Үйірменің мақсаты


Бағдарлама адамгершілік қағидаларға негізделеді



бет2/2
Дата14.03.2023
өлшемі36,14 Kb.
#74315
түріБағдарламасы
1   2
Бағдарлама адамгершілік қағидаларға негізделеді:

  • Мәдениеттілікке;

  • Жас ерекшеліктерін ескеруге;

  • Бейімділікке;

  • Педагог оқушылармен қатар олардың ата –аналарымен бірлесіп жұмыс істеуге;

  • Білім мен тәжірибені қатар жүргізуге негізделеді;

Үйірменің тұжырымдама негізі мектеп тұжырымдамасына сәйкес жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыны оқу-тәрбие үрдісінде қабылдаймыз. Әрбір оқушының өзін-өзі жетілдіруіне және дамуына жағдай жасалады. Үйірме жұмыстары оқушыларда жаңа қызығушылықты, танымды, ізденуді сонымен қатар теориялық және практикалық білімдерін кеңейтуге мүмкіндік туғызады.


Үйірме қызметін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыным ;
Үйірмедегі сабақ ізденушілік негізінде өткізіледі. Оқушыларға жеке тәжірибелік тапсырмалар беріледі. Оқушылар ізденушілік қабілеттерін қолдана отырып тәжірибе жасау ісіне шығармашылық көзқараспен қарауына, эстетикалық талғамын арттыруға, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәжірибе жасау арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпалын тигізеді.


Келісілген ТШО тұжырымдамасына сәйкес үйірме оқушылары мыналарды білу қажет:

  • Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды;

  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін;

  • Қызықты химиялық тәжірибелер жасауды;

  • Реагенттер мен жұмыс істеуді;

  • Химиялық заттарды қолдана білуді;

  • Жұмыс орнын таза ұстауды.


Оқу жұмыс жоспары





Тақырыптар

Теория

Практика

Барлық сағат саны


Кіріспе

2

-

2


Шытырман тәжірибелер

4



4

8


Заттардың химиялық формулалары және химиялық реакция теңдеулері.

6


12

18


Металдар белсенділігін салыстыру.



3



5



8


Қызықты химия. Есеп шығару.

2



2


4


Зат мөлшері.Моль

4

4

8


Стехиометриялық есептеулер

4

14

18


Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу

6

6

12


Адам өміріндегі химияның ролі

6

12

18

10.

Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы



8

2

10

11.

Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары

11



5

16

12.

Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары

16


6

22

13.

Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары



40



14



56

14.

Химиялық заттарды тұрмыста пайдалану

10



8



18


2 оқу жылы





Тақырыптар

Теория

Практика

Барлық сағат саны

1.

Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы



8

2

10

2.

Маңызды s-элементтер және олардың қосылыстары

13



4

17

3.

Маңызды d-элементтер және олардың қосылыстары

16


6

22

4.

Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары



40



10



50

5.

Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру



20



1



21

6.

Барлығы

97



23



120



1 оқу жылы


1 бөлім. Кіріспе. Химия пәні. Химиялық ыдыстар және құрал жабдықтар. Химия зертханасындағы техника қауіпсіздігі.


2 бөлім. Атомдағы электрондардың қозғалысы .Атомда электрондар ядродан арақашықтығы артқан сайын біртіндеп энергетикалық деңгейлер бойынша таралады. Әрбір электрон қабатында электрон саны нақты максимал мәннен аспайтынын түсіну s және р орбиталдарының пішінін білу.Алғашқы 20 химиялық элементтің электрондық конфигурациясын және электронды – графикалық формуларын жазу


3 бөлім. Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері.Заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу,элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару. Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар.


4 бөлім. Металдар белсенділігін салыстыру Металдардың белсенділік қатары. «Металдардың белсенділігін салыстыру». Кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу.Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау.
Есептерді екі түрлі жолмен шығаруды үйрену. Қышқыл ерітінділерімен әртүрлі металдардың реакцияларын зерттеу металдардың қышқылдармен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін құрастыру.


5 бөлім. Қызықты химия.Есеп шығару.Қызықты тәжірибелер жасау. Зат массасының сақталу заңына арналған есептер.


6 бөлім. Зат мөлшері Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Заттардың молярлық массасы Есеп шығару. Масса, молярлық масса және зат мөлшері арасындағы байланыс.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде мольді білу және Авогадро санын білу. Масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу.


7 бөлім. Стехиометриялық есептеулер .Химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару. Авагодро заңы.Молярлық масса.Газдардың салыстырмалы тығыздығы.Көлемдік қатынас заңы.Газдардың салыстырмалы тығыздығын және заттың молярлық массасын салыстырмалы тығыздығы.Газдардың қатысуымен жүретін реакциялар бойынша есептер шығаруда газдардың көлемдік қатынасын қолдану.


8 бөлім.Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу. Отынның жануы және энергияның бөлінуі. Экзотермиялық және Эндотермиялық реакциялар. Термохимиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер.


9 бөлім. Сутек. Оттек және озон. Сутек, алынуы, қасиеттері және қолданылуы. Оттек,алынуы,қасиеттері және қолданылуы.Сутек пероксидінің ыдырауы. Ауа құрамындағы және жер қыртысындағы оттектің пайыздық мөлшері


10 бөлім. Металдар мен бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Металдар мен бейметалдар химиялық элементтер және жай заттар. Металдармен бейметалдардың құрылысы және кристалдық торпларының ерекшелігі.Металдармен бейметалдар , олардың қосылыстарының қасиеттерінің период және топ бойынша өзгеруі.Металдармен бейметалдардың физикалық және химиялық қасиеттері.Металдардың электрохимиялық кернеу қатары.
11 бөлім.Маңызды S элементтер және олардың қосылыстары. Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі S элементтердің орны, атом құрылысының ерекшелігі, олардың металдық және тотықсыздандырғыш қасиеттерін салысытыру.

12 бөлім.Маңызды D элементтер және олардың қосылыстары. D элементтердің периодтық жүйедегі орны ,атом құрылысының ерекшелігі. Қазақстандағы мыс, мырыш, темір, хром және олардың қосылыстарының кен орындары. Коррозия.

13бөлім. Маңызды Р элементтер және олардың қосылыстары. Периодтық жүйедегі р–элементтердің орны, олардың атом құрылыстарының ерекшеліктері. Алюминий және олардың қосылыстары. Азот молекуласы құрылысы және қасиеттерінің ерекшеліктері. Аммиак, аммоний тұздары. Ортофосфор қышқылы және фосфаттар. Күкірт, оның оксидтері, қышқылдары, сульфаттар. Күкірт қышқылының қасиеттері. Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы, хлоридтер. Йод.


14 бөлім.Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру. Аммиак, азот қышқылын өндіру. Қазақстандағы силикат өндірісі.
ҚОЛДАНЫЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.М.Қ.Оспанова Қ.С.Аухадиева Т.Г.Белоусова Химия .Гуманитарлық– жаратылыстану бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық «Мектеп», 2019
2.М.Қ.Оспанова Қ.С.Аухадиева Т.Г.Белоусова Химия. Жаратылыстану-математикабағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық «Мектеп», 2019
3. Химиядан олимпиада есептері. К.Бекішев., - Алматы: “Мектеп”, 2002.
4.Шығарылған химия есептері Қ.Бекішев –Алматы: Қаржы –Қаражат,1997.
5.А.К.Мажибаев Органикалық химиядан есептер жинағы Алматы,2013жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет