4.1.1.1 - Музыкалық көркемдеуіш құралдардың көмегімен әуеннің көркемдік образдарын анықтау;
4.2.1.1 – Музыкалық шығарманың дыбысталуын түрлі орындауда тыңдатып анықтау;
Сабақтың мақсаты:
Музыка судың және бұлақтың көріністерін бейнелей алатыны туралы жалпылай біледі
Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Оқушылар бір-бірімен 3 тілде сәлемдеседі.
Шаттық шеңбері: /психологиялық ахуал/ балалар бір-біріне жақсы сөздер айту арқылы сәттілік тілейді
Топтарға бөлу.
Бір-бірімен
Сәлем! Hello! Привет! деп сәлемдесу
Таратылған стикер бойынша топтарға бөлінеді.
Қалыптастырушы бағалау: жақсы, жарайсың!, тамаша
стикер
Сабақтың ортасы 20 минут
Сабақтың соңы
7 минут
1-тапсырма. Тыңдау, талдау және орындау. Бейнетаспадан «Еділ мен Жайық» (сөз. Ж.Молдағалиев, ән. І.Жақанов) әнін тыңдап, мазмұнын топпен сұрақтарға жауап беру.
-Ән не туралы айтылады? Неге Еділ мен Жайықты егіз өзендер деп атайды?
-Әуеннің сипаты қандай?
-Ән қандай көңіл күйді білдіреді?
-Әнді талап бойынша үйрен мәнерлеп орында.
2-тапсырма. Тыңдау және талдау Влтава (симфониялық поэмасынан үзінді)
Мәліметтер оқылып өтеді Бедржих Сметана (1824-1884) атақты чех композиторы, дирижёр. Ол Чехияның ұлттық композиторлар мектебінің негізін қалаушы. Өз шығармаларында ең алғаш рет чех халқының өмірін сипаттаған және халық әуендерін пайдаланған.
Композитор шығармасын Чехия еліндегі ең әдемі өзендердің бірі – Влтаваға арнаған. «Влтава» симфониялық поэмасы бағдарламалық музыкағажатады
Оқушылар мына сұрақтарға жауап береді:
-Композитор шығармасында қандай өзенді суреттеген?
-Шығарманы тыңдағанда көз алдыңа нені елестеттің?
-Шығармадағы өзеннің пузыкалық бейнесі қалай әсер етеді?
Біздің облыста қандай өзендерді білесіңдер?
Бағдарламалық музыка дегенді қалай түсінесің?
Г.Свиридовтың «Время, вперед!» бағдарламалық шығармасын есіңе түсір.