Жүкті тиеу мен түсіру тасымалдау жұмыстарының қауіпсіздігі



Дата07.11.2022
өлшемі1,71 Mb.
#48095
түріРегламент
Байланысты:
Тиеу және түсіру жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік талаптары

Жүкті тиеу мен түсіру тасымалдау жұмыстарының қауіпсіздігі

Жүктерді тасымалдау тек өз құрылысы, мақсаты және техникалық жай-күйі бойынша қауіпсіз және нақты жүкті сақтаулы тасымалдау үшін арналған жылжымалы құраммен жүзеге асырылады. Жүк жөнелтуші жүктің деңгейі мен қауіптілігіне қарай Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес қауіпті жүктерді белгілі сыныпқа, кіші сыныпқа, санатқа және топқа жатқызады. Жүк жөнелтушілер жүктерді, сондай-ақ қауіпті жүктерді ыдыста және орамда тасымалдауға ұсынуы тиіс. Қауіпті жүктерді бүлінген немесе тығындары ашық (жапқыш, люктер) ыдыста тасымалдауға тыйым салынады. Қауіпті жүктерді апару, тиеу, түсіру (жүк түсіру) сақтау және тасымалдау қауіпсіздігі авариялық жағдайлар және олардың зардаптарын жоюға темір жол бөлімшелерінің қажетті құралдар мен мобильдік бөлімшелердің болуымен қамтамасыз етіледі. Қауіпті жүктерді тасымалдау процесі кезінде авариялық жағдай туындаған кезде тасымалдау процесіне қатысушылар көрсетілген бөлімшелердің авария болған орнына дер кезінде жіберілуін қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын болдырмайтын шаралар мен құралдарды жете зерттеп жетілдіру болып табылады. Жарақаттануды болдырмаудың шаралары деп оның себептерін жою шараларын, яғни ұйымдастыру, ұйымдастыру-техникалық, техникалық, санитарлық-техникалық себептерді және жұмысшының жеке басының психикалық –физиололгиялық факторларына байланысты себептерді жоюдың шараларын айтады. Қауіпті аймақтар мен жұмыс орнындағы адамның жарақат алуына ыңғайлы жерлерді айтамыз. Мысалы: машиналардың қозғалыстағы бөлшектері, ток жүріп тұрған ашық электр сымдары, жүк көтергіш крандар жұмыс істейтін жерлер, тіпті мал шаруашылығында-күтімдегі машиналар. Қауіпті аймақтарда адамдардың жарақат алуын болдырмау үшін: Жұмысшыны ол жерге барғызбау керек; ол үшін қауіпті аймақты қоршау және қашықтықтан басқаруды ұйымдастыру қажет; Машиналар мен механизмдерді жаракты күйде ұстау қажет; Жұмысшының ол жерде қатаң тәртіп сақтауы қажет. Ол үшін жұмысқа рұқсат етудің белгіленген талаптары орындалуы керек, жұмысшыларды қауіпсіздік техникасына оқыту керек, жұмыс орнында ескерту плакаттарын, қауіпсіздік белгілерін іліп, жарық және дыбыс белгілерін пайдалану қажет. Мысалы, машинаны жүргізер алдында белгі берілуі тиіс.

Тиеу және түсіру жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік талаптары Жүктерді тиеу және түсіру, автомобильде оларды және тенттерді бекіту, сондай-ақ автомобильдердің, тіркемелердің және жартылай тіркемелердің ернеулерін ашу және жабу жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың немесе мамандандырылған ұйымдардың (базалар, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру лектері, жүк терминалдары және басқалар) күштерімен және құралдарымен осы Ережені және техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізушілер, тасымалдау шартында қосымша шарттар болған кезде және осындай шарт ұжымдық немесе жеке еңбек шартында болған кезде ғана орындауы мүмкін.Жүргізуші автокөлік құралында жүктер мен тенттердің қойылуы және бекітілуінің мықтылығы жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жүктердің сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексеруге, ал жүк пен тенттердің қойылуы мен бекітілуінде бұзушылықтар табылған жағдайда, тиеу жұмыстары үшін жауапты тұлғадан оларды жоюды талап етуі тиіс.Тиеу-түсіру жұмыстары, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізетін ұйымның басшысы тағайындаған жауапты тұлғаның басшылығымен орындалады.Массасы (бір орын) еркектер үшін 20 кг және әйелдер үшін 10 кг жүктерді олардың келісімімен тиеу мен түсіруді қоспағанда, жүктерді тиеу және түсіру жүк тиеушілер ретінде автокөлік құралдарының жүргізушілерін пайдалануға рұқсат етілмейді. Тиеу-түсіру жұмыстары әдетте, механикалық тәсілмен, крандардың, тиегіштердің және басқа жүк көтергіш құралдардың көмегімен, ал көлемдері шамалы кезде шағын механикалық құралдармен орындалады.Массасы елу килограмнан артық жүктерді тиеу (түсіру) үшін, сондай-ақ жүктерді 1,5 м артық биіктікке көтеру кезінде механизация құралдарын пайдалану қажет.

Жүк тасымалдау дегеніміз оларды шығарылатын жеріне тұтыну орындарына дейін жеткізуді білдіреді. Жүк тасымалы өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жұмысын оларды пайдаланатын салада жалғастыруды және аяқтауды көздейді, олар осыдан кейін ғана пайдалануға дайын болады.

Тасымалдау шартының негізінде жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасу жүргізіледі. Тасымалдаудың жалпы талаптары көлік туралы заң актілерімен, өзге де заң актілерімен және оларға сәйкес шығарылған ережелер мен белгіленеді. Жүктерді, жолаушыларды және теңдеме жүкті көліктің жекелеген түрлерімен тасымалдау талаптары, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен және көлік туралы заң актілерімен, оларға сәйкес шығарылған ережелерде өзгеше көзделмесе тараптардың келісімімен тасымалдау шарты жүзеге асырылады.

Жүктерді тасымалдау шарты бойынша бір тарап, яғни тасымалдаушы, басқа тараптың яғни жүк жөнелтушінің сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе белгіленген тарифке сәйкес жүк тасымалдаушыға ақы төлеуге міндеттенеді.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет