4. Каогуляцияға қарсы ем - Гепарин 4 мың.бірлікте. в/і
5. Агрегацияға қарсы ем - аспирин 300 мг шайнау.
16
Триаж медициналық іріктеу жүйесі
Медициналық іріктеуге сәйкес пациенттер 3 топқа бөлінеді:
бірінші топ (қызыл аймақ) – өміріне тікелей қауіп төнетін немесе нашарлау қаупі жоғары және шұғыл медициналық көмекті талап ететін пациенттің жай-күйі;
екінші топ (сары аймақ) – өміріне әлеуетті қауіп төнетін немесе жағдайдың дамуымен өршуі мүмкін, шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттің жай-күйі;
үшінші топ (жасыл аймақ) – өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп жоқ және емдеуге жатқызуды талап етпейтін пациенттің жай-күйі.
17
Шақыртулардың жеделділік санаттары
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін ұйымдастыруминистрліктің № 225 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Бұйрық бойынша барлық шақыртулар 4 топқа бөлінеді.
Шақыртуларды қабылдау, қажетті деректерді анықтау, ақпаратты өңдеу және қажет бригадаға беру үшін оперативті топқа 5 минут беріледі.
топ - өміріне тікелей қауіп төніп тұрғандар науқастар. Оларға бару уақыты – 10 минут;
топ - жедел көмек көрсетілмесе ауыруы асқынып, өміріне қауіп төнетін науқастар.Оларға бару уақыты – 15 минут;
Топ көмек кешіктірілсе ауыруы асқынып, денсаулығына қауіп төнетін, мүгедек болып қалуы мүмкін науқастар.Оларға бару уақыты – 30 минут;
топ –созылмалы ауыруларының ауыр емес асқынулары, өміріне, денсаулығына тікелей қауіп жоқ науқастар.Оларға бару уақыты – 60 минут;
18
Дәрілік аллергия, клиникасы, диагностикасы
дәрілік заттардың әсерінен дамидыБұл заттарға антибиотиктер, қан плазмасының препараттары және оның белоктары,полипептидті заттар, антисептикалық, антиоксикалық сарысулар,новокаин, пероральды гипогликемиялық заттар, нейролептиктер, йод дәрілері жатады.
кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады.
Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершеңдік болады. Қүсу, жүрек айнуы, іштің үстама түрінде ауруы, диарея, өздігінен дәрет шығару - бүлар асқорыту жүйесі бұзылысының көріністері.