35
|
58 жастағы Науқас Н., шүйде аймағының ауырсынуына, кеуде клеткасының сол жақ жартысының пышақ сұққандай ауырсынуына, жалпы әлсіздікке шағымданып қабылдау бөліміне келіп түсті. Артериялық гипертензиямен 5 жылдан бері зардап шегеді, қалыпты саны АД 150/80 мм.с.б.б. Гипотензивті препараттарды ретті қабылдамайды.
Объекивті: жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Беті гиперемияланған. Жүректің салыстырмалы шекарасы сол жаққа 1,5 см ығысқан. Жүрек жұмысы ритмді, аорта үстінде ІІ тон акценті; жүрек түрткісінде - әлсіз систолалық шум, сырыл жоқ. ТАЖ - 22 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Перифериялық ісінулер жоқ. ЭКГ: V5-6 да R тісшесінің амплитудасы және V1-2 де S тісшесінің амплитудасы жоғарылаған, R1 = 25мм, V5-6 , I, а VL тіркемелерінде RS-T сегменті изолиниядан төмен ығысқан, V5-6 , I, а VL тіркемелерінде Т тісшесі екі фазалы.
Науқастағы шұғыл жағдайды анықтаңыз
Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрастырыңыз, әр кезеңді негіздеңіз.
|