Жіті респирациялық аурулар жедел және созылмалы бронхит. Фарингит



бет11/11
Дата07.02.2023
өлшемі488 Kb.
#65915
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жіті респирациялы? аурулар жедел ж?не созылмалы бронхит. Фаринги

5. Асқынулары
  • 5.1.Өкпелік: өкпе эмфиземасы, ателектаз, пневмоторакс, өкпе шамасыздығы, астмалық статус т.б
  • 5.2.Өкпеден тыс: өкпетекті жүрек, миокардтың дистрофиясы, жүрек шамасыздығы, т.б.
    • 1)бронхтық-обструкция (экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, қүрғақ ысқырық сырылдар, ӨТС-ның, тездетілген өкпенің тіршілік сиымдылығының (ТӨТС),Тиффно көрсеткішінің төмендеуі, пневмотахометриялық мәліметтерден — тыныс шығарудағы бронхтық кедергінің күшеюі);
    • 2) қабыну (қызудың көтерілуі, қақырық бөлінуі, ЭТЖ-ның жоғарылауы, формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, интоксикациялық белгілер);
    • 3) аллергиялық (аллергенмен жүғысқанда болатын ұстама; есекжем, қышыну, белгілі бір тағамның немесе дөрінің жақпауы; терілік және ингаляциялық оң сынамалар; эозинофилия; қақырықта бронхтық астманың "үштігі", лимфоциттердің дегрануляциясы; дисиммуногло- булинемия; қан мен несепте биологиялық белсенді заттардың — гистаминнің, серотониннің, брадикининнің көбеюі).
    • Диагностикасы
    • Астманың өршу кезінде қанда эозинофилияның болуы, атопиялық түрінде ІgЕ деңгейінің жоғарылауы анықталады.
    • Қақырықта астма "үштігі" — Куршман шиыршықтары (ұсақ бронхтардың кілегейлік таңбалары), Шарко-Лейден кристалдары (эозинофильдердің ыдырауы нәтижесінен пайда болатын заттар) жөне көп мөлшердегі эозинофильдер табылуы мүмкін.
    • Бронхтық астманың емі
    • Бронхтық астманың сатылы емі
    • I саты (интерметтеуші астма, эпизодтық түрі):
    • - қысқа әсерлі ингаляциялық бронходилататорлар;
    • - аллергенмен жанасар алдында немесе дене қызметінен бұрын ұзақ әсерлі симпатомиметиктер немесе интал;
    • - аллергендермен жанасудан аулақ болу.
    • ІІ саты (жеңіл персистеуші астма):
    • - профилактикалық дөрмектерді (интал, интал-плюс, дитек, тайлед, задитен) үзбей қолдану;
    • - бұлар әсер етпесе немесе емнің басынан — ингаляциялық стероидтар 200-500 мкг/теул., қажет болса — 750-800 мкг/тәул.;
    • - қысқа өсерлі симпатомиметиктер (мұқтаж болғанда күніне 3 реттен асырмай немесе ингаляциялық глюкокортикоидтардың алдында 5-7 минут бұрын);
    • - түнгілік ұстамалар болғанда үзақ әсерлі бронхолитиктер (теофиллин) немесе симпатомиметиктер (инталды ингаляциялық стероидтармен бірге қолдануға болады).


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет