Жүйе ретінде э к о н о м и к а л ы қ т е о р и я f 2 2


Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ)



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата04.11.2022
өлшемі264,96 Kb.
#47619
1   2   3   4
Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – бұл елдің экономикалық қызметінің жалпы нәтижелері туралы
көрсеткіштерді алу үшін құрылатын кестелер мен есепшоттар түріндегі өзара байланысқан
статистикалық көрсеткіштердің жүйесі. ҰШЖ-н алғаш рет американдық экономист, Нобель
сыйлығының иегері (1901-1985) Саймон Кузнец жасаған. Өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастап
ол Біріккен Ұлттар Ұйымымен мақұлданып, барлық елдерге стандартты жүйе ретінде ұсынылды.
ҰШЖ-не кіретін әртүрлі көрсеткіштер ұлттық өндірістің деңгейін белгілі бір уақыт мезетінде
өлшей, экономиканың қызмет етуіне әсер ететін факторларды ашып көрсете және экономиканың
болашақтағы даму үрдістерін анықтай алады, мемлекеттің экономикалық саясатын
қалыптастыруға және оны жүргізуге мүмкіндік береді. 
ҰШЖ құрамында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) аса маңызды көрсеткіш болып табылады. ЖІӨ – бұл бір
жыл ішінде белгілі бір елдің территориясында өндірілген соңғы тауарлар мен қызметтердің
нарықтық ақшалай құны.


P A G E 0 9
ЖІӨ-д есептеуд ң нег зг үш әд с бар:
Қосылған құн әдісі. Қосылған құн көрсеткіші ЖІӨ-де қос есептеуді болдырмайды. Ол дайын
игіліктерді сату құны мен материалдарды, шикізаттарды, құрал-жабдықтарды, басқа да
ресурстарды сатып алу құны арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Басқаша айтқанда,
қосылған құн – бұл фирманың басқа фирмалардан сатып алып тұтынған шикізаттары мен
материалдардың құнын алып тастағандағы өнімінің нарықтық бағасы. Елдегі барлық
фирмалардың өндірген қосылған құндарын қосу арқылы ЖІӨ-ді анықтауға болады, яғни ол соңғы
нәтижесінде шығарылған тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын сипаттайды. 
Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептеу. Шығындар негізінде ЖІӨ-ді есептеу кезінде ұлттық
экономика масштабындағы барлық экономикалық субъектілердің шығындары есепке алынады: 
1.
2.
1) Үй шаруашылықтарының тұтынушылық шығындары (C). 
2) Фирмалардың жалпы жеке инвестициялары (I). 
3) Мемлекеттік шығындар (G). 
4) Таза экспорт (NX). Осы шығындар ЖІӨ көлемін (Y) құрайды және ол жылдық өндірістің нарықтық
бағасын көрсетеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет