Жыраулардың сөз жасаудағы әдіс-тәсілдері



бет2/40
Дата31.12.2021
өлшемі74,94 Kb.
#23493
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Шешендік - ұшқыр ойдың қас қағымда тілге оралымдылығы, байламы; дер кезінде дәл мағынасын дөп басар бейнелілігі; мәнді, ойлы сөздердің мәйекті мақал мен мәтелге айналуы; дау-дамайда қазылық, мәмілегерлік; ара қатыста елшілік, жаугершілікте бітімгерлік; ұрпаққа, қалың қауымға өсиет. “Алажағым кетсе де, айтажағым кетпесін” дейтін қазақтың сөзге қонақ беруі.



Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Халық мақалдарында: "Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді", "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ", "Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді", "Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды", – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.

Шешен (жезтаңдай, ділмар, айыркөмей, орақ ауыз, от тілді, сөзуар, тапқыр) - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері. Ел-жұртты елеген, халқы қалаған азаматтарды ардақтаудың ана тілімізде атаулары мен дәріптеу, бейнелеу сөздерін айтып тауысу қиын. Оны қазақ теңеп те, бейнелеп те, асқақтатып та айта білген. Ел намысын қорғаған ерлерді "нар", "арыстан", "арыстан", "ерім", "азаматым" деген сияқты теңеулермен мадақтап, ардақтаумен бірге әділді "қара қылды қақ жарған"; шешенді "ердің құнын екі ауыз сөбен шешкен"; шеберді "темірден түйін түйген"; жомартты "атын түсіп беретін мырза"; адалды "сүттен ақ, судан таза"; сұлуды "ай мен күндей"; әдептіні "қыз мінезді жігіт"; бәйбішені "бес биенің сабасындай"; баланы "тойған қозыдай"; бойжеткенді "оймақ ауыз, күлім көз", деп дәріптеген.

76. Шешендік сөздердің жанрлық сипаты, олардың құрылымдық  түрлері.


Қазіргі замандағы шешендік сөздердің түрлері бұл сөздердің жанрына (мазмұнына) қарай негізінен былайша ажыратылады.



  • Әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, бұларға осы тақырыптарға жасалған баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференцияда айтылатын сөздер, хабарламалар, баяндамалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.

  • Академиялық шешендік, бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын дәрістер, ғылыми баяндама, хабарлама, шолуларқұрайды.

  • Сот ісінде қолданылатын шешендікке прокурордың айыптау сөзі, айыпкердің қорғану сөзі кіреді.

  • Әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендікті мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында айтылатын сөздердің "шешендік сөз" деген мәртебеге ие болу үшін оған қойылатын талаптардың бірі - оның ішінде көркем, әсерлі болуы. Ал көркемдік жалпы тілде, оның ішінде көркем әдебиетте, поэзияда жұмсалатын көріктеу құралдары мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда, билер аузынан шыққан шешендік үлгілерде дәл өлеңдегідей өлшемді, жүйелі болғанымен, ұйқас ырғақ сияқты поэтикалық элементтер қатысады. Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдерді келтіру көріктеу амалдардың бірі болса, мақал-мәтелдермен қатар, өзгелерден келтірілген сілтемелер орын алады. Сондай-ақ шешендік сұраулар да, ықшамдау тәсілімен келген сөйлемде де шешендік сөздерге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.



Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді. Даудың әрқайсысы бірнешеге (жер, жесір, құн, мал, ар даулары) жіктеледі. Шешендік арнау бата, тілек, әзіл-сын, көңіл айту, естірту, т.б. нұсқалардан тұрады. Шешендік толғауға қоғам, заманға байланысты тағылым-тәрбиелік мәні бар тақпақ, термелер жатады. Ал шешендік дауларда сол қоғамға тән қылмыстық, азаматтық істерді шешуге қатысты шешендік, тапқырлық сөздер, ұйғарымдар бейнеленеді. Шешендік сөздер мазмұны мен құрылысы жағынан мақал-мәтелге, аңыз-әңгімелерге, толғауларға, айтыстарға жақын. Композициялық құрылысына қарай пернелі сөз, термелі сөз болып екі топқа бөлінеді. Қара сөзбенайтылғандары – пернелі сөз, толғау, тақпақ түріндегілері термелі сөз деп аталады. 

77. ХІХ ғасырдағы қазақ шешендік өнері.


Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: "Қазақтар... мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын", – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. 

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Шешендік сөздерді алғаш зерттеушілердің бірі – М.Әуезов. «Қазақ әдебиеті тарихы» (1927 ж.) еңбегінде «Билер айтысы» деген арнаулы тақырыппен шешендік сөздердің кейбір түрлеріне мысалдар келтіреді. Ауыз әдебиетінде алатын орны мен халықтық сипатына дәлелді ғылыми тұжырымдама береді. Ауыз әдебиеті мұраларын зерттеп, жинап, ерекше еңбек сіңірген ғалым-лингвист А.Байтұрсынов шешендік өнерді жеке алып қарастырып, құнды пікірлер білдірді (1926 ж.). Шешен сөз, көсемсөз, дарынды сөз деп үш топқа бөліп, әрқайсысын қолданыс орнына қарай (саясатқа қатысты, сотта сөйлеу, қошемет сөздер, ғалымдардың ғылыми тақырыптағы сөзі, діни уағыз сөздер) іштей тағы беске бөліп, әрқайсысына қысқаша түсініктер, тың анықтамалар берген.

Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады. Халық мақалдарында: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді», «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», «Қылыш жарасы бітеді, тіл жарасы бітпейді», «Аталы сөзге арсыз ғана тоқтамайды», – деп сөзді айтушыға да, оған құлақ қоюшыға да биік талап қойған. Демек, шешеннің ең негізгі құралы – сөз. Ол тындаушының жүрегіне жетіп, ерекше сезімге бөлеген.

79. Шешендік сөздердің мазмұндық түрлері.

Шешендік сөздер мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үшке бөлінеді.

Шешендік арнау. Өмірде сан алуан оқиғаларға сай әр түрлі мазмұнда айтылған. Қуанышқа үлкендер бата беріп, игі тілек айтып, қайғыда басалқалы ақыл айтылып, көңіл білдірулер тілекпен жалғасып отырған. Халқымыз «Жақсы сөз — жырым ырыс» деп жылы лебізге үміт артып келген. Үлкен кісілерден бата сұрап, сол баталардың құдірет-күшіне сенетін болған. «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ер көгерер» деген мақал осындай сенімнен туған болса керек.

Шешендік толғау. Айтушының табиғат құбылыстары мен әлеуметтік өзгерістерге өзіндік көзқарасын көрсетеді. Көп жасаған ақылгөй, дана қариялар көрген-білгендерін қорытып, келер ұрпаққа айтар аманат-ақылын, өсиетін шешендік толғау түрінде білдіреді.

Шешендік толғаулардың көпшілігі өзінің тәрбиелік, дидактикалық мазмұнына сәйкес табиғат құбылыстары мен адам өмірін қатар алып салыстыру, шешендестіру тұрғысында келеді.

Шешендік дауға жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ар-намысқа байланысты тапқыр сөздер жатқызылады. Ол кісілер арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау талаптан бастап, екі ел арасындағы дипломатиялық-мәмілегерлік сөздерге дейін қамтиды.

80. Жыраулар мұраларындағы шешендік сөздер.



ХҮ ғасыр өкілі Асан қайғы жырау – заманының сұңғыла шешені, көреген  
көсемі  ретінде  халық  зердесінен  ерекше  орын  алған  қайраткер.  Ауыз  әдебиеті  нұсқаларында  қазіргі  қазақ  даласының  әр 
өлкесіне  қатысты  «Асан  қайғы  айтқан  екен»  деген  нақыл  мен  аманат  іспеттес 
сөздерді жиі ұшыратамыз. 
Бес  ғасыр  бойы  қазақ  даласында  салтанат  құрған  ақын-жыраулар  
поэзиясының басты ерекшелігі қандай дейтін болсақ, ең алдымен азат ой, алғыр 
тілі деп бағалар едік.   
   Бірінші  сипат  ақын-жыраулардың  ой  еркіндігі.  Ой  еркіндігі  –  қашанда  
тәуелсіз  сана  жемісі  болып  табылады.  Рух-сананың  жекелеген  адамға  немесе  
қоғамға  тәуелді  болмауы  парасатты,  байсалды  ойлардың  дүниеге  келуінің 
кепілі.   
Асан  қайғыдан  Махамбетке  дейінгі  ақын-жыраулардың  рухының    биік  
болуын – ой азаттығының жемісі деп бағалаған жөн.   
    Асан қайғы. ХҮ ғасыр:  
    «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,  

Айтқаныма көнбейсің.  
  
Шабылып жатқан халқың бар,   
  
Аймағын көздеп көрмейсің.  
  
Қымыз ішіп, қызарып,   
  
Мастанып, қызып терлейсің.  
  
Өзіңнен басқа хан жоқтай,   
  
Елеуреп неге сөйлейсің?» 
Осылай  деп  ханның  мінін  бетіне  айтқан  абыз  жырау  мұнан  әрі  орда 
маңында  болып  жатқан  келеңсіздіктерді,  қызметшілердің  бетімен  кеткендігін, 
елінің қараусыз қалғанын батырып айтады.   
Асан қайғы жырынан тарихта әз-Жәнібек атанған ханның да адам ретіндегі  
осал тұстарының болғандығын аңдаймыз.   
 82. Түркі халықтарына ортақ мұралардағы шешендік сөздер. Ежелгі түркі шешендігі.

Ежелгі түркілер шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Аңыз дегеннің өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мындаған жылдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағымен естімегендіктен де естіген әңгімесін халық аңыз сияқты қабыддаған. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар скифтерде көп. Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте кең тараған. Халық арасында аңызға айналатындар алдымен елін қорғаған ерлер. Елді біріктіріп, жері үшін, ұрпағының амандығы үшін келген жауға қарсы тұрған алып ерлерін халық көсемдер ретінде аңыз әңгімелерде бейнелеген. Сондай аңыздардың қатарында Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Кашкари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа»-жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.

Ерте заманда гректер мен римдіктерде көшпелі түркілерде әскери өнер мен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеу де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты.

Жүсіптің ақын ретінде де, ғылым ретінде де атын шығарған еңбегі - «Құтты білік», «Құдадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Бұл байырғы түркі тілінде жазылған, түркі тілдес халықтардың ортақ қазынасы. Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр.

Шындығында да бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез-құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық, этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге,ой-талғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің, солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэма мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты талғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап»тұрады.

83. Шешендік сөздерді мәнерлеп оқудың өзіндік ерекшеліктері.

Мазмұндық  желісін,  мағыналық  мәнерлілігін,  көркемдік  қуатын  тыңдаушыларға  үлбіретіп,  үлпілдетіп  сұлу  жеткізу  үшін  ауызша  айту  оңтайлы ма, әлде оқып берген қолайлы ма? Мұның бәрі шешеннің өнерпаздық табиғатына  байланысты.  Еске  сақтау  қабілеті  күшті  болса,  ойша  сөйлегеннің  табиғи  әсері  қуатты болады. 

Мәнерлеп оқу барысында өзіңді-өзің тыңдау білу де әрі ести білу де өнер. Әдебиет тілін өзіне тән сипаттарымен дауыстап сұлу, айқын жеткізуге дағдыланған жөн. Ой мен  сезім толқындарының нәзік реңктерін назардан тыс қалдырмаған дұрыс.  

Мәтіннің  иін  қандырып,  нәшіне,  кемеліне  келтіріп,  егжей-тегжейлі  дайындап,  мұздай  қаруланып  алған  соң,  тыңдаушылардың  алдына  шығасың.  Сондайда  қандай тәсілге  сүйеніп  сөйлеу  керек.  Асылы,  мұның  үш  түрлі  тәсілі  бар.  Біріншісі,  тексті  оқу. 

Екіншісі, еске сақтау қабілеті бойынша ойша айтып шығу, ара-кідік кейбір үзінділерді де  оқу. Үшіншісі, еркін импровизациямен есілтіп-төгілтіп айту. 

Атап,  өтерлік  жәйт,  дипломатиялық  сөздер  мен  баяндамалар  оқылғаны  қажет. 

Саясат пен ғылым ауытқымауды талап етеді. 

Шешенге  пәнді  терең,  жан-жақты  меңгеру,  мақсаткерлік  пен  икем-бейім  керек. 

Икем-бейімнің баяндылығы жүйелі жаттығулармен, қажырлы ізденістермен жүзеге асады. 

Шешеннің өзгеге өзгеше ықпалын ескерер болсақ, ол қоғамның көсемі. Сөйлеу барысында  сөйлемнің  мән-мәйегін  жарқыратып  көрсету  үшін,  сөздің  мәнерлі  әрі  экспрессивтік  бояуын  түрлендіріп  беру  үшін  дыбыстың  мейлінше  айқын,  мөлдір,  таза  естілуі  үшін,  көркемдік  ерекшеліктерін жетік жеткізу үшін шешеннің дыбыстау мүшелері аса жетілген, дамыған  болуы  керек.  Сонда  ғана  тыңдаушының  әдемілік,  сұлулық,  эстетикалық  ой-сезімін оятып қалыптастырады.  

Сөз өнерпазы дауысының әдемілігі, кең тыныстылығы,  жағымдылығ үшін жанын  аямайды.  Сөзді  анық  түсінікті  ажыратып  айтуға,  гармониялық  келісім  тудыруға, сөйлемнің  ырғағын,  екпінін,  өлшеуін  өзгертіп  көркемдеп  түрлендіруге  күш  салады.  әнерлеп сөйлеу мәдениеті дегенде алдымен айтатын нәрсе әрбір сөйлемнің өз орайында  әр алуан ырғақты үн, тиісті әуені, музыкалық сазы болады. Сондықтан айтылған сөз бен  жазылған сөз тепе-тең бола алмайды. Әрбір сөзді, сөйлемді, сөз тіркесін айтылмақ ойдың  мазмұнына сәйкестиендіріп айту сөйлеу тілі мәдениетінің басты талабының бірі болмақ. 

Жұрт  алдында    ауызша    әдеби    тілде  сөйлеу  оңай  емес.  Айтайын  деген  ойын  қиыннан  қиыстырып,  өзінің тіліне жеңіл, тыңдаушыларының түсуінуіне оңай, көңіліне  қонымды   етіп  жеткізу  әр  насихатшыдан  үлкен  шеберлікті  талап  етері даусыз. Сөздің  майын   тамызатын шеберлік  пен  шешендік  әр насихатшының  еншісіне  тие  де бермеуі  мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет