Жүйелі оқытуға бейімделу


Қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі



бет4/5
Дата01.10.2023
өлшемі20,73 Kb.
#112200
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қабылдау деңгейін анықтау. «Не жетпейді?» әдістемесі
Оқушының қабылдау ерекшелігін анықтау мақсатында « Не жетпейді ? » әдістемесі алынды, 1А сыныбы бойынша жоғары деңгейді - 3 оқушы – 14%, орта деңгейді – 16 оқушы – 76% көрсетті. Төмен деңгей көрсеткен 2 оқушы– 10% анықталды. Әдістеме нәтиесі бойынша оқушылардың қабылдау ерекшелігі орта деңгейде. 1 «Ә» сыныбы бойынша жоғары деңгейді - 15 оқушы – 62%, орта деңгейді – 9 оқушы – 38% көрсетті. Төмен деңгей көрсеткен оқушы анықталмады. Әдістеме нәтижесі бойынша оқушылардың қабылдау ерекшелігін ортадан жоғары деңгейде. 
«Үйшік» әдістемесі
Оқушылар зейінінің ырықтылығын және кеңістікті қабылдауының қалыптасу деңгейін зерттеу мақсатында «Үйшік» әдістемесі алынды. Әдістеменің нәтижесі: 1 «А» сынып жоғары – 5 оқушы – 24%, орта – 14 оқушы – 66%, төмен – 2 оқушы – 10% деңгейді көрсетті. 1 «Ә» сыныбы бойынша: жоғары – 9 оқушы – 38%, орта – 13 оқушы – 54%, төмен – 2 оқушы – 8% деңгейді көрсетті.


«Баспалдақ» әдістемесі
Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында «Баспалдақ» әдістемесі алынды, 1А сыныбы бойынша жоғары деңгейді –8 оқушы - 38%, орта деңгейді – 10 оқушы – 48% көрсетті, төмен 3 оқушы- 14%. 1 «Ә» сыныбы бойынша жоғары деңгейді –11 оқушы - 45%, орта деңгейді – 11 оқушы – 45% көрсетті, төмен 2 оқушы- 10%. Әдістеме нәтижесінде екіс сыныптағы оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейі ортадан жоғары деңгейді көрсетті


Мектеп мотивациясын анықтау.
Мектепке мотивация деңгейін анықтау мақсатында «М.Р.Гинзбургтың оқу түрткісін зерттеу» әдістемесі алынып, 1 «А» сыныбы бойынша жоғары деңгейді -10 оқушы - 48%, орта деңгейді – 9 оқушы – 43%, төмен деңгейді – 2 оқушы - 9% көрсетті. 1а сынып оқушыларының мектепке деген қөзқарастарыны, мотивациясы ортадан жоғары деңгейде. 1 «Ә» сыныбы жоғары деңгейді -13 оқушы - 54%, орта деңгейді – 9 оқушы – 38%, төмен деңгейді – 2 оқушы - 8% көрсетті. Жалпы сыныптағы оқушылардың мектепке деген қөзқарастары, оқуға деген мотивациясы орта деңгейде. 
Қорытындылай келе, 1 сынып жетекшілері мен ата-аналар бірлесіп, төмен ұпай алған оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу, тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді күшейту қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, оқушылардың зейінін дамыту үшін көптеген көрнекіліктермен сабақтар өткізу олардың қабылдауын және есте сақтауын арттыру туралы сынып жетекшілермен әңгіме, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет