5. Асқынулары 5.1.Өкпелік: өкпе эмфиземасы, ателектаз, пневмоторакс, өкпе шамасыздығы, астмалық статус т.б 5.2.Өкпеден тыс: өкпетекті жүрек, миокардтың дистрофиясы, жүрек шамасыздығы, т.б. - 1)бронхтық-обструкция (экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, қүрғақ ысқырық сырылдар, ӨТС-ның, тездетілген өкпенің тіршілік сиымдылығының (ТӨТС),Тиффно көрсеткішінің төмендеуі, пневмотахометриялық мәліметтерден — тыныс шығарудағы бронхтық кедергінің күшеюі);
- 2) қабыну (қызудың көтерілуі, қақырық бөлінуі, ЭТЖ-ның жоғарылауы, формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, интоксикациялық белгілер);
- 3) аллергиялық (аллергенмен жүғысқанда болатын ұстама; есекжем, қышыну, белгілі бір тағамның немесе дөрінің жақпауы; терілік және ингаляциялық оң сынамалар; эозинофилия; қақырықта бронхтық астманың "үштігі", лимфоциттердің дегрануляциясы; дисиммуногло- булинемия; қан мен несепте биологиялық белсенді заттардың — гистаминнің, серотониннің, брадикининнің көбеюі).
- Астманың өршу кезінде қанда эозинофилияның болуы, атопиялық түрінде ІgЕ деңгейінің жоғарылауы анықталады.
- Қақырықта астма "үштігі" — Куршман шиыршықтары (ұсақ бронхтардың кілегейлік таңбалары), Шарко-Лейден кристалдары (эозинофильдердің ыдырауы нәтижесінен пайда болатын заттар) жөне көп мөлшердегі эозинофильдер табылуы мүмкін.
- Бронхтық астманың сатылы емі
- I саты (интерметтеуші астма, эпизодтық түрі):
- - қысқа әсерлі ингаляциялық бронходилататорлар;
- - аллергенмен жанасар алдында немесе дене қызметінен бұрын ұзақ әсерлі симпатомиметиктер немесе интал;
- - аллергендермен жанасудан аулақ болу.
- ІІ саты (жеңіл персистеуші астма):
- - профилактикалық дөрмектерді (интал, интал-плюс, дитек, тайлед, задитен) үзбей қолдану;
- - бұлар әсер етпесе немесе емнің басынан — ингаляциялық стероидтар 200-500 мкг/теул., қажет болса — 750-800 мкг/тәул.;
- - қысқа өсерлі симпатомиметиктер (мұқтаж болғанда күніне 3 реттен асырмай немесе ингаляциялық глюкокортикоидтардың алдында 5-7 минут бұрын);
- - түнгілік ұстамалар болғанда үзақ әсерлі бронхолитиктер (теофиллин) немесе симпатомиметиктер (инталды ингаляциялық стероидтармен бірге қолдануға болады).
Достарыңызбен бөлісу: |