|
Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі
|
1
|
Керекті құрал-жабдықтарды дайындады
|
Керекті құрал-жабдықтары дайындады: Тасымалдауға арналған (стандартты) 3 Крамер шинасы, мақта-дәке, қайшы, қолданылған заттарға арналған пластик пакет, бинттер (орташа, жалпақ), медициналық мақта, мәрлі, жамылғы, лейкопластырь
|
2
|
Зақымдалған жерге орташа физиологиялық қалып берді
|
Шина салмас бұрын зақымдалған жерге орташа физиологиялық қалып берді, егер бұл қалып мүмкін болмаса, жарақат алған аймақ аз зақымдалатын қалып беру қажет. Ол үшін аяқты сәл ұршық буыныда және тізе буынында сәл бүгеміз, табан сираққа қатысты 90° бұрышта болуы керек.
|
3
|
Шинаны зақымдалған аяқтың размеріне сейкестендірді
|
Шина салмас бұрын зақымдалған аяқтың размерін өлшеп алды. Шинаны сау аяқта өлшейді (3 буынды табансирақ, тізе және жамбас буынын қамтиды). Бірінші шинаны табан саусақтарының ұшынан бастап, сирақтың артқы беткейінен шап қатпарына дейін қалыпқа келтірді.
|
4
|
Қысқа шинаны қалыпқа келтіріп дайындады
|
Аяқтың ішкі жағы бойынша қысқа шинаны қалыпқа келтірді, оның ұзындығы шап қатпарынан табанға дейін болуы керек.
|
5
|
Ұзын шинаны қалыпқа келтіріп дайындады
|
Ұзын шинаны қолтық астынан, табанына дейін дененің және аяқтың сыртқы жағынан қалыпқа келтіріп жасады.
|
6
|
Қолтық астына мақта-дәкеден жасалған валик қойды
|
Қолтық астына мақта-дәкеден жасалған валик қойды
|
7
|
Аралық аймағына мақта- дәкеден жасалған валик қойды
|
Аралыққа мақта- дәкеден жасалған валик қойды
|
8
|
Сүйек шығып тұрған жерлерге мақатадан төсеме салды
|
Сүйек шығып трұған жерлерге (тобық, тізе буыны, үлкен ұршық және мықын сүйектің қанаттарына) некроз және қысылудың алдын-алу мақсатында мақтадан төсеме салды.
|
9
|
Шинаны бекітті
|
Алдыңғы қабаты екіншісінің жартысын жауып тұратындай етіп бинтпен тығыздап орап шинаны бекітті.
|
10
|
Келесі қадамды анықтады
|
Жағдайының ауырлығына байланысты науқасты стационарға немесе амбулаторлы емге бағыттады
|