ФАРИНГИТ (ГРЕК. PHARYNX — ЖҰТҚЫНШАҚ) ЖОҒАРЫ ТЫНЫС ЖОЛДАРЫНЫҢ ЖЕДЕЛ ҚАБЫНУЫМЕН СИПАТТАЛАДЫ. ЖҰТҚЫНШАҚТЫҢ КІЛЕГЕЙ ҚАБЫҒЫНЫҢ ҚАБЫНУЫ. ФАРИНГИТ ЖЕДЕЛ РЕСПИРАТОРЛЫ АУРУЛАРДАН, ТҰМАУДАН, ТАҒЫ БАСҚА ЖҰҚПАЛЫ ИНФЕКЦИЯЛЫ АУРУЛАРДЫҢ ӘСЕРІНЕН БОЛАДЫ. ЖИІ ӨЗДІГІНЕН ПАЙДА БОЛАДЫ (АУЫЗБЕН ТЫНЫС АЛУ,ТЕМЕКІ ШЕГУ,КӘСІБИ ЗИЯНДЫЛАР Т.Б.).
АНАТОМИЯСЫ
ЖҰТҚЫНШАҚ-АСҚОРЫТУ ТҮТІГІ МЕН ТЫНЫСАЛУ ЖОЛДАРЫНА ҚАТЫСАДЫ.ОЛ БАССҮЙЕК НЕГІЗІНЕН VI-VII МОЙЫН ОМЫРТҚАЛАРЫНА ДЕЙІН СОЗЫЛҒАН. ЖҰТҚЫНШАҚ ҚАБЫРҒАЛАРЫ 4 ҚАБАТТАН ТҰРАДЫ:
КЕЙДЕ ЖҰТҚЫНШАҚҚА ӘР ТҮРЛІ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕР ЕТУІНЕН (МЫСАЛЫ, АУЫЗ АРҚЫЛЫ СУЫҚ АУАМЕН ДЕМАЛҒАНДА НЕМЕСЕ ҚАТТЫ СУЫҚТА СӨЙЛЕСКЕНДЕ, СОНДАЙ-АҚ ӨТЕ ЫСТЫҚ НЕ ӨТЕ СУЫҚ ТАҒАМ ЖЕГЕНДЕ) ДАМИДЫ. СОНДАЙ-АҚ ФАРИНГИТТІҢ ДАМУЫНА АУАНЫҢ ӨТЕ ҚҰРҒАҚ БОЛУЫ, ТЕМП-РАНЫҢ КҮРТ ӨЗГЕРУІ, АУАДАҒЫ ШАҢ-ТОЗАҢ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ЗАТТАРДЫҢ ҚАЛЫПТЫ МӨЛШЕРДЕН КӨП БОЛУЫ ДА ҮЛКЕН ӘСЕР ЕТЕДІ. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ФАРИНГИТ (СТРЕПТОКОКК,СТАФИЛОКОКК,ПНЕВМОКОКК ЖӘНЕ ВИРУСТАР).
Фарингиттің екі түрі бар. Жедел Фарингит көбінесе жұқпалы болады. Бұл кезде жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарып ісінеді. Науқас адамның тамағы құрғап, жыбырлаған сияқты, бір нәрсе кілегей қабыққа жабысып тұрғандай сезінеді. Дене температурасы қалыпты болады. Егер Фарингиттің жедел түрін дәл уақытында емдемесе, ол созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде жұтқыншаққа өте көп мөлшерде қақырық жиналады, соның салдарынан ауру адам үнемі жөтеліп, қақырық тастайды, әсіресе бұл таңертеңгілік мезгілде байқалады. Кейде көп жөтелгеннен науқастың жүрегі айнып, құсуы да мүмкін. Фарингиттің созылмалы түрінің дамуына созылмалы тұмау, тонзиллит, мұрын қуысының іріңді қабынуы, тіс кариесі, организмде зат алмасу процесінің бұзылуы, жүрек, бауыр және бүйрек аурулары себеп болады