|
Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі
|
1
|
Қажетті құралдарды дайындады
|
Қажетті құралдарды дайындады: стерильді қолғап; пинцет 2 дана; дәке шариктер–5дана; стерильді дәке салфеткалар; құтыдағы «70%-спирт ертіндісі», «5% спирт йод ертіндісі»/ «3% сутегі асқын тотығы»; бинттер, пластырь; қолданған құралдарға арналған лоток; қайшы
|
2
|
Стерильді қолғапты киді
|
Стерильді қолғапты кию техникасы:
Стерильді қаптағы қолғапты алып, қапшығынан ашамыз;
Оң жақ қолдың қолғабын қайрылған жерінен саусақпен қолғаптың ішкі бетіне тигізбейтіндей ұстау керек;
Оң қолдың саусақтарын жинап қолғап ішіне кіргіземіз;
Қолғапты қайрылған жерін бұзбай киіп, оң қол саусақтарымызды ашамыз;
Сол қолдың қолғабын, оң қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен қайрылған жерінен қолғаптың ішкі бетіне саусақтарын тимейтіндей етіп аламыз;
Сол қолдың саусақтарын жинап қолғапқа кіргіземіз;
Қолғаптың қайрылған жерін бірінші сол жақта, содан кейін оң жақта қалпына келтіреміз.
|
3
|
Жараның шетіндегі терісін өңдеді
|
Жараның шетіндегі терісін орталығынан сыртқа қарай стерильді дәке шарикпен 70% спирт ертіндісімен немесе 5% йодтың спиртті ертіндісімен ішкі жараға жанаспай өңдейміз.
|
4
|
Қалдық заттарды жарадан алу
|
Беткей жатқан бөгде заттарды аламыз.
|
5
|
Жараны стерильді дәке шарикпен шайды
|
Стерильді дәке шарикті 3% сутегі асқын тотығына малып
(фурацилина, бетадина ертіндісімен ж/е т.б) жараны шайды
|
6
|
Қолданылған құралдарды және материалдарды лотокқа салды
|
Әрбір қолданған барлық құралдарды лотокқа (дезинфекцияға арналған ыдысқа) салды
|
7
|
Жараны стерильді салфеткамен жапты
|
Жараны 3 қабатты стерильді салфеткамен жапты
|
8
|
Таңғышты салды
|
Таңғышты салу техникасы:
Салған таңғыштың ауыру сезім тудырмайтынын бет әлпетінен қарап тұратындай науқастың алдын қарап орналасты.
Таңғыш салынатын дене бөлігін, таңғыш салғаннан кейінгі қалыпта болатындай орналастыр.
Бинттеуде бірінші бекітуді екі турмен баста
Бинттеу төменнен жоғары қарай болады, бір қолмен бинтті айналдырып ашып отырып, ал екінші қолмен байламды бекітіп ұстап жайылатын бинт жолын түзетіп тұр
Бинтті бір бағытта ғана ашып, әрбір айналған бинт алдыңғы айналымның жартысын жабатындай етіп немесе ол енінің үштен екісін жауып тұру қажет.
|
9
|
Таңғышты бекітті
|
Бинттің түйіншегін жараға қарама қарсы бетте немесе науқасты мазаламайтын жағына байла немесе пластырьмен бекіт.
|
10
|
Науқастың маршрутын анықтады
|
Науқасты жағдайына қарай ауруханаға немесе амбулаторлы емге жібер
|