіктің Отаны саналған Румда да римдіктер қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы болған. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығандығын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизиннің: "Шешендердің аз болу себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жоқ» деген сөзін келтірген Б.Адамбаев: "Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайдың («Халық даналығы», А. "Рауан», 1996, 148-6)-, деген болатын.

 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет