30
|
Науқас Т., 38 жас, төс артының ұстамалы интенсивті ауырсынуымен жедел жәрдем арқылы жеткізілген , 5сағат бұрын таңертең басталған. 3айдан бері жүрек тұсының интенсивті ауырсынуы түнгі уақытта мазалаған, көбінесе ерте таңғы уақытта пайда болып, 15-20минуқа созылады. Күндіз ауырсыну мазаламайды.
Обьективті : жағдайы орташа ауырлықта . Тері түсі қалыпты түсте. Жүрек соғуы ритмді. ЖСЖ 60ретминутына АҚҚ 120/70 мм с.б.б. Өкпесінде везикулалық тыныс , сырылдар жоқ. ТАЖ 22 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр және көкбауыры ұлғаймаған.
ЭКГ ұстама кезінде түсірілді. II,III,AVF тіркемелерінде ST сегменті 2мм ге дейін жоғарылаған. қайталап ЭКГ түсіргенде патологиялық өзгерістер тіркелмеген.
Науқастағы шұғыл жағдайды анықтаңыз
Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрастырыңыз, әр кезеңді негіздеңіз.
|