Құрылыс өндірісінде құрылыс машиналары мен жүккөтергіш механизмдер кеңінен қолданылады. Құрылыс машиналары түрлеріне қарай және атқару қызметтеріне қарай жіктеледі.
Құрылыс өндірісінде құрылыс машиналары мен жүккөтергіш механизмдер кеңінен қолданылады. Құрылыс машиналары түрлеріне қарай және атқару қызметтеріне қарай жіктеледі.
Құрылыс өндіріс технологиясы дегеніміз құрылыс материалдарын дайындау шикізат және құрылыс өнімдерін өндіретін әдістерді айтамыз.
Құрылыс өндірісінің технологиясы құрылыс пен ғимараттарды салу және құрылыс процестерінің технологиясынан тұрады.
Жүк көтергіш машиналары
Құрылыс өндірісінде жүк көтергіш машиналар кеңінен қолданылады. Әртүрлі үймереттер мен ғимараттарды тұрғызған кезде олардың көмегімен құрылыс материалдар мен жекелеген бөлшектерді, қабырғалық қоршаулар мен төбе жабындарын беріп, іріблокты және іріпанельді
тұрғын үйлерді, өндірістік ғимараттарды темірбетон және металл құрылымдарын құрастырады, өндірістік кәсіпорындардың жабдықтарын тасымалдап құрастырады, материалдар мен құрылымдар қоймасында тиеп-түсіру жұмыстарын атқарады, құрылыс индустриясы кәсіпорындарының алаңдарында өндірістік үрдісті қамтамасыз етеді және т.с.с.