Шешеннің пікірталас мәдениеті.
Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.
Пікірталас – жастарды көшбасшылыққа баулудың бір құралы да. «Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі-шешендік» - деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту – кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. Бірақ, жаңа заман талабы мұны талап етеді. Пікірталаста шеберлігіңді шыңдаудың да жолдары бар. Ол үшін түрлі пікірталас клубтарының сайыстарын көріп, тәжірибе жинаудың маңызы зор. Ал ең бастысы – білім екенін ұмытпаған абзал. Бұл орайда бірнеше тіл білу де жетістікке жетелейді. Тілді үйрену – ешқашан кеш емес. Кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікіріңді жеткізу – жеке тұлға ретіндегі беделіңді асырмаса, төмендетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |