Негізгі патологиялық ошақ – көбінесе мидың «жас» бөлімдерін, ерікті қозғалыстарды, сөйлеуді сонымен қатар басқа да әрекеттерді реттейтін мидың үлкен жарты шарлары зақымданады. Негізгі клиникалық синдромы – қимыл-қозғалыс бұзылыстары.
Мидың зақымдану аймағына қарай БЦС түрлері (Семенова К.А. бойынша):
1) Сіреспелі диплегия (Литтл ауруы, параплегия) – мидың аяқ-қол қимыл-қозғалысына жауап беретін аймақтардың зақымдануымен сипатталатын жиі кездесетін түрі.
2) Сіреспелі гемиплегия – қимыл-қозғалысқа жауап беретін мидың бір жарты шарының қыртыс және қыртысасты құрылымдарының зақымданумен сипатталады.
Ми жарақаты (соғылуы), ми шайқалуына қарағанда, әр деңгейде білінетін ошақтық неврологиялық симптомдармен сипатталады.
Ми қысылуы көбінесе бас сүйек қуысына қан құйылудан (бас сүйек іші гематомасы) немесе мидың кенеттен ісінуінен, кейде бас сүйектерінің миды ығыстыруынан, сирегірек қатты қабық астына қан құйылудан пайда болады.
Эпидуралдық гематомалар мидың қатты қабығы мен сүйектер арасынга қан құйылуынан (50-70 мл) пайда болып, 0,4-10% жағдайларда кездеседі
АШЫҚ бас сүйек-ми жарақаттары
Остеомиелит – сүйек миында болатын инфекциялық қабыну процесі
Бас сүйек-ми жарақаттарының аралық және алшақтанған кезеңдерінде вегетативтік дистония синдромы өте жиі байқалады.
Бас сүйек-ми жарақатының жиі кездесетін зардаптарының бірі – гидроцефалия (мидың сулануы).
Гидроцефалия дегеніміз – ми-жұлын сұйығының шамадан тыс қатты тасып, басқа құйылып жиналуынан пайда болатын ауру
Микроцефалия – гректің «микро» - «кішкентай» және «цефал» - «бас» сөздерінен бірігіп, бас сүйегі мен миы жетілмей қалған деген ұғымды білдіреді. Микроцефалия ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жатады