57 жастағы пациентке жедел көмекті үйге шақыру. Шүйде тұсында қатты бас ауруына, айналуына, көзінің алдына шіркейлер ұшқандай болғанына шағым айтады. Анамнезінен бұл белгілер күннің екінші жартысында пайда болғаны белгілі болды. Бұл уақытқа дейін дәрігерге қаралмаған. Бас ауруы периодды түрде бірнеше жыл мазалаған, науқас оған мән бермеген, дәрігерлерге қаралмаған. Объективті: температура 36,4°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары боз. Тыныс везикулярлы. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы шекаралары бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа орналасқан. Жүрек тондары тұйық, аорта үстінен II тон акценті, жиілігі 92рет/мин. АҚ 200/110 мм сын.бағ. , пульс қатты 92рет мин. АҚ 200/110 мм сын.бағ.