Жіті жүрек шамасыздығы, жүрек астмасының диагностикалық критерийлері. Жүрек шамасыздығы



бет30/33
Дата07.01.2022
өлшемі75,61 Kb.
#20375
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Емтихан предвар ответы-2

Ж: Пароксизмальды тахикардия

37

Науқас К., 38 жаста мынадай шағымдармен келді: бірден пайда болған төс арты ауыруы, ентігу, төсектен тұрмақ болған кезде пайда болатын қан түйіршіктері бар жөтел. 3 күн бұрын науқас геморраидальды қан кету себебінен операцияланған.

Обьективті: Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы диффузды көгерен. Дене температурасы 38°С. Мойын веналарының пульсациясы және ісінуі, тыныс алған кезде күшейетін эпигастральды пульсация байқалады. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекарасы: оң жаққа 1,5 см ығысқан. Жүрек жұмысы ырғақты, өкпе артериясында ІІ тон акценті. ЖСЖ 106 рет/мин., АҚ 100/75 мм с.б.б. Өкпеде- жауырын астында тыныс әлсіреген, майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ 24 рет/мин. Іші жұмсақ, ауырмайды. Бауыр қабырға доғасы астынан 2 см шығыңқы, пальпацияда ауырады.

ЭКГ: І тіркемеде S тісшесі терең; ІІІ тіркемеде Q тісшесі терең және Т тісшесі теріс; өту аймағы солға ығысқан; ІІІ, аVF, V1-2 тіркемелерінде Р тісшесі М- тәрізді деформацияланған, кеңейген. Оң жақ көкірек тіркемелерінде QRS комплексі rSR' тәрізді немесе rsR', М тәрізді көрініске ие, ал R'>r'. Сол жақ көкірек тіркемелерінде І, аVL-да S тісшесі кеңейген және ұзарған.

Науқастағы шұғыл жағдайды анықтаңыз

Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрастырыңыз, әр кезеңді негіздеңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет